«Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобалары. Алғашқы қорытындылар мен жетістіктер. Қарастыралатын сұрақтар 1. Арнайы жобалар: «Тұлғаны дамыту» 2. Арнайы жобалар: «Біртұтас ұлтты қалыптастыру» 3. Арнайы жобалар: «Мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қауымдастықтардың дамуы» 1. Арнайы жобалар: «Тұлғаны дамыту» Қорытындылар Күтілетін нәтижелер Қатысушыларды іріктеудің үш маусымы өткізілді. 6 мың өтініш ішінен (2017 ж. – 2112, 2018 ж. – 2388, 2019 ж. – 1673 өтініш) республикалық онлайн дауыс беру жолымен 163 жеңімпаз анықталды (2017 ж. - 102, 2018 ж. – 29, 2019 ж. - 32).
Өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларды қамту деңгейінің өсуі;
Жоба амбассадорларының жағымды имиджін көрсету арқылы қазақстандықтардың сана-сезімі мен азаматтық жауапкершілігін жоғарылату;
Қосымша білім мүмкіндіктерін құру;
Қазақстандықтарды әлеуметтік, экологиялық, имидждік және қоғамның дамуына бағытталған басқа да жобаларды жүзеге асыруға тарту;
Жоба жеңімпаздарының қоғамдық маңызы бар бастамаларын жүзеге асыру.
Мақсаты – бағдарламаның құндылықтарын ілгерілету үшін қазіргі заманғы Қазақстанды, оның әртүрлі саладағы жетістіктерін бейнелейтін жетістікке жеткен тұлғалардың тарихын көрсету. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» арнайы жобасы Өңірлік жобалық офистеріне жергілікті жерлерде жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар: - арнайы жобаның іске асыру барысын түзету мақсатында аймақтық сараптамалық кеңестердің отырыстарын өткізу (қажет болған жағдайда «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асырудың аймақтық жоспарына өзгерістер енгізу, қаржыландыру көлемін анықтау); - аймақтық деңгейде арнайы жобаны үйлестіру және жүзеге асыру; - қажет болған жағдайда инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (материалдық-техникалық базаның болуы және т.б.);