1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі


«Мәдени мұра» бағдарламасын, мұражай-қорықтар, Қазақстанның мәдени және табиғи ескерткіштер жобасын жүзеге асыру



бет38/40
Дата09.12.2022
өлшемі164,17 Kb.
#56056
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
1. М дениет т сінігіні алыптасу тарихы м дениетті м нін ж не

48.«Мәдени мұра» бағдарламасын, мұражай-қорықтар, Қазақстанның мәдени және табиғи ескерткіштер жобасын жүзеге асыру.
Қазақстанның мәдени мұра жобасы — Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылған мемлекеттікбағдарлама, стратегиялық ұлттықжоба. Қазақстандағы мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктерің зерттейді.
Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.
Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан2011 жылға дейін
«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді:
ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
археологиялықзерттеулер;
қазақхалқыныңмәденимұрасысаласындағығылымижұмыстар;
ұлттықәдебиетпенжазулартәжірибесінортақтастыру, кеңейтілгенбейнежәнежұмысқатарларынқұру.
2004 жылдан бастап Елбасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті. Оның ең бірінші аспекті халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекітуге бағыттылған.
«Мәдени мұраның» екінші маңызды аспектісі - әлемге бай ұлттық рухани қазынасын ашу.
Бағдарламаның үшінші аспектісі – тарих, философия, этнография, тіл, әдебиет, көркем өнер, музыка және т.б ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет