1. Мемлекет және дін. Мемлекет жәнет құқық. Құқық және дін арақатынасы



бет2/6
Дата05.10.2024
өлшемі25,86 Kb.
#146884
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-ҚҚДмҚР

2. Құқық және дін арақатынасы. Дін – адам мен қоғам өмірінің барлық аспектілеріне жан-жақты ықпал еткен. Ол өзінде адам мен Құдай арасындағы жеке диалогты ғана емес, бәлкім адамның адаммен, адамның қоғаммен қатынасын, сауда-саттық, үйлену-ажырасу, мирасқорлық сияқты көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, сондай-ақ жалпы өмір сүру дәстүрлерін мұқияттылықпен қарастырады.
Діннің бүгінгі зайырлы құқықпен үндесе-үйлесетін тұстары көп. Діни және зайырлы құқықтың қағидаттарына ортақ болып табылатын маңызды мәселелердің бастысы – адам құқықтарын ескеру мен қорғау. Яғни діни және зайырлы құқықтық негіздер бойынша әр адам қай жерде жүрсе де, құқық субъектісі ретінде танылуына құқылы. Адамзатқа он төрт ғасыр бұрын жеткен исламның шариғатында адам құқықтары жөніндегі кодекстің негізгі қағидаттары қамтылған. Діни және зайырлы құқықтық заңнамаларда адамның ар-намысы мен абыройын сақтау, қысым көрсетілу мен әділетсіздіккежол бермеу сияқты ортақ мәселелер көтерілген.
Ислам дініндегі классикалық ұлы ғалымдардың бірі болған имам әл-Ғазали ислам дінінің негізгі құқықтық принциптері жайлы: «Расында Жаратушы жаратылысына бес нәрсені сақтауға кепілдік береді: олардың дінін, өмірін, ақыл-есін, ұрпағын және мал-мүлкін. Аталған бес нәрсені сақтау – парыз, ал оларды бұзу – жамандық. Бұл жамандықты тоқтату міндеттелінген»- деп айтты. Мұндағы берілген бес құндылық адам өмірінің негізін құрайды.
Діни және зайырлы құқықтың үндестіктері мен ортақ қағидаттарының сабақтасып үйлесуін мына бағыттарда байқауға болады:

  1. Адамның өмір сүруге құқығы. Адам өміріндегі ең маңызды орынға ие болған құқық ол – адамның өмір сүруге құқығы. Мысалы, Ислам бойынша басқа конституциялық заңдардағыдай, адам өмірі қасиетті әрі дербес құқықты болып табылады. Сонымен қатар ешкім оған заңсыз қол сұға алмайды. Оны қорғауда барлық қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізу міндеттелген. Ислам діні адамның құқықтарына қол салуды, ар-намысына тиюді, оның заңмен қаралған қандай да бір бостандығын шектеуді үлкен қылмыс, әрі Жаратушыға қарсы шығу деп санайды. Ислам дінінің ең басты принциптерінің бірі – жеке тұлғаның дербестігіне және оның өмірінің қауіпсіздігіне кепілдік беру. Сонымен қатар, басқа әлемдік діндер секілді ислам заңнамасы адамның өз-өзіне зиян тигізіп, өміріне қол жұмсаудан қатаң түрде тыяды.

  2. Адамның жеке бас бостандығына құқығы. Әр уақыт адамның бұғаудан босап, аңсап келген еркіндігі мен бостандығы зайырлы конституциялық заңдарымен қатар, бұл діннің құқықтық заңнамасынан тыс қалған жоқ. Расында адам баласы еркін болып туылады. Оның құқықтарына заңға қайшы ешкім қол сұға алмайды.дамның еркіндік мәселесіне ислам діні көп маңыздылық берген. Дүниеде адам баласы саяси, интеллектуалды, әлеуметтік, діни және экономикалық құлдықтың батпағына бата бастағанда, ислам діні діни сенім бостандығын, ой-пікір, сөз бен сын айту еркіндігін бекітті.

  3. Әділеттікке құқығы мен Заң алдындағы теңдік. Әділеттікке құқығын қарастырсақ, әр бір тұлғаның құқықтары тек қана заңмен қаралуы тиіс. Әр бір адам әділетсіздікке қарсы тұруға құқықты ғана емес, бәлкім бұл оның парызы. Осы мәселеде ол тиісті құзіретті органдар мен заңда рұқсат етілген құралдарға жүгіне алады. Мұндайдан ол адам өз отбасы мүшелері мен қоғамын қорғауы тиіс.

Дүниежүзілік декларациялар мен құқықтық заңдар бойынша адамға өзінің ұстанатын дініне, түр-түсіне, нәсіліне, тегіне, жынысына немесе тіліне қатысты әділетсіз мәміле жасалмау керектігі белгілі. Сондықтан ешбір тұлға Заң алдында басқа тұлғадан артық емес, және де барлық адам өзінің құқықтарын қорғауда бірдей мүмкіншілікке ие. Ал аталмыш принциптер өз көрінісін дінде де тапты.
Адам өмірінде елеулі орын алып жатқандардың бірі ол – оның ары мен абыройы. Сол себепті әр адам өз атына немесе отбасысына қатысты айтылған негізсіз жалалар мен масқараулардан және бопсалаулардан қорғануға құқықты. Дін адамдардың бір-бірін жамандауға, қауымдардың арасындағы сондай әрекеттерге баруға тыйым салады. Әр бір адам жеке не ұйымдасқан түрде қоғамның діни, әлеуметтік немесе саяси өміріне қатысып, жақсылыққа бұйыратын, жамандықтан тыйятын іс-шараларын өткізуге қатыса алады.

  1. Жекеменшікке және адал еңбегінің ақысына құқығы. Дін адамның жекеменшік құқықтарын да ескерген. Солардың ішінде маңызды орын алатын адамның жеке тұрғын үйге құқығын айқындайық. Мысалы, Ислам жеке тұрғын орынға құқықты 7-ші ғасырда-ақ заңды түрде бекіткен. Оның құқықтық заңнамасы бойынша жеке үйге рұқсатсыз, заңсыз кіруге тыйым салынған. Сонымен қатар, ислам жеке үйдің қол сұғылмаушылық құқығына маңыздылық бергені соншалық, тіпіті мұсылманға өз бала-шағасына да, үйіндегі қызметшілеріне де жатын бөлмеге тек рұқсат сұрап кіруіне тәрбиелеуді бұйырады.

ҚР Еңбек кодексінде бекітілгендей исламның шариғатында да адамның адал еңбегі үшін ақы алу құқығы бар. Адамның адал жұмысына қиянат жасамай ақысын жедел беруді бұйырған діни нормада: «жұмысшының ақысын маңдайдағы тері кеппей тұрып беріңдер»- деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет