1.МДМ альтернативті бағдарламалары,олардың өзектілігі және қажеттілігі
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) (ЕБҚ) - даму ерекшеліктеріне, мінез-құлық және эмоциялық проблемаларына, орталық факторларына (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени) байланысты тиісті деңгейде білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар (балалар); Ерекше білім беру қажеттілігі - оқу-дамыту барысындағы сапалы білім алуға тиісті көмекке және қызметке қажеттілік; Білім алу үшін арнайы жағдайлар - ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
Әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты - ҚР жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялықпедагогикалық қолдау көрсетудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерінің мәнін ашу. Әдістемелік нұсқаулықтың міндеті: - жалпы білім берудің инклюзивтік қағидасының негізгі мазмұнын ашу; - ҚР жалпы білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуына жағдай жасауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ететін отандық нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру; - оқушылардың оқудағы қиындықтардың себептерін және соның салдарынан пайда болатын ерекше білім беру қажеттіліктерін сипаттау; - оқушының ерекше білім алу қажеттілігін анықтау және бағалау алгоритмін сипаттау, оқу процесі барысында психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны мен тәсілдерін анықтау; - ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған жеке және қысқартылған оқу бағдарламасын құруға ұсыныстар беру
Ерекше білім беру қажеттіліктердің әрқайсысының сипаты: 1. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасы келесідей негізге сүйеніп өзгертіледі: - мектеп Кеңесінің шешімімен; - психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысымен. Егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаса, онда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде мектеп Кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады. Мұндай шешімнің негізі ҚР "Білім туралы" Заңының 47 – бабы, 2-тармағы - "ұйым кеңесінің шешімімен жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бой- 14 ынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқыту" болып табылады
Психикалық және дене дамуы бұзылған балаларды оқыту кезінде оқытудың арнайы әдістерін қолдану қажеттілігі жиі туындайды. Арнайы оқыту әдістері арнайы педагогикамен әзірленген және әртүрлі санаттағы балаларға арналған арнайы мектептерде қолданылады: есту, көру, ақылойы кем, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу қабілеті бұзылған.
Достарыңызбен бөлісу: |