4 БӨЖ. Құрылымы әртүрлі тілдердегі типологиялық басымдылық. Тапсырма: 1. «Мамандық тілдердегі типологиялық басымдылық» тақырыбына жоба әзірлеңіз.
2. Жоба жұмысында тілдегі басымдық, басым белгі, доминантты белгі деген терминдерге ерекше көңіл аударып, жоба барысында мамандық тілінен сол белгілерді тауып, саралап, зерделеп, қорытынды жасаңыз.
Мамандық тілі бойынша бір деңгейді таңдап алып,мысалы, / фонетикалық, морфологиялық,лексикалық деңгей/ сол деңгей бойынша қазақ тілімен салғастырып, изоморфизм, алломорфизм, доминантты белгіні саралау.
Тілдердің типологиялық классификациясына тілді қосудың негізі тілдің түрі, яғни оның құрылымының іргелі қасиеттерінің сипаттамасы болып табылады. Дегенмен, түрі тілде абсолютті жүзеге асырылмайды; шын мәнінде әр тілдің бірнеше түрі болады, яғни әрбір тіл политипологиялық. Сондықтан бұл немесе басқа типтің берілген тіл құрылымында қаншалықты болатынын айту орынды; осы негізде тілдің типологиялық белгілеріне сандық түсінік беруге талпыныс жасалады. Тілдердің типологиялық классификациясын түпкілікті деп санауға болмайды, негізінен оның барлық ерекшеліктерін көрсете алмауынан. бөлек тілқұрылымын ескере отырып. Бірақ ол тілдің басқа салаларын талдау арқылы оны нақтылау мүмкіндігін жасырын түрде қамтиды. Мысалы, классикалық қытай, вьетнам, гвинея сияқты оқшауланған тілдерде морфемаға тең бір буынды сөздер, политонияның болуы және басқа да бірқатар өзара байланысты белгілер байқалады.Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы, немесе салғастырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі тұрғыдан келеді: 1. Фонетикалық типология, 2. Синтаксистік типология. 3. Морфологиялық типология Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа тікелей қатысы жоқ. Алдымен фонетикалық типология жөнінде. 1. Тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерді сөздер дыбыстардан құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді. Монотониялық және политониялық тілдер. Монотониялы тауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды. Типологиялық классификациялардың ішінде ең жете зерттелгені морфологиялық типология. Онда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі бойынша топтастырады. 1. Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер орын тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі). Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар түбірдің үстіне бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де сөз ұзара түседі. Әлгі қосымшалар бір мағыналы болады, ал түбір өз тәуелсіздігін сақтайды, өзгермейді (қазақ тілі). (көше-көшелер-көшелерге-көшелерімізге). 3. Флективті тілдерде қосымшалар түбірдің көрінісіне өзгерістер енгізеді және ол қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөздің көлемі ұзармайды, түбір өз ішінен өзгереді (орыс тілі). (улица-улицы-улицам-улиц) Синтетикалылық индескін (Дж. Гинберг бойынша) алу үшін тілдегі текстіні алып, ондағы морфтардың санына сөздердің санын бөледі. Алынған көрсеткіш 2-ден төмен болса, аналитикалық, 2-ден 3-ке дейін болса, тіл синтетикалық, 3-тен жоғары болса, полисинтетикалық болады