1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде



бет48/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

1. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде
2. Қылмыс түсінігі және құрамы
3. Қылмыстық жауаптылық
4. Қылмыстық әрекеттерді болдырмайтын мән-жайлар
5. Қылмыс жасау сатылары
6. Қылмыстық жаза


1. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде. Қылмыстық құқық дегеніміз - адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға, жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеудің алдын алуға, тұлғаға қылмыстық қиянат келтірілгенде оны одан қорғауға бағытталған құқық нормаларының жиынтығы. Қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін нормалардан құралады.
Қылмыстық заңдардың міндеттері - адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, қылмыстардың алдын алу болып табылады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне қылмыс дегеніміз - айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік). Қылмыстың басты белгілеріне оның құқыққа қайшылығы, қоғамға қауіптілігі, кінәлілігі, жазаланатындығы жатқызылады. Қылмыстар «Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің» он бірінші бабына сәйкес, қылмыстар сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар деп бөлiнедi.
Жасалғаны үшiн ҚК көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн ҚК көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын абайсызда жасалған іс-әрекеттер онша ауыр емес қылмыстар деп танылады.
Жасалғаны үшiн ҚК көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған іс-әрекеттер ауырлығы орташа қылмыстар деп танылады. 
Жасалғаны үшiн ҚК көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру он екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер ауыр қылмыстар деп танылады.
Жасалғаны үшiн ҚК он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы түрiндегi жаза көзделген қасақана жасалған іс-әрекеттер аса ауыр қылмыстар деп танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет