1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Қылмыстық әрекеттерді болдырмайтын мән-жайлар



бет50/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

4. Қылмыстық әрекеттерді болдырмайтын мән-жайлар. Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.
Қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.
Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.
Уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерлерінің не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша жедел іздестіру шараларын орындауы кезінде заңға сәйкес әрекетімен қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге келтірген зияны, егер бұл әрекет бір топ адам, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделеріне келтірілген зиян аталған қылмыстармен келтірілген зиянға қарағанда онша мәнді болмаса және егер оларды болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, қылмыс болып табылмайды.
Қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.
Егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.
Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет