3) Молекулалық-генетикалық зерттеулердің объектілері мен әдістері:
МБ ғылымының негізгі зерттеу объекттері жасушаның ақпараттық макромолекулалық – ақуыз ж/е нуклеин қышқылдары болып табылады. Ол ақпараттық макромолекулалардың құрылысын, қызметін, таралуын зерттейді.
4) МБ ж/е генетика саласындағы шетелдік ж/е өз ғалымдарымыздың ғылымдағы жетістіктері:
МБ-ның дамуына көптеген орыс ж/е қазақ ғалымдары ат салысты, олардың арасынан А.А.Баев, А.Н.Белозерский, А.С.Спирин, В.А.Энгельгард, А.П.Георгиев, Т.Дарханбаев, М.А.Айтхожин, Х.Жуматов, Р.Берсінбаев, Н.Айтхожина, М.Гильманов, т.б. есімдерді атауға болады.
(Қалғанын 2-сұрақтан аласыңдар.Басқа жоқ.)
5) Молекулалық-генетикалық білімнің клиникалық мәселелерді шешудегі рөлі:
Ақуыздардың жалпы сипаттамасы
Ақуыздар – жасушаның ең маңызды макромолекуларының бірі болып табылады. Оның элеметтік құрамын, құрылысының теориясын алғашқылардың бірі болып зерттеген және протеин (protein-бірінші) деп атауды ұсынған Голландия химигі және дәрігері Г.Я. Мульдер болатын. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуыздар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Организмнің тірек, бұлшық ет, жамылғы тканьдері ақуыздардан құралған. Олар организмде әртүрлі қызмет атқарады, химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б. Ақуыздар азықтың құрамына кіреді. Адам тәулігіне, шамамен, — 100 г ақуыз қабылдауы керек. Азықпен түскен ақуыз әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды.
Ақуыздар. Ақуыздардың қызметтері. Ақуыздардың аминқышқылдық құрылымы.
Ақуыздар жасушада маңызды қызметтер атқарады:
Құрылымдық – биомембраналар құрамына кіреді;
Энергетикалық – қуат көзі болып табылады;
Катализдеуші – жасушаның барлық биохимиялық реакцияларын реттейтін ферменттер болып табылады;
Сигналдық – жасушаішілік және жасушааралық сигналдарды қабылдауға және өткізуге қатысады;
Қозғаушы – бұлшықеттердің жиырылуын қамтамасыз етеді;
Өткізгіштік – арналар мен сорғыштарды қалыптастырып, мембрана арқылы заттардың өткізілуін қамтамасыз етеді:
Реттеуші – репликация, транскрипция, трансляция факторлары ретінде ДНҚ учаскелерімен байланысып, гендердің экспрессиялануын реттейді;
7.1 Ақуыздардың аминқышқылдық құрылымы:
Ақуыз молекуласы полимер, оның мономері болып аминқышқылдары саналады. Қазіргі кезде табиғатта анықталған аминқышқылдардың жалпы саны 300-дей, бірақ ақуыз молекулаларында олардың тек 20-ᾀ-аминқышқылдары ғана кездеседі. Бұл аминқышқылдарды ақуыздық, протеиндік деп атайды. ᾀ-Аминқышқылдарының барлығының құрылысы жалпы алғанда бір-біріне ұқсас, яғни олар амин тобынан(NH2), көмірсутектен(CH), карбоксил топтарынан (COOH) құрылған қанқадан және ортанғы көміртек атомымен(C) альфа орны бойынша байланысқан радикалдан тұрады.
R
NH2-C-COOH
Ақуыз молекуласында аминқышқылдар бір-бірімен пептидтік байланыс арқылы байланысып үлкенді кішілі полипептид тізбегін пайда етеді. Бұл бірінші реттік құрылым деп атайды.
Пептидтік тізбектің көптеген ферменттері алғаш -ширатпа не ß-құрылым күйінде болады. Ақуыздың кеңістікте мұндай қарапайым жинақталуын екінші реттік құрылым деп атайды.
Полипептид тізбегінің -ширатпасының, ß-құрылымының және құрылымсыз учаскелерінің кеңістікте глобула конформациясына жинақталып, табиғи құрылымының түзілуі. Бұл үшінші реттік құрылым. Бұны фолдинг деп те атайды.
Кейбір ақуыздардың төртінші реттік құрылымы да белгілі, мысалы гемоглобин. Оның молекуласы төрт субединицадан тұрады.
7.2 Ақуыздардың жіктелуі:
1.күрделілік дәрежесіне (қарапайым және күрделі), қарапайым протеиндер тек қана аминқышқылдары қалдықтарынан тұрады, күрделі протеидтер құрамына ақуызды заттардан басқа қосылыстардың қалдықтары кіреді;
2.молекула пішініне (шар тәрізді және жіп тәрізді);
3.кейбір еріткіштерде еру қабілетіне қарай (суда еритіндер, әлсіз түз ерітінділерінде еритіндер - альбуминдер, спиртте еритіндер — проламиндер, сұйытылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндер глутелиндер);
4.атқаратын қызметтеріне қарай (мысалы, корға жиналатын ақуыздар, тірек қызметін атқаратын ақуыздар).
Достарыңызбен бөлісу: |