31) Ақуыздың биосинтез процесіндегі шаперондардың рөлі: Шаперондар – ақуыз молекуласының фолдингін жеңілдететін ақуыздар; оларды кейде температуралық шок ақуыздары д/а, себебі олардың синтезделінуі стресс жағдайларында айтарлықтай жоғарылайды.
Шаперондар н/е температуралық шок ақуыздары барлық эукариоттар жасушаларында кездеседі. Олар жасушада барлық уақытта синтезделінеді, бірақ стресс жағдайларында – дене температурасы көтерілген кезде, оның синтезделу қарқыны өсе түседі.
Шаперондар көптеген маңызды қызмет атқарады:
Жаңадан синтезделген ақуыздардың фолдингін қамтамасыз ету;
Ақуыз рефолдингін бақылау, яғни бұрын синтезделінген ж/е осыған дейін қалыпты қызмет атқарған ақуыздардың табиғи, нативті құрылымы бұзылған н/е толық не ішінара денатурацияланған жағдайында, олардың қайтадан фолдингтануын қамтамасыз ету;
Кейбір ақуыздардың белгілі бір конформациясында(аяқталмаған фолдинг күйінде) болуын қамтамасыз ету.
32) Ақуыздардың посттрансляциялық процессингі: Процессинг - пре-РНҚ молекуласының пісіп жетілуі.
Процессинг – барысында оларға көптеген нуклеотидтер транскрипциясыз байланысады (жалғанады).
Пре-аРНҚның 51 ұшына «қалпақшаның» 7-метилгуанин ж/е басқа да 3-4 нуклеотидтері қосылып жалғанады, ал 31 ұшына 200-дей нуклеотидтерімен қосылады.
Процессинг 3кезеңі: Кейбір нуклеотидтердің алынып тасталуы;
33)Прокариоттағы гендер экспрессиясын реттейтін молекулалық механизмдер. Оперон теориясы. Генетикалық ақпарат – экспрессияланады, яғни әрі қарай жүзеге асады.
ДНҚ молекуласының бойында орналасқан гендердің бәрі бірдей, бір мезгілде экспрессияланбайды. Ол 1-ден – жасуша тіршілігінің белсенділігіне ж/е даму кезеңіне, 2-ден – гендердің экспрессиялануының реттелу механизмдеріне байланысты болады. Сонд, бір мезгілде әр түрлі жасушаларда түрліше гендер экспрессияланады ж/е ағза дамуының әр түрлі кезеңдерінде бір жасушаның түрліше гендері эскпрессияланады.
Сонымен қатар қатар, жасуша гендерін 2топқа бөледі: 1) конститтутивті н/е «тұрмыстық» гендер-бұл гендер кез келген жасушалардың тіршілігі үшін қажет ақуыздарды(ферменттерді) анықтайды. Бактериялар үшін бұл – глюкоза метаболизімінің ферменттері.
2) «молшылық» гендер. Осы гендердің экспрессиялануы нәтижесінде әртүрлі жасушаларда әр түрлі ақуыздар синтезделінеді. Мыс.: эпителий жасушаларындағы мелонин, бұлшық ет жасушаларында миозин, көздің тор қабаты жасушаларында опсин, родопсин, т.б.
Кластерлі гендер – бір белгіні дамытуға қажет ақуыздарды анықтайтын бірнеше гендер ДНҚ бойына қатар орналасып, бірге транскрипцияланатын гендер. Кластерлі гендердің бәрі бірдей транскрипцияланып ортақ полицистронды а-РНҚ түзіледі.
Оперон – генетикалық ақпараттың транскрипциялану бірлігі. Оперонның құрамына аталған гендермен қатар промотор ж/е оператор д/а-н ерекше құрылымдарда кіреді.
Оперон теориясы – Бактериялардың бірнеше алмасу реакцияларын катализдейтін ферменттірдің гендері оперон д/а-н құрылымдық-қызметтік бірлікке біріктірілген.
Оперонның 2 түрі белгілі: индукцияланатын;репрессияланатын оперон.