34) Индукция ж/е репрессия механизмдерін реттейтін оперондардың қызметі: Оперонның 2 түрі белгілі: индукцияланатын;репрессияланатын оперон.
Индукцияланатын оперондар: -реттеуші болып бақылау реакциялар тізбегінің бастап- қы өнімі (S 0 )-(лактоза, не аллалактоза) саналады- лактоза опероны; -егер ортада бұл субстрат (өнім) болмаса тормен байланысып РНК полимеразаның оперон гендерін транскрипциялау қызметін бастырмалайды (оперон «өшірілген»); -егер ортада алғашқы өнім (субстрат) (S0) болса не жинақтала бастаса, оның кейбір бөлігі ақуыз-репрессормен байланысып оның оператормен қосылуын
болдырмайды; оперон «іске қосылады» және алғашқы өнімді (S0) ыдыратушы ферменттер синтезделінеді.
Репрессияланатын оперон: -реттеуші болып бақылау реакциялар тізбегінің ақырғы өнімі (Р) саналады-триптофон опероны. -егер ортада бұл өнім (Р) болмаса ақуыз -репрессор оператормен қосыла алмайды, сондықтан РНҚ-полимераза оперон гендерін транскрипциялайды-оперон «іске қосылады» және Р өнімінің түзіліуі үшін қажет ферменттер ситезделінеді; -егер ортада ақырғы өнім (Р) (триптофан) жинақталса, оның біршама бөлігі акуыз репрессормен байланысып оның оператормен қосылуына ықпал етеді- оперон «өшіріледі», Р өнімнің түзілуіне қажет ферменттер синтезі тоқталады.
35) Эукариоттардағы гендер экспрессиясының реттелуі: Эукариоттарда гендер активтілігі реттелуінің 2 типін ажыратады.
Қысқа мерзімде н/е қайтымды реттелу бактериялар/ғы реттелуге сәйкес ортадағы өзгерістерге жасушаның жауап қайтаруы болып табылады.
Реттелудің бұл типі жасушадағы субстрат деңгейінің жоғары н/е төмен болуына байл-ты ферменттер активтілігінің өзгеруімен сипатталады. Осы реттелу типіне сонымен қатар митоздық түрлі кезеңдерінде байқалатын ДНҚ, РНҚ ж/е белоктардың синтезделу жылдамдығының өзгерістерін де жатқызады.
Ұзаққа созылған н/е қайтымсыз реттелу – дамудың ұрықтану ж/е зигота түзілу кезеңінен бастап көп жасушалы ағза түзілуге дейінгі аралықта жүретін детерминация, дифференция (эукариоттарда гендер),т.б. процестерінде жүреді.
Эукариоттарда гендер активтілігі реттелудің осы 2 типі тұқымқуалаушылық ақпараттың жүзеге асырылуының мына кезеңдерінде байқалады:
Геномдық деңгейде (ДНҚ) реттелу
Трансляцияның соңы мен басталуының арасындағы кезең постранскрипциялық кезең деп аталады. Онда мына процестер жүреді:
А-РНҚ-ға «қалпақтық» және «құйрықтық» жалғануы, бұл процестердің анық мәні толық игерілмеген, бірақ а-РНҚ-ны тануға және оның ядродан цитоплазмаға шығуына жағдай туғызады деп жорамалданады.
Ядролық ДНҚ-ның процесі кезіндегі нитрондардың қырқылып, қалған экзондардың спейсингі жүреді.
Ядрода синтезаның барлық а-РНҚ-ның 5 пайызы ғана цитоплазмаға шықпай ядроға қалады.
Түзілген а-РНҚ-ның бір ғана бөлігі цитоплазмада ыдырап кетеді. А-РНҚ-ның жылдамдығына түрліше болуы гендер активтілігіне әсер етуі мүмкін.