Байланысты: 1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін
6.5 Т. Гоббсфилософиясы Негізгі еңбектері: «Азамат туралы бастапқы негіздеме»; «Левиафан – материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік». Т. Гоббс (1588-1679 жж.) – Бэконның философиялық дәстүрін жалғастырушы шәкірті: 1) теологиялық схоластикалық философияға қарсы шықты; 2) философия мақсаты – ғылыми-техникалық прогреске жол ашу, адам әрекетінің практикалық нәтижелеріне қол жеткізу деп түсінді; 3) эмпиризмді жақтады, Декарттың рационалистік философиясын сынады; 4) нағыз материалист болды; 5) қоғам мен мемлекет мәселесін маңызды философиялық мәселе деп санады; 6) мемлекет теориясын жасады; 7) мемлекет пайда болуының негізінде қоғамдық келісім жатыр деген идеяны алғаш ұсынды. Гоббстың философиялық зерттеу пәні – гносеология және мемлекет мәселесі. Гоббс адам танымы негізінен сезімдік қабылдау арқылы өтеді деп санады. Сезімдік қабылдау – сезім мүшелерінің (көз, құлақ, т.б.) қоршаған дүниеден сигналдарды қабылдап, өңдеуі. Ол сипаттарды Т. Гоббс «белгілер» деп атап, былайша жіктейді: 1) дыбыстар – жануарлардың өз әрекетін немесе ниетін білдіретін сигналдар (құстар «әні», жыртқыштардың ырылы, т.б.); 2) ен салу – қатынас барысында адам ойлап тапқан белгілер; 3) табиғи белгілер – табиғат «сигналдары» (найзағай, бұлт, т.б.); 4) еркін коммуникативті белгілер – тілдегі белгілер; 5) белгілер рөліндегі белгілер – азшылыққа ғана түсінікті, арнайы шифрланған сөз (ғылыми тіл, діни тіл, жаргон,т.б.); 6) белгілердің белгісі – атаулардың атауы – универсалилер (жалпы ұғымдар). Гносеологиялық көзқарастарында: уақыт заманның өзінде емес, адам санасында, таным түйсіктен басталады, ол сыртқы объектілермен шақырылатын организмдегі денелік бөліктердің қозғалысы, таным түйсіктен басталып, ақылмен шешіледі. Сезім тек заттарды тұтас күйінде қабылдаса, ақыл оның жеке қасиеттерін таниды. Ақиқат – көпшіліктің өзара келісімі болып табылады деген пікірлерін тиянақтап, конвенционализм қағидасын ұстанды, сөйтіп, танымның екі тәсілін ұсынды: механиканың логикалық дедукциясы және эмпирикалық физиканың индукциясы. Гообс танымдағы тілдің роліне назар аударды. Оның түсінігінде, атау мен сөз 2 бағытта: белгі болып, таңба болып айқындалады. Сөз – өзін санаға тіркеу үшін, басқаларға өз ойын хабарлау үшін қызмет етеді. Бұл тұрғыдан келгенде, ақиқат – пікірлердің заттар мен себепті байланыстарды дұрыс бейнелеуі, адасу – жалған, дұрыс емес пікірлер. Пікірден тыс адасу да, ақиқат та болмайды. Ақиқат заттарда емес, сол заттар туралы пікірлерімізде, олардың (заттардың ) себепті байланыстары мен қасиеттерінде, яғни, пікір бір нәрсені терістеу, не бекітуге құрылады. Ақиқат пен адасу тілді иеленгендіктен адамға ғана қатысты, жануарларда тіл жоқ, яғни, ақиқат пен адасу мәселелері оларда болуы мүмкін емес. Объективті ақиқат – адамдар елесіндегі мазмұн, ол адамға да, адамзатқа да тәуелсіз. Философия заттардың себепті байланысын рационалды тану болатын болса, рационализм – танымдағы математикалық, аналитикалық әдістерден құралады. Танымдық әрекеттердің бәрі – алу мен қосу, демек, барлық пікірлер қосу мен алу процесі. Қосу мен алу жоқ болса, онда ол жерде ғылыми таным да болмайды. Логика – сөздерді алумен, қосумен айналысады. Мәселен, заң орындары – заңдар мен айғақтарды жинайды, қосады. Сөйтіп, ол механикалық материализмді философия тарихында алғаш рет негіздеуші ретінде белгілі болды. Таным әдістері ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қатар қолдануды жақтады. Философтың мақсатында адамға оның өз әрекеттерінде практикалық жетістікке жетуге көмектесу болғандықтан, ал адам қоғамда, нақты мемлекетке тіршілік ететіндіктен қоғам мен мемлекет мәселесі философиядағы басты сұрақтар. Мемлекетті құдай емес, адам санасы жасады. Мемлекетке дейін адамдардың табиғи қалпы болды. Онда қабілеттері әртүрлі адамдар стихиялы өмір сүрді, бұл «бәрінің бәріне қарсы соғысы» жағдайында болады. Олардың қайшылығынан келісім бойынша өмір сүру қағидасы туындады. Бұл келісім мемлекеттің құрылуына алып келді де, бейбітшілікті қамтамасыз етті. Жеке азаматтар өздерінің еркіндіктерін саналы түрде шектеп, құқықтылыққа ауыстырды. Сондықан кез келген заңды бұзушылық – табиғи қалыпқа жетелейді, ал «Мемлекет – тәртіптің анасы», Құдай жоқ, ол үрейден туған, дегенмен, ол – бұқара халықты ұстау үшін керек деген тұжырымға тоқталды. Қоғамдағы ғылыми тұрғыдан түсіну азамат соғысының себебін тану мен оны жоюдың құралы деп біледі. Т. Гообс өзінің әйгілі кітабы «Левиафанда» қоғам және мемлекет теориясын негіздеді. «Левиафан» («Құбыжық») – Кромвельдің диктатурасы кезінде 1651 жылы жарық көрді. Ол теорияның мәні мынадай: 1) адам табиғатынан залым; 2) адам әрекеттерінің қозғаушы күштері – жеке пайда мен өзімшілдік, әркімнің өз қажеттіліктері, аффектілері; 3) аталған қасиеттер әрбір адамның өзінің барлық нәрсеге құқылығын сезінуге жетелейді; 4) әрбір адамның бәріне құқылығы басқаның мүддесін аяқасты етуіне, адамдардың бірлескен дұрыс өмірі мен экономикалық прогреске мүмкіндік бермейтін және жеңімпазы болуы мүмкін емес «бәрінің бәріне соғысына» әкелді; 5) аман қалу үшін адамдар өзара «қоғамдақ келісім» жасап, «бәрінің бәріне құқығын» және иеленуге ұмтылысын шектеді; 6) «бәрінің бәріне соғысын» болдырмау, шектен шыққан өзімшілдікті тоқтату үшін қоғамдық өмірді жүйелеудің қоғамдық механизмі (институты) – мемлекет пайда болды; 7) міндеттерін нәтижелі орындау үшін мемлекет аса күшті болуы қажет; 8) мемлекет дегеніміз – «Левиафан» - өз жолындағының бәрін жеп, жойып отыратын, қарсы тұру еш мүмкін емес, бірақ қоғам тіршілігі және ондағы тәртіп пен әділеттілік үшін өте қажет, мызғымайтын, көп бейнелі, асакүшті құбыжық.