1. Мейірбике ісі, мейірбикенің жұмысын барлық кезеңдерде ұйымдастыру


СанПиН - ге сәйкес бұйрықтар (санитарлық ережелер мен нормалар). Заманауи дезинфекциялық ерітінділер



бет7/41
Дата14.02.2023
өлшемі1,77 Mb.
#67925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
1. Ìåé³ðáèêå ³ñ³, ìåé³ðáèêåí³? æ?ìûñûí áàðëû? êåçå?äåðäå ?éûìäàñ

6.СанПиН - ге сәйкес бұйрықтар (санитарлық ережелер мен нормалар). Заманауи дезинфекциялық ерітінділер.
СанҚжН талаптары белгілі бір санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауды білдіреді. Осылайша, жаңартылған СанҚжН талаптары медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларына, емдеу-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларға, стерилизацияға қойылады. 
Санитарлық қағидалар бойынша қолданыстағы бұйрыққа сәйкес еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар тұрақты профилактикалық тексерулерден өтуді, жұмыс орындарында (ультрадыбыстық диагностика кабинеті, аэрозольді-ингаляциялық кабинеттер және құрамында зиянды химиялық заттар бар басқа да үй-жайлар болса да) тиісті гигиеналық нормативтерді қамтамасыз етуді білдіреді. Әр қызметкер науқасқа кез келген іс-қимылдарды жасар алдында қолғап киюі керек. Медициналық қызметкер барлық белгіленген қадамдарды сақтай отырып, әр медициналық манипуляцияның алдында және одан кейін қолдарын өңдеуі тиіс. Сонымен қатар, персонал қорғаныш арнайы киім жиынтығымен, стационарларда душ және дәретханасы бар жеке киім ілетін орынмен қамтамасыз етілуі қажет. 
Әрбір құрылымдық бөлімше тамақ ішуге арналған жағдайлары бар персоналға арналған бөлмемен жабдықталуы тиіс. Санитариялық нормалар мен қағидалар (СанҚжН) акушерлік және хирургиялық блок қызметкерлері үшін күнделікті (сондай-ақ ластануына қарай) киім ауыстыруды көздейді. ММ СанҚжН емдеу мекемесінен тыс жерде медициналық киімде жүруге және жұмыс орнында тамақтануға тыйым салынады. 
Санитариялық тораптар қол жууға арналған құралдармен және ыстық, суық су келтірілген раковиналармен, сондай-ақ бір рет пайдаланылатын сүлгілермен немесе электр сүлгілермен жабдықталуы тиіс. СанҚжН-де ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу мақсатында үй-жайларды және медициналық бұйымдарды өңдеу туралы жазылған. Бұл профилактикалық және ошақтық дезинфекция, зарарсыздандыру, медициналық бұйымдар мен беттерді алдын ала стерильдеу. Дезинфекциялық ерітінділер:
Хлорамин Б – суда ериді, 50-60˚С жылытылған ерітіндісінің зарарсыздандыру әсері күшті;
Кальцийдің нейтралды гипохлориді – ерітіндісін дайындалғаннан 30 мин соң қолданады;
Натрий гипохлориді – 0,5% жұмысты ерітіндісі 60 минут экспозициямен вирусты инфекцияларда шыны, пластмасса, силиконды резинадан жасалынған заттарды толық батыруда қолданылады;
Хлориксидин биглюконат – 20% мөлдір, иісі жоқ ерітінді. Хирургиялық құрал-саймандарды, хирург, мейірбике, акушеркалардың қолдарын өңдеу үшін қолданылады;
Сүтегінің асқын тотығы- 3-4% ерітінді 80-180 минут экспозициямен жуғыш ерітінді құрамында құрал-саймандарды тазалау үшін қолданылады;
Тиісті қауіптілік сыныбының қалдықтары арнайы контейнерлерге, бір реттік, су өткізбейтін қаптарға, пакеттерге, металл және пластик ыдыстарға жиналады. 
ҚР СанҚжН нормаларына сүйене отырып, медициналық қалдықтарды бөлетін қауіптіліктің 5 сыныбы бар.
А сыныбы — ең қауіпсіз қалдықтар.
Б сыныбы — қауіпті медициналық қалдықтар (науқаспен жанасқан)
В сыныбы — аса қауіпті медициналық қалдықтар (науқаспен тікелей байланыста болған заттар)
Г сыныбы — құрамында улы заттар бар құралдар.
Д сыныбы — радиация қалдықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет