Тарихи фонетика



бет1/3
Дата29.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40753
  1   2   3
Байланысты:
Дәріс 3

Тарихи фонетика

Жоспары

1.Дауысты дыбыстар жүйесінің дамуы

2.Дауыссыз дыбыстар жүйесі

Дауысты дыбыстар жүйесінің дамуы

Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде дауысты дыбыстар дыбыстау органдарының ашылу дәрежесіне қарай(ашық –а,е,о,ө,қысаң– у,ү,ұ,ы.і), дыбыстың айтылу тонының көтеріңкі не бәсеңдігіне қарай( жуан– а,о,(ұ),у,ы, жіңішке– е,(ә),ө,(ү),і), еріннің қатысына қарай (еріндік–о,ө,ұ,ү,у, езулік–а,ә,ы,і,и) болып жіктеледі.Бірақ кейбір тілдерінде жуан дыбысты а - ға екі түрлі жіңішке (е,ә) сәйкес келеді.

Көп жағдайда ерін дауыстылар сөздің бірінші,екінші буындарынан аспаса, қырғыз тілінде ғана сөз басынан аяғына дейін еріндік дауыстылар сақталады. Тува, түрікмен, якут, қырғыз тілдерінде дауысты дыбыстар созылыңқы, қысқа айтылуына қарай да жіктеледі.Түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстардың бұлайша созылыңқы, қысылыңқы айтылуын түркітанушылар жалпы түркілік негіз тілдердің жеке тілдерге ыдырауы кезіңімен байланыстырады.


В.Радлов барлық негіз түркі тілдеріне тән, ортақ дауысты дыбыстар қатарына а,е,о,ө,ы,і,ү,у дыбыстарын жатқызады.Дауысты дыбыстардың фонетикалық мәнде тұрақты қолданылатын орны – түбірлердің бастапқы буыны.
Сөздің басқы буынындағы дауысты дыбыстардың басты ерекшеліктері:
а)дауысты дыбыстар басқы буында фонетикалық жақтан тұрақты, комбинаторлық өзгеріске түспейді;
ә) сөз мағынасын айқындайды(ал-сәл, сол-сел т.б.).
Қазақ тілі жалпытүркілік негізден алшақ кетпегенмен, дауыстылардың кейбір «жаңа» түрлері қалыптасқанын анықтауға болады. Соның бірі – ә дыбысы.
Көптеген ғалымдар аталған фонеманың қалыптасуын араб-парсы тілдерінің ықпалымен байланыстырады. Өйткені араб-парсы тілдерінде ғ,х дыбыстарынан басталатын сөздер қазақ тілінде ә- ден басталатын болып қалыптасқан:
Әкім, Әбдрахман. Ал әкел, жәй, Күлпәш сөздерінің құрамындағы ә дыбысы –түрлі фонетикалық құбылыстардың нәтижесі.
Әзірбайжан тілінде сөз ортасында ғ,һ дыбыстары түсіріліп, олардың орнына ғ дыбысы өте жиі кездеседі. Аталған ә дыбысы,
біріншіден, кірме сөздер (әр-һәр -әркім, әрдайым, әскер-ғаскер, әуе-ғауа); екіншіден, кейінгі ықпалдың нәтижесінде пайда болған сөздер (әпер, әкел);
үшіншіден, ш, ж дыбыстарының алдында а дыбысы жіңішкеріп кететін сөздер (жай, шай); төртіншіден, ілгерінді ықпалға ұшыраған сөздер (Күләш) құрамында кездеседі
Ал, ел, әл сөз қатарында ә фонемасы сөз мағынасын ажыратады, бірақ бұл сөз – кірме сөз, ал әкел сөзі құрамындағы ә - дыбыс, фонема емес[6,11].
Қазақ тіліндегі «жаңа» дауыстылар қатарына – у, и, дифтонгтары да жатады. Түркітануда дифтонгтар мен созылыңқы дауыстылардың қалыптасуын орта түркі дәуірінің алғашқы кезеңіне жатқызады, әрі кейбір тілдердегі (қырғыз, алтай) созылыңқы дауыстылардың пайда болуымен тығыз байланысты.
Дифтонгтардың қалыптасуы, екіншіден, кей сөздердің фонетикалық дивергенция құбылысына ұшырауына алып келіп, олардың бірнеше вариантта қалыптасуына негіз болған: бек-би-бій, йығ- жи(дыбыс сәйкестігі ығ- ег >и-ій).Негізінен у< уғ (іг) дыбыс тіркесінен дамып шыққан:(суғ-су, елу – елліг). И дыбысының шығу төркіні де осыған ұқсас: йығ – жи, йығыл – жиыл, бек/би(ығ/іг>и).
«Жаңа» дауыстылар қатарына ұ дыбысы жатады.
Ежелгі түркі тіліндегі сөздің басқы буынында айтылған у дыбысын зерттеушілер қыпшақ тіліндегі қысқа айтылатын о-у, у-ы аралығында естілетін жуан дауыстыға ауысқан дейді.
V-VIIIғ. жазбаларында: қул (құл),уйа (ұя), уруш (ұрыс),М.Қашқари сөздігінде: улығ( ұлық), уйат(ұят) т.б.
Қазіргі қазақ тілінде ұ тек алғашқы буында жұмсалады:
а) о мен ғ дыбыс тіркесінің нәтижесі:оғлан(улан), оғры(ұры);
ә)ескі түркілік о дыбысының қазақ тілінің диалектілерінде қысаңдауы орын алған: ояну-ұяну, орпақ-ұрпақ.
Сөздің абсолют басында не алғашқы буынында айтылатын ө,ү дыбыстары да ескі түркі тілінде осындай орындарда қолданылған:үчүн – үшін т.б.
Ескі түркі тілінде ү дыбысы екінші- үшінші буындарда айтылғанымен, қазір делабиализацияға ұшыраған:өкүнүш,күмүш(өкініш, күміс) т.б.
«Жаңа» дыбыстарға–тыл, станция, электр кірме сөздердің құрамындағы ы, и дыбыстары.Бұлардың қазақ тіліндегі осы тектес дыбыстардан айырмашылығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет