1. Мемлекет және дін. Мемлекет жәнет құқық. Құқық және дін арақатынасы



бет5/6
Дата05.10.2024
өлшемі25,86 Kb.
#146884
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-ҚҚДмҚР

5. Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың қалыптасуы аспектілері. Дін-бұл әлемдік тарихтағы қол жетімді деректерге қарағанда, адамзат баласы пайда боғлалы бері ең көне және әмбебап қоғамдық сана болып табылады. Адамзат қоғамының ерте сатыларынан бастап дін күні бүгінге дейін қоғамдық өмірдің маңызды саласы болып келді және солай бола бермек. Діннің пайда болғалы бері оның индивидуалды жеке адаммен ғана байланысы емес, белгілі бір тайпамен, румен, қаламен, кейіннен толық бір қоғаммен байланыста дамығанын көруге болады.
Қазіргі таңдағы мемлекет және дін аралық қатынастар бүкіләлемдік үрді с аясында дамыды, дегенмен олардың белгілі бір мемлекет шеңберіндегі тарихи, қоғамдық-мәдени, саяси шарттар негізінде қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері болады.
Жалпы шетелдік әдебиеттерде мемлекеттік пен діни қатынастарының заман ағымына байланысты өзгеруін түсіндіретін негізгі үш теория бар:

  1. құрылымдық,

  2. рационалды таңдау,

  3. саяси.

Құрылымдық тәсілдемеге сәйкес, қоғамдағы үлкен және терең өзгерістер мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың өзгеруіне алып келеді.
Рационалды таңдау тәсілдемесіне сай, керісінше, мемлекеттің діни ұйымдармен қандай қатынастар құру керектігін және олардың қарым-қатынастарының сәйкес түрлерін жекеленген саясаткерлер анықтайды.
Үшінші, саяси тәсілдемеге сай, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар діни және діни емес топтардың қақтығысының нәтижесі.
Дэймон Майрлдың пікірінше, аталмыш тәсілдемелер, мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың өзгеруінің белгілі бір деңгейде түсіндірігенімен де, жағдайды толықтай түсіндіріп бере алмайды. Ғалымның пікірінше, оны толықтай анықтай алатын әлеуметтік-мәдени тәсілдеме. Дэймон саяси және діни құрылымы жағынан бір-біріне өте ұқсас келетін және ортақ саяси-құқықтық дәстүрлері АҚШ пен Австралиядағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың өзгеруін зерттей және талдай келе аталмыш тұжырымдаманы дәлелдейді.
Жоғарыда аталған үш тәсілдемеден әлеуметтік-мәдени тәсілдеменің артқышылығы мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарды формальді-заңнамалық және институцион-алды негіздерден тереңірек және кеңінен түсінуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік-мәдени тәсілдеме бір-біріне ұқсас саяси жүйелер мен қоғамдық институттардың қарым-қатынастарының әр мемлекетте түрліше жүзеге асырылуын қоғамдық сана-дағы ментальдік және ұлттық мифтердің, ерекшеліктерді тереңірек анықтайды.
Кез-келген қоғамдағы дін мен саясаттың ара-қатынасына сол қоғамның тарихи және ұлттық шарттары мен ерекшеліктері ықпал етеді. Сонымен қатар, дін мен саясат қарым-қатынастарына ғасырлар бойы діннңі құрылымы мен қоғамдық статусы саяси құрылым-биліктің түрі, саяси режим, көптеген экономикалық, мәдени факторлар және сыртқы факторлар да үлестерін қосып, қоғамдық-мәдени ерекшеліктерді түзді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет