1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі



бет24/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

4. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі. Мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызметші - бұл мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына және құқықтық жағдайларына қарай саяси және әкімшілік санаттарға бөлінеді.
Мемлекеттік саяси қызметші - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші - мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші. Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметші болып табылмайды.
Мемлекеттік органдардың өкілеттіктері қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік қызметшілер арқылы жүзеге асырылады. Лауазымдық өкілеттіктер көлемі бойынша мемлекеттік қызметшілер лауазымды адамдарға және лауазымды адамдар болып табылмайтын қызметшілерге бөлінеді. Лауазымды адам - бұл ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттіктер бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органда ұйымдастырушылық - өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді атқаратын адам.
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықтық мәртебесін олардың құқықтары, міндеттері, мемлекеттік қызметте болғандағы шектеулер, кепілдіктер, көтермелеулер, еңбек ақысы, зейнетақымен қамтамасыз ету, құқықтық жауапкершілік құрайды. Бұл мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының 23 шілде 1999 жылы қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңымен және осы саланы реттеуші өзге нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Жалпы, мемлекеттік қызмет келесі қағидалар негізде ұйымдастырылады және жүзеге асырылады:
- заңдылық қағидасы;
- қазақстандық париотизм қағидасы;
- мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы қағидасы;
- азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы қағидасы;
- республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы қағидасы;
- азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі қағидасы;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік және жоғары біліктілік қағидасы;
- мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу қағидасы;
- жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер үшін міндеттілігі қағидасы;
- мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі қағидасы;
- моғамдық пікір мен жариялылықты ескеру қағидасы;
- мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу қағидасы;
- мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу қағидасы;
- мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу қағидасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет