2.Мектепке дейінгі ересектер тобында балалар ұжымын қалыптастыру ерекшеліктері.
Мектепке дейінгі балаларға қодануда «ұжым» деген ұғымның өз ерекшеліктері бар. Оларға әрқашанда үлкендеер басшылық етеді, олар балалардың іс-әрекеттеріне бағыт беріп, үйлестіреді, олардың әрқайсысының коллектив өміріндегі, іс-әрекетінің жалпы нәтижесіндегі ролі туралы оларда түсінік қалыптасады да, байланыс тұрақсыздығын, ұйымдастыру негізінің осалдығын бірте-бірте женіп отырады. Балалар ұжымының пайда болуының және орнығуының шарты – іс-әрекетті бірігіп жасауы, бірге әсерленуі. Күрделі адамгершілік сапа-ұжым мектепке дейінгі балаларда құрбыларына деген әлеуметтік сезімдердің жеке көріністерінен туады,бұлар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау қажеттілігіне: жақсы өру, достасу, ниеттестік, қолда барын бөлісуге, бірге ойнап, белгілі бір міндетті бірігіп шешуге ұмтылу сияқты қажеттілікке негзделеді.
Бірігіп іс-әрекет процесінде келісе білу, өз әрекеттерін келістіру, даулы мәселелерді әділ шеше білу пайда болады.сөйтіп, тәжірбиенің жинақталу жәрежесіне қарай, тәрбиешінің мақсатты ықпалы нәтижесінде балаларда әлеуметтік көріністер дамиды, күрделенеді, ұжымға ұласады. Балалар ұжымының қалыптасуы- ұзақ та күрделі процесс. Алғашында ұл сан жағынан шағын (3-6 адам) балалар бірлестігі, бұл бірігіп әрекет жасаудан, көбінесе бірігіп ойнаудан туады; бұл бірлестіктер-құрамы жағынан өте тұрақсыз, қысқа мерзімді, оп-онай тарап кететін бірлестіктер. Балалар ұжымын қалыптастырудың келесі кезеңі – осы алғашқы бірелстіктерді неғұрлыморнықты ету және олардың іс-әрекетін уақыт жағынан ұзарту болып табылады. Бұл кезенде балалар тәуелсіздік ұйымдастыру шеберлігін көбірек көрсетеді, бірлестікке қатысушылар саны өседі. Олар енді 8-10 адам болуы мүмкін. Біріккен ойын және еңбек іс-әрекеттеріне неғұрлым күрделі мақсаттар қойылады. Тәрбиешінің манызды міндеті-барлық балалардың ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыру. Балалар ұжымын қалыптастырудың неғұрлым жоғары кезеңі балалардың өз бетімен әрекет етуінің онан әрі өсуімен сипатталады: балалар өздері бірлестіктер ұйымдастыралы, өзара қарым-қатынастарын реттейді, олардың жеке мүшелерінің мінез-құлықтарына баға береді, өз қалауы бойынша ойынға адам алмай қояды немесе ойыннан оны шыарып тастай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |