1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


Билет-№12 1.Балалар бақшасындағы оқыту мен тәрбиенің типтік бағдараламасы:құрылу тарихы,принциптері және бағдарлмаманың құрылымы



бет38/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76
Байланысты:
билет 1-25 шығару кажет папка (1)

Билет-№12

1.Балалар бақшасындағы оқыту мен тәрбиенің типтік бағдараламасы:құрылу тарихы,принциптері және бағдарлмаманың құрылымы

Бағдарлама негізіне осы салада еңбек етіп жүрген отандық және шетел ғалымдарының мектеп жасына дейінгі балалардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, іріктеп, бейімдеумен ұсынған адамзаттық қоғамдық-тарихи тәжірибесін қамтитын компоненттері – білім, іскерлік пен дағдылар, шығармашылық әрекет және өмірлік эмоционалдық қатынас тәжірибелерін алу көзделді.

Көзделіп отырған ауқымда білім, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бағдарлама ең алдымен баланың дене және эмоционалдық саулығын нығайту, дара ерекшеліктерін дамыту, өз бетімен білім алудың жолдарын игеру үшін жағдай туғызуға бағытталған.

Бағдарлама төмендегідей ұстанымдарға негізделеді:

- Адам тұлғасы дамуының маңызды кезеңі ретіндегі мектепке дейінгі балалықтың өзіндік құндылығын сақтау;

- бала тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда олардың жетекші әрекеттерін негізге алу;

- тәрбиелеу, оқыту және дамытудың өзара байланыстылығын сақтау, балалардың дене, ақыл-ой, сезім, тілдік, көркемдік, адамгершілік, еңбек тәрбиесіне жағдай туғызып, дамытуды қамтамасыз ету;

- педагогикалық ықпалдың тиімділігін арттыру және бала мен тәрбиешінің уақытын үнемдеу мақсатында балалардың алуан түрлі іс-әрекеттерін кіріктіру. Бұл балаларда заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділік туралы түсінікті, қоршаған әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді, жетекші әрекет – ойынға және өз бетімен дербес әрекет етуге, шығармашылыққа уақыт көбірек беріледі;

- оқыту мен тәрбиенің үзіліссіздігін, бір топ пен екінші топ арасындағы сабақтастықты сақтау үшін, балаға игерту көзделетін қарапайым білім негіздерінің біртіндеп кеңейтілуі.

Бағдарламаның басты ерекшеліктері:

- Әрбір жас кезеңдеріне сәйкес бала игеруге тиісті білім, іскерлік пен дағдылардың бағдарламалық мазмұны - "Тіл – халық қазынасы", «Ойна да, ойлан», «Әуенді қимыл-қозғалыс», «Өнер көзі халықта», «Имандылық - инабаттылық» деген атаулармен блоктарга топтастырылып беріледі;

- бағдарламалық мазмұнды іске асыру үшін «Отбасы, балабақша, ойыншықтар», «Жыл мезгілдері», «Қазақстан – Республикам менің», «Жануарлар дүниесі» деген ірі тақырыптар ұсынылып, олардың міндеттері көрсетіледі;

- осы міндеттерді жүзеге асыру үшін балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін бір-бірімен кіріктіре отырып, кешенді формада ұйымдастыру ұсынылды;

- жоғарыда көрсетілген тақырыптарға орай, аптаның бір күнінде тәрбиелеу мен білім берудің арнайы бір блогына баса көңіл бөлініп, қалған тәрбие түрлері алғашқымен сабақтас, кіріктіріле жүргізіледі, білім-білік, дағдыларды меңгерту, іс-әрекеттің алуан түрлерімен алмастырылып, үзіліссіз, біртұтас процесс түрінде жүзеге асады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет