44)Жаһандану жаңдайындағы қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мәселесі «Жаһандану» түсінігі ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы жер шары кеңістігінде өріс алған ǝлеуметтік өзгерістер мен шынайылықты мағыналандырудың өзегі болып табылады. 60-70-ші жылдары пайда болып, жаһандану идеясы 80-ші жылдары академиялық мойындауға ие болды. «Жаһандану» термині ғылыми айналымда бекітілген. Жаһандық өзгерісті көрсететін өзекті нүкте – ǝлемдік туризм, постмодернистік мǝдениет, тǝжірибе қайта қалыптастырудың жаңа формасы. Жаһандану «халықаралық бірігу» дегенді білдіреді. Ол үрдіс ретінде де сипатталады. Бұл үрдіс – экономикалық, технологиялық, мǝдениǝлеуметтік жǝне саяси күштердің қисындасуы. Жаһандану экономикалық, ақпараттық, саяси, экологиялық, мǝдени жǝне т.б болуы мүмкін. Мысал ретінде, мұның барлығын жас ǝрі дамып келе жатқан тǝуелсіз Қазақстан мемлекетінен көруге болады. Ұлттық қайта жандану үрдісі тек қана қазақ тарихына деген қызығушылық негізінде жүзеге асырылуда емес, сонымен қоса өзіндік салт-дǝстүрлер мен ǝдетғұрыптарды жаңғыртумен байланысты. Қазақ салтдǝстүрінің қайта жаңғыруы бүгінгі таңда Қазақстанда тарихи жалғастықтың қайта қалыптасуы ретінде қабылданады. Қазақ халқы үшін бұл өте қиын жǝне күрделі мǝселе, себебі жоғалған салт-дǝстүрді қайта қалпына келтіру туралы мǝселенің көтерілуінде болып отыр. Қазіргі қазақтар – бұрынғы малшы-көшпенді халық емес. Сондай-ақ, көптеген ғасыр бойы саналы түрде салтдǝстүрді жою жǝне қудалау жүзеге асырылып келді. Жетпіс жылға созылған кеңестік кезеңде Қазақстанда салтдǝстүрмен «өткеннің қалдығы» ретінде күресті. Алайда, сол уақытта да, бүгінгі таңда да қазақтар бұрынғы өмір салтының қалдығын қажырлықпен талмай күресіп сақтап келеді. Бұл жерде туыстық қатынасқа ерекше мǝн беріледі. Ру, руға бөліну – қазақ халқының идеологиясы. Бұл бірегей құбылыс ежелгі заманда шыққан, дегенмен, руға бөліну бүгінгі замандада қолданылады. Бұл «қиын мǝселе» барлық басқа халықтық мǝдени институттардың аясында ǝртүрлі ǝлеуметтік жǝне саяси жағдайларға бейімделуде. Жалпақ бірлестіктердің жауластық пен «жүзге бөлінуді» жоюына қарамастан, қазақ халқының рулық санасы ғасырлар бойы сақталып келеді. Ол ұзақ уақыт бойы қазақ зияткерлерінің арасында бір мағыналы бағаға ие бола алмады. Біреулері оны ұлттық бірлікке деген қауіп деп түсінді, екінші біреулері «жеті атаны» білу ұлттық мǝдениеттің құбылысы деп қарастырды. Барлық болжамдарға ел Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында нүкте қойды, ол қазіргі Қазақстанның мǝдени өмірінде рулық сананың мǝні мен рөлінің аса маңызды екенін баса айтты. Қазақ халқы этномǝдени қауымдастық ретінде өздерінің этноұжымдық зердесінің арқасында сақталды. Бүгінгі Қазақстан ұлттық жаһандану кезеңін бастан кешіруде. Ұлттық-мǝдени жаһандану үрдісі мǝдени парадигманың ауысуын білдіреді. Бұрынғы концепцияларды қайта қарау, ұмытылған немесе тиым салынған атаулардың қайта келуі – казіргі Қазақстанның мǝдени өміріне тǝн ерекшеліктер. Тǝуелсіздіктің онжылдығында жаңа қазақ тарихын жасаудың бастамасы қолға алынды. Бүгінгі күнде қазақ халқы өзінің бай, қанықты, қуаныш пен қайғыға толы тарихты аса қызығушылықпен оқуда. Ұлттық жаһанданудың үрдісі мемлекет жǝне халық үшін де бейнетті болып табылады. Бұл үрдіс өзінің ұлттық жǝне тұрмыстық салтдǝстүрлерін мұқият зерттеуді талап етеді. Ескі салт-дǝстүрлерді бүгінгі таң мен болашақтың талаптарына сай жандандыру қажет. Сол кезде ол «салмақ» емес, мемлекеттің ілгерілеуге деген қозғалтқышы болып табылады. Салтдǝстүрімізді жаңарту өткенімізді естен шығармауға, бүгінгімізді жақсартуға жǝне болашаққа жоспар құруға мүмкіндік береді.