1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет1/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін


1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
1. Философияның пайда болуы.
2. Философиялық дүниетаным және дүниетанымның тарихы.
3. Философиялық білімнің ерекшелігі.
4. Философияның функциялары.
5. Философияның негізгі мәселелері.
1.1 Философияның пайда болуы
Философия біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасында, бір-біріне байланыссыз, дербес және тәуелсіз түрде Ежелгі Үндіде, Ежелгі Қытайда және Ежелгі Грецияда пайда болды. Және барлық үш аймақта да философия – мифология негізінде қалыптасты. Бастапқыда философиялық даналық-дәстүрлі өмір салт пен түсінікке қарсы бағытталған сын, патриархалды қағидалардың әділдігі мен ақиқаттығына білдірілген алғашқы күмән ретінде қалыптасты. Өйткені табиғи және әлеуметтік шындықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни-мифологиялық сананың дағдарысы кезеңінде ақиқатты жалпыдан, табиғиды жасандыдан ажырату, жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді дүниетаным құру қажеттілігі туды. Дүние және адамды рационалды ұғыну талпыныстары алдымен алғы философияға, содан соң философияға әкелді.

Философияның қалыптасу кезеңдері




Мифология




Алғашқы қауымдық мәдениет және барлық өркениеттер мәдениеті




Алғы философия




Египет

Үнді

Месопотамия

Иудея

Қытай

Греция




Философия




Үнді

Қытай

Греция

Басқа аймақтардағы философиялық ой кештеу пайда болды және олар осы үш елдің бірінің философиялық ілімінің негізінде дамыды.
«Философия» ұғымы (грекше «филео»-құштарлық, махаббат; «софия»-даналық) «даналыққа құштарлық» деген мағына береді. «Философия» атауын тарихта алғаш қолданған Пифагор болды.
- Ей, дана (софист)! – дегендерге:
- Мен дана (софист) емеспін, бар болғаны даналыққа құштармын (философистпін). Нағыз даналық Құдайға ғана тән! - деп жауап берген екен Пифагор.
Философия – ғылым, әрі қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарас, өнер ретінде де көрініс беретін даналық ілімі. Ғылым болып табылатын себебі, арнайы ғылыми әдіснамалары мен әдістерінің болуы, осы ғылым тарихының арнайы қалыптасуы, теорияларын дәйектеуді және дәлелдеуді қажет ететіндігі т.б. болса, қоғамдық сананың формасы ретінде қабылдануы – қоғамның әрбір мүшесінің белгілі бір деңгейде кәсіби емес түрде болса да философиялық пайымдауларды бастан өткізетіндігінен – ақ анық байқалады, тіпті философиялық ой ойламайтын адам болмайды. Осы орайда, философиялық ой адам санасының ажырамас қасиетіне айналады. Сондықтан ол жалпы қоғамдық көпшілік сананың деңгейінде қарапайым формада болса да үнемі қылаң беріп отырады.
Бұдан оның дүниеге көзқарастық қыры ашылады. Философия мен философиялық ой өзінің объектісі болып саналатын дүние, әлем мен адам хақында белгілі бір деңгейде қажетті мағлұматтар мен ақпараттар тасқынын бере алады. Екіншіден, бұл үрдіс кезінде адам мен дүние толықтай қатысып, адамның шексіз танымының бір саласын құрайды. Ал өнер ретіндегі қыры – кең шығармашылық ойлауды қажет ететіндігі, өткенін жоққа шығармайтындығы, объектілерін зерделеу барысында мәселелердің бастапқы күйінен тамыр тартып қозғала беретіндігі т.б. Мәселен, әдебиеттегі махаббат, достық, ана сияқты тақырыптар мәңгілік болса, философиядағы субстанция, рух, ойлау сынды метафизикалық мәселелер де көне замандардан бері, бүгінгі күнге дейін талдану үстінде. Ал ғылым өткенін терістеп, сабақтастық бойынша ілгерілей түседі. Мәселен, дүниенің атомдарының соңғы бөлінбейтін бөлшек екендігі хақындағы көне замандардағы теория физика ғылымында қазір жоққа шығарылып, одан кейін атом құрылысы ашылып, тіпті оның шексіз ұсақ бөлшектерге ыдырай беретіндігі дәйектеліп отыр. Сонымен, «бұл ғылым нені қалай зерттейді» деген сауал бойынша оның объектісі мен пәнін ажыратып алуымыз қажет. Философияның зерттеу объектісі: дүние, ғарыш, адам т.б. Философияның зерттеу пәні: дүниенің, адамның, танымның жалпылама заңдылықтары. Бір қарағанда барлық ғылымдардың объектісі де осы мәселелер. Бірақ философия бұл құбылыстардың неғұрлым жалпы заңдылықтарын, таза әмбебаптықтар тұрғысынан зерттейді. Мәселен, анатомия адамды қарастырғанда тек оның бір қырын нысанаға алады, яғни, ағзалық жағын назарда ұстайды. Ал философия бұны, әуелі, «адам деген кім немесе не?» деген сауалдан бастайды да, әрі қарай адамның қоғамдағы, әлемдегі орнын қарастыра отырып, адамның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік табиғатын тұтас қарастыруды негізге алады және осы аталған мәселелердің нәтижелерін бір – бірімен байланыстыра зерделейді.
Философияның құрылымы туралы сөз қозғасақ, алдымен, философиялық ғылымдарды атап өткендігіміз жөн. Философия ғылымы өзінің пайда болған кезеңінен бастап, объектісі өте ауқымды болғандықтан, жеке ғылымдарды өз ішінен тудырып келеді. Бүгінгі таңдағы қалыптасқан ғылым салаларының түгелге дерлігі осы философия ішінен бөлініп шыққан. Қазір философиялық ғылымдар саналатын және бөлініп бара жатқан ілімдер жүйесін былайша көрсетуге болады: этика – адамгершілік туралы ілім, эстетика – әсемдік хақындағы ілім, логика – дұрыс ойлаудың заңдары жөніндегі сала, саясаттану – қоғамның саяси жүйесін зерттейтін ілім, әлеуметтану – қоғамның әлеуметтік құрылымын зерделейтін ғылым, мәдениеттану – мәдениет теориясы мен тарихын қарастыратын ілім, дінтану – діннің теориялық жақтары мен түрлерін зерттейді.
Философияның зерттеу объектісіне байланысты оның мынадай іргелі салалары бар: космология – ғарыш туралы, онтология – болмыс жөнінде, философиялық антропология – адам туралы, теология – құдай хақында, гносеология – адамның дүниені қалай танып білетіндігі турасында, аксиология – құндылықтар жөніндегі ілім т.б. Сондай-ақ ғылым философиясы, миф философиясы, тарих философиясы, құқық философиясы, экологиялық философия, техника философиясы т.б. шағын салаларға жіктеле береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет