4.Санитарлық-эпидемияға қарсы режимде ЕАҰ, дезинфекция, түрлері мен әдістері. Дезинфекция (залалсыздандыру) – қоршаған ортадағы адам үшін бактериалды споралардан басқа патогенді микроорганизмдерді жою үдерісі; бұл термин жансыз нәрселерге негізделген, биологиялық тіндер үшін «антисептика» термині қолданылады
3.3.1 Дезинфекцияның түрлері:
алдын-алу (профилактикалық)
ошақты: ағымды және қорытынды
Алдын-алу дезинфекция – анықталған инфекция көздері болмаған жағдайда жүргізіледі. Алдын-алу дезинфекциясының мақсаты – пациенттің қолданған құралдарын жүйелі түре залалсыздандыру жолымен басқа адамдарға жұғу қаупін азайту.
Ошақты залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліпқалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.
Дезинфекция әдістері:
механикалық
физикалық
химиялық
комбинирленген немесе аралас
3.3.2 Залалсыздандырудың механикалық тәсілі
Бұл тәсіл нысандарда микроорганизмдердің концентрациясын төмендетуге
негізделген. Инфекцияның пайда болуына қоздырғыштың дозасы үлкен әсер етеді. Осы деректі ескере отырып, бұл іс – шара әлдеқайда тиімді екенін ескерген жөн.
Микроорганизмдерді жоюда келесі әдістер қолданылыды:
Бөлмені және жиhазды ылғалды тазарту
Сыпыру
Шаңсорғышпен өңдеу
Бөлменің ауасын жаңарту және желдету
Киім – кешекті, төсеніштерді, төсек-орындарды қағып-сілку
Жуып-шаю және жуу
Қолды жуу
3.3.3 Дезинфекцияның физикалық әдісі
Дезинфекцияның физикалық әдісі түрлі физикалық факторлардың әсерімен
микроағзаларды жоюға негізделеді.
Күн сәулелері. Күн спектрінің тікелей сәулелері патогенді микроағзаларға
жойқынды әсер етеді. Әдістің бұл түрі өте күрделі, онда кептіру, жылыту мен
ультракүлгін сәулелері қолданылады. Күн сәулелері әсерінен іш сүзегі, дизентерия, холера жылдам жойылады, ал өкпе құрт ауруы таяқшалары мен бактериялардың споралық түрінің сезімталдылығы төмен келеді. Шырыш, қақырық, нәжіс, қан және т.б. орналасқан қоздырғыштар қорғаныссыз орналасқандарға қарағанда күн сәулесіне ұзақ төтеп береді.
Қайнату. Қайнату-кез-келген жағдайларда пайдалануға келетін, зарарсыздандырудың ең ыңғайлы және сенімді түрі болып табылады. Қайнаған суда ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдары, төсек-жабдық пен киім-кешек, сүлгі, мұрын сүлгілері, резеңке ойыншықтар, тағам қалдықтарын өңдеуге болады. Қайнаған суда микробтардың вегетативті түрлері бірнеше минутта өледі. Сібір жарасы, мен өкпе құрт ауруы микобактериясы қайнаудың 2-ден 10-12 минутқа дейін көтере алады. Қайнаған судың зарарсыздандыру әсерін сода немесе сабын қосу арқылы күшейтуге болады. Микробтар тұрақтылығы мен өңделуші заттардын сипатына қарай, қайнау минутынан бастап экспозиция 15-30 минутқа дейін созылады. Бедерінің құртылуы себебінен, клеенкелі, жүн, жартылай жүн, тері, вискозды маталар өңдеудің бұл түріне келмейді. Патогенді микробтар төмен температураға бейім болуы себебінен (минус 30-50°С), төмен температурада өңдеу қолданылмайды.
Пастеризация. 60 минутта 60 °C-қа дейін, немесе 30 минутта 70—80 °C-қа дейін жиі сұйық заттарды бір реттік өңдеу әдісі. Ас тағамдарын зарарсыздандыру мен олардың қолдану ұзақтығын сақтау үшін қолданылады. Мұндай өңдеу салдарынан микроағзалардың вегетативті түрі жойылып, споралары сақталып, жағдайы туғанда дами бастайды. Сондықтан да, пастерленген тағамдарды (сүт және т.б.) төмен температурада шектеулі уақыт қана сақталады. Пастерленген тағамдар өңдеу нәтижесінде құндылығын, дәрумендерін ферменттерін толыққанды сақтап қалады деген түсінік бар
Кептіру. Көптеген патогенді микроағзалар ұзақ уақытты кептіру әдісіне төтеп бере алмайды. Жойылу жылдамдығы микробтардың түріне, төзімділігіне және де кептіру әдісінің жүргізілу талаптарына байланысты, осылайша, холера вибрионы кептіруге бірнеше сағатта берілсе, өкпе құрт ауруы мен стафилококк қоздырғыштары 10 ай ішінде жойылады, сібір жарасы споралары вируленттілігін бірнеше жыл сақтай алады.
Үтіктеу. Төсек-жабдық, киім, көйлектерді үтіктеуді де дезинфекциялау әдісі ретінде қарастыруға болады. Үтікпен ұзақ уақыт үтіктеу нәтижесінде (температурасы 200-250°С) маталардың ішіндегі температура 98-170°С дейін жетеді, салдарынан микробтардың вегетативті түрлері, бит-сіркелер жойылады. Киімдерді іш-сыртымен үтіктеген абзал.
Өртеу. Зарарсыздандырудың бұл әдісіне құнсыз, қоздырғышарға қаныққан
заттарда (қағаз, сүлгі, қоқыс, балалар ойыншықтары және т.б.) өртеу жатады. Өртеу үдерісін арнайы жабдықталған пештерде, жерден ойылған сайларда, ағаш оттарда орындайды.
Күйдіру мен тесу. Бұл әдісті лабораториялық инелер, мақта пробкалары, пробиркаларды және т.б. зарарсыздандыру үшін қолданады. Ол үшін спирттік, газ көгілдір шамдары, күйдіру шамы мен арнайы факел отынымен күйдіру пайдаланылады.
Су буы. Су буы өңделуші заттардың тереңіне енуі арқасында ең нәтижелі дезинфекциялық құрал болып табылады. Автоклавтағы дезинфекция тәртібі (бикстерде) t - 110°С температурада, 0,5 атм. қысымында, экспозициясы 20 мин.
Құрғақ ыстық ауа, немесе құрғақ ыстық. Оның микроб клеткасына әсері - клетканың сусыздануы мен бүрісіп қалуына алып келеді. Құрғақ ыстық ауаны ылғалдандыру кезінде оның бактерицидтілігі барынша ұлғаяды. Органикалық заттармен ластанбаған әйнек, металл, температураға төзімді металлдар үшін құрғақ ыстық шкафта t 120°С, экспозициясы 45 мин.
Ультракүлгіндік сәулелендіру. Инфекциялық стационар, балалар ауруханасы, босану үйлері, ота бөлмелері, бокстар мен басқа да бөлмелерде аурухана ішілік жұқпалардың алдын-алуы мақсатында бактерицидті сәулелеуші аппараттар қолданады. Сәулелендіру салдарынан ауадағы патогенді микроағзалар жойылып, басқа микроағзалардың туындауы 80-90%-ға төмендейді.
Дезинфекцияның химиялық әдісі
Дезинфекцияның химиялық әдісі ауру туындатушы микроағзаларды жою мендезинфекциялық заттармен токсиндерді құлдыратуына бағытталады. Химиялық заттар әсері - жоғары температура әсерімен салыстырғанда тым беткей келеді. Дегенмен, қолжетімді болуы себебінен бұл әдіс жиі қолданысқа түседі. Жоғары температурадан құртылатын көптеген заттарды дезинфекциялық құралдармен зиян келтірмей өңдеуге болады .
Дезинфекциялық заттарға қойылатын негізгі талаптар:
жоғары бактерицидтілік;
адамдарға зиянсыз болуы;
өңделуші заттардың құртылуын болдырмауы;
суда еруі;
сақтаудағы тұрақтылығы;
қолданудағы ыңғайлылығы;
органикалық заттардың қатысуымен бактерицидті әсерінің сақталуы;
өндірісінің арзандылығы.
Тәжірибеде дезинфекция үшін көптеген химиялық заттар, олардың қосындылары қолданылады. Дезинфекциялық заттар қоздырғыш түріне, өңделетін зат құрылымына, қоршаған орта шарттарына байланысты таңдалады .
3.3.5 Дезинфекциялық ерітінділердің жіктелуі (химиялық құрылымына
байланысты) .
Йод, бром негізінде галлоидтан тұратын препараттар: хлордан тұратын: хлор ерітіндісі, кальций гипохлориді, хлорамин Б, диохлор, пантоцид; йод негізінде:
спиртті йод ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, йодинол, йодокам, йодоформ, йодонат; бром негізінде: аквабор.
Айқын бактерицидті, спороцидті, фунгицидті және дезодорир-леуші әсерге ие, бірақ респираторлы жүйені, көзді тітіркендіреді, токсикалы, утилизацияны дұрыс жасамаса қоршаған ортаға зиян, коррозия шақырады, иісі тұрақты. Кемшіліктеріне қарамастан, бұл топ заттарын медициналық мекемелерде кеңінен қолданады. Олар қол жетімді, тиімді, бірақ қолдану және утилизация ережелерін қатал қадағалауды талап етеді.
1) Көмірқышқыл газынан тұратын: калий перманганаты, сутегі асқын тотығы ерітіндісі. Бұл топтағы препараттардың әсер ету принципі мкроораганизмдердің протоплазмасынан органикалық компоненттердің қышқылдану және көмірқышқыл газының бөлініп шығуына негізделеді. Сутегі асқын тотығы жараларды тазалауда және қан тоқтатуда қолданылады. Улылығы аз, табиғи орта үшін қауіпсіз, арнайы иісі жоқ.Олардың басты кемшілігі – жоғары коррозиялық белсенділігі бар, сондықтан олар металды инструменттерді өңдеу мен тазалауда қолданылмайды.
2) Альдегидтен тұратын: формальдегид, глиоксаль, сайнекс, деконекс, лизоформин-3000, глутарал, бианол және т.б.Кешенді бактериоцидті, споралы, вирулентті әсер көрсетеді, микроорганизмдердің барлық түріне жоғары антимикробты белсенділік танытады. Медициналық инструменттер мен бұйымдарға коррозия тудырмайды, оларды пластикалық линзаларды және резеңке бұйымдарын тазалауда, сондай-ақ қиын конфигурациялы (мысалы, эндоскоп) технологияны дезинфекция жасауда қолданылады. Бірақ тыныс алу жүйесіне тітіркендіргіштік әсер береді, адамдар арасында қолдана алмайды.
3) Құрамында спирт бар заттар: 70% этил спирті, изопропанол, пропанол, октенисепт, изосепт, предез, инцидинликвид, микроцид және т.б. Бактериоцидті, туберкулоцидті, фунгицидті қасиет көрсетеді. Улылығы аз, дақ қалдырмайды және экологиялық қауіпсіз болып саналады. Спиртті заттарды теріге антисептик ретинде қолды тазалауда, иньекция жасағанда көп қолданады. Стетоскопты, қайшыны, термометрлерді дезинфекция жасауда пайдаланады.Бірақ дезинфактанттардың бұл түрі микроорганизмдердің вегетативті формалары мен спораларына байланысты әсерсіз. Эндоскоп, хирургиялық материал, құрал-жабдықтарды спиртпен өңдеу эффективтілігі төмен және инфекциялардың таралуына алып келуі мүмкін.
4) Беткейлі-белсенді заттар (ББЗ): Биодез-экстра, Велтолен, Вапусан, амфолан, және т.б.Олар құрамындағы төрттік аммоний қосындысы, аминдер, амфолитік ПАВ бөлшектері арқасында әсер етеді. Ащы иісі жоқ, металлды тот бастырмайды, токсикалық әсері төмен, шырышты қабық пен тыныс алу ағзаларын тітіркендірмейді, науқастар мен персоналдардың қатысуымен қолданыла береді. ББЗ – микроб клеткасы қабығының өткізгіштігін өзгертеді, сондықтан да, басқа да дезинфекциялық құралдармен қоса қолданысқа түседі. Жоғары жуып-шаюшы әсерінің арқасында біріншілік дезинфекциямен бірге стерилизация алдындағы кезеңде қолданылады. ББЗ – липофильді вирустарға қарсы бактерицидті, фунгицидті, вирулицидті әсері бар. Бірақ, споралық белсенділігі жоқ, және де өкпе құрт ауруы микобактериясы мен гидрофильді вирустарға әсер етпейді.
5) Гуанидинді препараттар полигексаметиленген гуанидиннен және хлогексидиннен негізіндегі: полисепт, демос, биор, лизетол, фугоцид және т.б. Жіңішке спектрлі бактериоцидті белсенділік пен тіркеме нәтижесімен ерекшеленеді. Осы байланыстар бактериялардың ара қатынасында белсенді, басқа туберкулездің микобактерияларында, бірақ вирустарға, саңырауқұлақтарға, спораларға белсенділік көрсетпейді. Олардың мінездемелік ерекшеліктері – өңделген қабықша бетінде құрылу, қалдық ұзақ бактерицидті әсерді қамтамасыз етеді.Инвентарьға төмен токсикалық әсеріне байланысты, ең ыңғайлы препараттардың санына жатады.
6) Фенолды: амоцид, резорцин, трикрезол, ферозол, резорцин, бензонафтол, ваготил және т.б. Бактериоцидті, спорацидті және фунгицидті әсер көрсетеді. Теріні тітіркендіреді, жаққан жерге тез сіңеді, токсикалық. Антисептик ретінде стоматологияда тамырлы каналды және тіс пульпасының некротизациясын өңдеуде қолданылады. Ваготил жергілікті бактерицидті және трихомонацидті әсер көрсетеді. Резорцин антисептик ретінде фенолдан кем. Аз концентрацияда кератопластикалық, ал көп мөлшерде кератолитикалық және күйдіргіш әсер көрсетеді. Бірақта бұл топ вирустар және бактериялардың спор түрлеріне белсенді емес.
7) Органикалық қышқылдар медициналық мекемелер дегемодиализді аппараттардың дезинфекциясы үшін қолданылады. Қазіргі уақытта ғалымдар перокси қышқылдардың антимикробтық қасиетін зерттеуде, аз концентрацияда препарат оның негізінде жоғары бактерицидті әсер көрсетеді. Кең қолданылмайдыҚазіргі күнде химиялық дезинфекцияға кешенді әмбебап шешім жоқ. Әрбір топ құралдары – бұл күшті және әлсіз жақ комбинациясы.Емдік-алдын-алу мекемеде дезинфекция, дезинсекция, дератизация заттарыМемлекеттік Реестрінде тіркелген, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі бар дезинфекциялық заттарды ғана қолдануға рұқсат етіледі.ҚР кең қолданылатын препараттар гигасепт, лизетол, терралин, перформ, октенисепт, октениман, октенидерм, және де біраз белсенді енгізілетін лизоформин және дезэфект. Бұл ретте препараттың біраз үлкен тізбегі толық ақпараттың жоқтығына байланысты сол қалпында талап етілмейді.
3.3.6 Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар«Деохлор» құралы салмағы 3,4 г қамтитын дәрілер түрінде келеді, оның құрамында 1,5 г (44,2%) белсенді хлорлы дихлоризоциануралық қышқылының қызметтік заты - натрий тұзы бар. Оның бактерияға қарсы, вирулицидтік және фунгицидтік қасиеті белгілі. Асқазанға енгізілгендегі қалыпты-қауіпті заттардың 3 классына жатқызылады. Белсенді
хлоры 0,1% немесе одан да жоғары шоғырлануы жағдайында тыныс алу ағзалары мен көздің зақымдануын туғызады. Бактериялық туындау себебі бар инфекциялар кезінде (өкпе құрт ауруы мен аурухана ішілік инфекцияларды туындатушылар), вирусты инфекциялар кезінде (ЖИТС, парентеральды жұғу механизмді гепатиттер), түрлі салалы ЕАМ-дегі қышыма қотыр туындау себебі бар инфекциялар кезінде (күнделікті және жаппай жинастыру жүргізу үшін), балалар мекемелеріндегі инфекциялық ошақтар кезінде (қорытынды дезинфекция жүргізу үшін) бөлмедегі жиһаз, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтар, төсек жабдықтары, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау үшін қолданылады. Ауруларды алдын-алу мақсатында 0,015% ерітінді пайдаланылады (1дәріні 10 литр суға ерітеміз).
«ДЕЗ-ХЛОР» дезинфекциялық құралының белсенді заты - дихлоризоциануралық қышқылдың натрий тұзы. Ол салмағы 3,35 гр-дық хлорлы иісті ақ дәрілер түрінде шығарылады. Бұл дезинфекциялық құралдың микробқа қарсы әсері бактерияларға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса айтқанда), вирустарға (полиомиелит, энтеровирус инфекциялары, Коксаки, ЕСНО, энтеральды және парентеральды гепатиттер, ЖИТС инфекциясы, тұмау, «H5N1 құс тұмауы», ЖРВИ, герпетикалық, аденовирустық және т.б. инфекциялар), Кандида текті қышыма қотыр, дерматофиттерге бағытталады.«ДЕЗ-ХЛОР» дезинфекциялық құралын коррозияға тұрақты металлдар, әйнек, пластмасса, резеңке; бөлмедегі бедерлер (еден, қабырға, есіктер және т.б.), қатқыл жиһаз; санитарлық транспорт; санитарлық-техникалық құрал-жабдықтар (ванна, шұңғылша және т.б), резеңке төсеніштер; төсек жабдықтар; асханалық және лабораториялық ыдыс-аяқтар (сонымен қатар бір реттік қолданылатын), ыдыс жуу құралдары (шөтке, ерш және т.б.), ойыншықтар (жұмсақтарынан басқа), науқастарды күту құралдары; жинастыру материалдары, медициналық қоқыстар (қолданылған сүлгілер, байлап-таңу материалдары және т.б.).«Вапусан» дезинфекциялық құралының құрамында альдегид, хлор мен фенол жоқ. Белсенді заттары – төртік аммонийлік қосындылар қоспасы мен этанол 1 л пластик бөтелкелеріне құйылып шығарылады. Жақсы жуып-шаюшы, тазалаушы әсерге ие. Жіті токсикалық қасиеті жағынан қатерлігі төмен қосындылардың 4-ші класына жатады. Өңдеу жұмыстары бөлмеде адамдардың болуымен жүре алады.ЕАМ-дегі бөлмелердің бедерін, жиһаз, медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарын алдын-алу, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, дерматофития), вирусық (ЖИТС пен гепатитті қоса алғанда) инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады. Дезинфекцияны сүрту және суармалау тәсілімен жүзеге асырады, сүрту үшін заттың 100 мл/м2ерітіндісіне салса, суармалау үшін 250 мл-іне салып қояды. «ДП-Алтай» дезинфекциялық құралы белсенді заты ретінде трихлорициануралық қышқылын қамтиды. Салмағы 5 г-дық хлорлы иісі бар дәрі қалпында шығарылады. Оның микробқа қарсы әсері жүреді: грамм оң және грамм теріс бактерияларға (өкпе құрты микобактериясын қосқанда), вирустарға (энтеровирустық инфекциялардың қоздырғыштары – полиомиелит, Коксаки, ЕСНО; энтеральды және парентеральды гепатиттер, ВИЧ-инфекциясы, тұмау, «құс» тұмауы H5NI, герпетикалық, цитомегаловирустық, аденовирустық инфекциялар),қышыма қотыр.Медициналық қолданыстағы құралдарды, бөлмедегі бедерлерді (еден, қабырға, есіктер және т.б.), қатқыл жиһаз, санитарлық транспорт, санитарлық-техникалық құралжабдықтар (ванна, шұңғылша және т.б.), төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, күтім және жеке бас гигиена құралдары, жуып-тазалау құралдары, медициналық қалдықтарды өңдеп-тазалауға арналады.
«Дюльбак ДТБЛ» дезинфекциялық құралының құрамында 4,5% дидецилдиметиламмоний хлориді, 6% беткейлі-белсенді заттар, 6% сілтілі тұздары бар иіссіз, қою көгілдір түстес, сұйық концентраты. Бактеридцидті (туберкулоцидті), вирулицидті (парентеральды вирустық гепатиттер мен ВИЧ-инфекция қоздырғышына қарасты), фунгицидті (Кандида және дерматофит тектес қышыма қотырға қарасты), жуып-шаюшы қасиетке ие. ЕАМ-дегі алдын-алу, күнделікті, қорытынды дезинфекциялау кезінде бөлме бедері, жиһаз, медициналық қолданыстағы бұйымдар, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарды өңдеуде қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыры (кандидоз, дерматофития), вирустық (гепатит пен ЖИТС) инфекция ошағында дезинфекция жүргізгенде де пайдаланылады. Өңдеу жұмысын ерітіндімен сүрту, суармалау және толыққанды ерітіндіге енгізу арқылы жүргізеді. Ерітіндіні орта есеппен 2-ден 50 мл шамасында сумен араластырып дайындау көзделген. «Санивап» дезинфекциялық құралы - салмағы 3,5 (±0,3) г ақ түсті дөңгелек пішінді дәрі. Белсенді заты – дихлоризоци-ануралық қышқылдың натрий тұзы -73,0% және қызметтік құрамдас бөліктер: адипинді қышқыл, натрий гидрокарбонаты. Белсенді хлор массасы (1 дана дәріні суда еріткенде) 1,5±0,15 г. Микробқа қарсы әсері бактерияға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса алғанда), вирусқа, қышыма қотырға жүреді. ЕАМ-дегі бөлмелердің бедерін, қатқыл жиһаз, құрал-аппараттардың бедерін, медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарын алдын-алу, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, дерматофития), вирустық инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады.
«Акватабс» дезинфекциялық құралы – дезинфекциялаушы хлорлы дәрілер; белсенді заты – дихлоризациануралық қыщқылдың натрий тұзы мен толықтырғыштар (натрий бикарбонаты, адипинді қышқыл мен натрий сульфаты). Бұл құралдың бактерицидті, вирулицидті және фунгицидті әсері бар. Ас суы, жүзу бассейндеріндегі суды, беткейлерді, су сақтаушы ыдыстарды, қосалқы бөлмелердің бедерін, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарды, жинастыру құралдары, жеміс-жидектерді зарарсыздандыруға қолданылады. Түрлі заттарды дезинфекциялау үшін белсенді хлоры 0,0025-тен 0,2%-ға дейінгі дәрілерді ерітіп қолданамыз