1. Мемлекет және дін. Мемлекет жәнет құқық. Құқық және дін арақатынасы


Қазіргі мемлекет және конфессиялар арасындағы қатынастар



бет6/6
Дата05.10.2024
өлшемі25,86 Kb.
#146884
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-ҚҚДмҚР

6. Қазіргі мемлекет және конфессиялар арасындағы қатынастар. Мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастар, діни дәстүрлер кез-келген мемлекеттің тарихы мен ішкі қоғамдық-саяси тұрақтылығына үлкен ықпалын тигізеді. Қазіргі таңда әлемде мемлекеттік-шіркеу қатынастарының түрлі үлгілері мен концепциялары қалыптасты және олардың әрқайсысының өзініңжүріп өткен өзіндік қоғамдық-тарихи жолдары бар.
Қазіргі әлемдегі кеңінен таралған мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың үлгілері соңғы екі ғасыр бойы әр елдегі ішкі социомәдени, саяси, экономикалық ерекшеліктерге байланысты мемлекет пен жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған діни инстиуттар арасында қалыптасты. Осы қалыптасқан үлгілер көптеген елдерде жаһандық үрдістерге байланысты бірқатар өзгерістерге ұшырағанына қарамастан, қазіргі күні негізгі мазмұны мен бағытын сақтап отыр. Қазақстан Республикасына келер болсақ, осы уақыт аралығында тарихи себептерге байланысты, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды тәуелсіз, өзіндік жолмен анықтауға мүмкіндігі болмады, сол себептен, тәуелсіздікті жариялағаннан кейінгі жылдар мемлекеттңі жалпы дінге және діни ұйымдарға қатысты қатынастары қайта қарастырылып, оның тиімді үлгісі іздестіріліп, негізгі бағыттары әлі де анықталу үстінде.
Қазақстан Республикасы өз азаматтарының діни сенімдері мен көзқарастырына байланысты дискриминацияға жол бермеді, дүниетанымдық және рухани ізденістерін өздері анықтаудағы еркіндікке конституциялық деңгейде және өзге де ұлттық заңнамалық негіздер ретінде кепілдік берді.
Қазақсан Республикасында ресми деректерге сай, 2011 жылы 46 конфессия мен деноминациялардңы өкілдері ретінде 4551 діни бірлестік тіркелген. Ал «Діни іс-әрекет және діни қызмет» қабылданған кезеңнен кейін барлық діни ұйымдар қайта тіркеуден өту керек болды. Қайта тіркеудің нәтижесіне сәйкес, 17 конфессияны құрайтын 3088 діни бірлестіктер мен олардың филиалдары қалды. Атап айтар болсақ:

  1. Ислам,

  2. Православие,

  3. Елуіншілер шіркеулері;

  4. Інжілдік христиан-баптистер;

  5. Католиктік;

  6. Ехоба куәгерлері;

  7. Пресветериандық шіркеулер;

  8. Жетінші күн адентистері;

  9. Інжілдік лютеран шіркеуі;

  10. Методистер;

  11. Жаңаапостольдік шіркеу;

  12. Кришнаиттер;

  13. Бахаи;

  14. Иудаизм;

  15. Буддизм:

  16. Иса Мәсіхтің соңғы қасиеттті күндері (мормондар) шіркеуі.

Көпконфессионалды мемлекеттің тиімді қызмет етуі және ішкі қоғамдық тұрақтылығы оның жүргізіп отырған діни саясатының бағыттары мен мазмұнына тікелей байланысты. Діни саясаттың мазмұны ұлттық мәдениеттің негізін құрап келген, қоғамның рухани дамуына ғасырлар бойы үлесін қосып келген дәстүрлі діндерді сақтау және дамытумен анықталуы қажет. Себебі, қазіргі жаһандық мультикультуризм шарттарында мемлекеттің мәдени-өркениеттік аспекті-сіне көп назар аударылады, дін болсаұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі бола отырып, ұлттық болмыс пен мұраны сақтап, дамытуға үлесін қосады.
Мемлекеттің кез-келген саясаты оның құрылымын қалыптастыратын құндылықтық-мақсатты, нормативті, институционалды және функционалды компонеттері болады. Діни саясаттңы құндылықтық-мақсатты компоненті діннің және діни ұйымдардың ел және қоғам өміріндегі орны мен рөлі, сенім бостандығы жөніндегі идеялық-дүниетанымдық көзқарастар жүйесінен тұрып, мемлекеттің дін саласындағы стратегиялық мақсаттары мен оның жүзеге асыру жолдарын анықтайды. Сол себептен, діни саясат мазмұны мен қоғамдық өмірдің рухани даму бағыттары осы құндылықтық-мақсатты компонентті дұрыс анықтауға байланысты. Мемлекеттің теократиялық, діни, ресми діні бар немесе атейстік сипаттарына байланысты діни саясатта негізгі ұстындар қалыптасады. Қазақстан Республикасы өзін зайырлы деп анықтайды, яғни мемлекет пен діни ұйымдар бөлінген. Алайда, дін қоғамдық жүйенің және қоғамдық қатынастардың ажырамас бөлігі, және қазіргі таңдағы қазақстан қоғамдық өміріндегі рөлі мен маңызының өсу үдерісі байқалады. Осыған және жаһандық үрдістердің ықпалының нәтижесінде діни фактордың күшеюін ескерсек, мақсатты-құндылықты компонентті анықтауда діннің қазіргі таңдағы қоғамдық өмірдегі шынайы рөлін дұрыс анықтау аса маңызды және қоғамдық- саяси тұрақтылық пен қоғамның рухани дамуын сақтауда өзекті болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет