1. Математикаға оқыту әдістері және олардың классификациясы



бет2/2
Дата05.10.2022
өлшемі15,79 Kb.
#41435
түріПрограмма
1   2
5.4 Эвристикалық әдіс.
Оқытудағы эвристикалық әдіс деп - әдістемеде негізін диалогтық (сұрақ-жауап) формасынадғы эвристикалық әңгімені түсіндіреді. Мұнда мұғалім оқушыға білімді, ұғымды бірден дайын түрде бермей, өз орнымен қойылған сұрақтар арқылы оларда бұрын қалыптасқан білімдерімен бақылаулары және өмір тәжірибесіне сүйеніп, жаңа ұғымға ережелермен дәлелдеуге және есептеудің шешімін өзгертіп келтіру керек.
Оқытушы оқу үрдісінің жүруін басқарып отыру үшін шәкіртте мұғалімге ол жөнінде ақпарат дер кезінде жетіп отыруы шарт. Тек осындай ақпаратты ескере отырып, мұғалім сабақ үстінде әр оқушының оқуына білікті түрде араласа алады. Бұл бағдарламалық оқыту идеясын туғызады.
Жалпы педагогикалық тұрғыда бағдарламалық оқыту деп- оқу материалын арнайы бағдарлама бойынша мұғалім шағын бөліктерге бөлшектейтін және әрбір оқушының іс-әрекетінің сипаты мен ретін анықтайтын сондай-ақ оқытылатын материалды меңгеру барысын ұдайы бақылауға көмектесетін дидактикалық жүйені түсінеміз. Бағдарламалық оқыту әсіресе білімді компьютердің көмегімен бақылау бүгінгі таңда барлық оқу орындарында кеңінен пайдаланады.
Бағдарламалап оқыту мына принциптерді басшылыққа алады:
1)Оқушылар меңгеруге және есте сақтауға тиісті оқу материалын ұқыпты іріктеу;
2)Оқу материалын берудің қатаң логикалық жүйелілігін жақтау;
3)Оқу материалын шағын аяқталған үлестерге мүшелеу;
4)Оқушының оқу қызметі сатылап бақылау әдісі мен басқару және кері бағытта жүзеге асыру;
5)Бағдарламаланған материалдар мен жұмыс кезінде оқушылардың дербестігі мен белсенділігі;
6)Оқытудың жекеше қарқыны;
Бағдарламалап оқыту принциптерін неғұрлым толық бейнелейтін құрал оқыту бағдарламасы болып табылады.
Оқыту бағдарламаларын жасау әдістемесі бірнеше саты құралады.Атап айтқанда:
1.Оқу бағдарламаларын іріктеу бұл өте ұқыпты таңдап алынып оқушыларға түсінікті тілмен және терминдермен баяндалуы тиіс.
2.Оқу материалын баяндаудың логикалық жүйелігін мұқият тексеру бұл үшін кейде арнайы арнайы материалды қолданады.
3. Материалды жеке үлестерге мүшелейді.Мұнда әрбір үлес мағанасы аяқталған информацияның ( жаңа материалдардың ) шағын бөлігін қамтиды және әр үлес информацияның күрделілігінен оқушылардың жас ерекшеліктеріне және басқа себептерге байланысты құбылмалы болуы мүмкін.
4. Информацияны игеру деңгейін тексеру үшін арнайы сұрақтар, есептер, жаттығулар т.б. тапсырмалар беріледі.Бұл тапсырмалардың сипаты меңгеруге тиісті информацияға байланысты.
5. «Мұғалім – оқушы» кері байланысын қамтамасыз етеді.Оқытудың бағдарламасын жасаудың бұл сатысында даралап оқыту әдістерін пайдалану мұғалімнен ерекше талап етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет