1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі


Саяси және мемлекеттік билік. Билікті табыстау және биліктің бөлінуі



бет40/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
44. Саяси және мемлекеттік билік. Билікті табыстау және биліктің бөлінуі.
Саяси биліктің мазмұны мемлекеттік биліктен де кеңірек. Саяси билік – ол мемлекеттік биліктің құрамын қалыптастыратын жүйе. Саяси билікке жататындар: қоғамда ресми қабылданған саяси топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, сайлау жүйелері мен сайлаушылар. Кейбір елдерде парламентті қалыптастыратын көппартиялық жүйе (Франция, Италия), ал кейбір елдерде екіпартиялық жүйе (АҚШ, Англия) орныққан.Саяси билік адамзат тарихында ежелгі заманнан бар. Мысалы, қазақ даласы тарихындағы ақсақалдар, ақсүйектер, билер кеңесі болса, ал славян халықтарында X-XIV ғасырларда вече, рада болды. Бұл саяси билік өзі тікелей билік етпегенмен, әулеттің көптеген өкілдерінің ішінен кім хан, кім князь болуын ұйғарып отырды. Бұл қазіргі демократия тәртібіндегі саяси партиялар мен әртүрлі қоғамдық топтарға ұқсайды.Ал мемлекеттік билік ол саяси биліктің ұйғарған уәкілділігін іске асыратын жүйе. Сайлаушылар, саяси партиялар президент сайлайды, парламент қалыптастырады, яғни мемлекеттік биліктің құрамын құрастырады. Осы мемлекеттік билікке қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Ал саяси билікте ондай өкілеттік болмайды. Мысалы, саяси партия саяси биліктің құрамында болғанымен саяси партиядан қоғам мүшелері тәуелсіз, партияға бағынатындар әрбір партияның өз мүшелері ғана.Билiктi тармақтаға бөлу — демократиялық-құқықтық елде мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз, дербес тармақтарға: заң шығару (низамдық), атқару және сот қызметіне бөлу принципі. Бұл құқықтық-саяси ұстынның басты мақсаты — билікті бір адамның, не бір мемлекеттік органның қолына ғана шоғырландыруға жол бермеу. Яғни, мемлекеттік органдар тиесілі билік түрін өз өкілеттерінің шегінде, өзге факторлардың ықпалынсыз жүзеге асыруға тиіс. Жалпы, билікті тармақтарға бөлу — көне замандарда пайда болған саяси-құқықтық қағида. Соған сәйкес “мемлекеттік билік” ұғымының өзі бір-біріне тәуелсіз органдар жүзеге асыратын әр қилы билік жүргізу қызметтерінің (заң шығарушылық, атқарушылық және сот биліктері) жиынтығы ретінде түсіндіріледі.Ежелгі және орта ғасырлардағы ойшылдардың (Аристотельдің, Марсилий Падуанскийдің, т.б.) билікті тармақтарға бөлу идеясын 18 ғасырдың орта шенінде Ш. Монтескье (1689 — 1755) дербес ілім ретінде дамытты. Маркстік-лениндік теория “мемлекеттің таптық болмысына” қайшы құбылыс ретінде билікті тармақтарға бөлу ілімін теріске шығарды, соның салдарынан бұрынғы КСРО-да және марксшіл-лениншіл уағызға ұйыған т.б. елдерде тоталитарлық тәртіп үстемдік құрды.Қазақстанда билікті тармақтарға бөлу принципі елдің конституциялық құрылысы негіздерінің бірі ретінде жүзеге асырылады. Мәселен, ҚР Конституциясының 3-бабында “Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады” делінген.Билік бөлінісі – мемлекеттік билікті үйымдастыру қағидаты, оған сәйкес мемлекеттегі билік бір-бірінен тәуелсіз, бірін-бірі тепетеңдікте үстайтын үш тармаққа бөлінеді – атқарушы, заңшығарушы және сот билігі. Билік бөлінісі теориясы сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Мысалы, Аристотель мемлекеттік қүрылымның кез келген түрінің негізі үш бөліктен тұрады дейді: біріншісі – мемлекеттің ісін қарастыратын заң шығарушы-кеңесші орган; екіншісі – қызметтік, яғни мемлекеттік қызметтер және олардың орнын ауыстыру әдістері; үшінші – сот органдары. Билік бөлінісі теориясының классикалық нүсқасын жасауға ерекше үлес қосқан Ш.Монтескье (1659-1753). Ол мемлекеттік биліктің үш бүтаққа: заңшығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлді. Бүл бүтақтардың әрқайсысы өз өкілеттігі аясында бір-бірінен тәуелсіз болуы керек. Монтескьенің пікірінше, биліктің бір адамның немесе бір органның қолында шоғырлануы жеке түлға еркіндігін шектеп, қиянатқа апарады. Қазіргі кезде билік бөлінісі – саяси өмірдің түрі ретіндегі қүқықтық мемлекет пен демократияның аса маңызды элементтерінің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет