1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»

Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару туралы ғалымдардың пікірін келтіре отырып, өз сөзіңізбен баяндаңыз

бет24/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
Байланысты:
Менедж. сессия 1-90 (копия)

35. Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару туралы ғалымдардың пікірін келтіре отырып, өз сөзіңізбен баяндаңыз.
Бүгінгі таңда білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы үлкен. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып табылады.
Бүгінгі таңда білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы үлкен. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып табылады.
Қазіргі жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Педагогикалық технология ұғымының мән-мағынасы туралы пікірлер сан алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: "Технология – бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы" делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді.
Технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин "Педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті", - деп анықтайды.

Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді.Педагогикалық үрдісі технологиясы мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиынтығын көрсетеді.
Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.
Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.
(М.В.Кларин)
Педагогикалық технология - практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы. (Б.П.Беспалько)
Оқыту технологиясы оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде нақты жүйе кызметін атқарады.
(Г.Селевко)
Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқаруда төмендегі екі технологиялар топтамасы қолданылады: Мектепішілік басқару технологиясы:
Әдістемелік жұмысты басқару технологиясы, соның ішінде, педагогикалық кеңесті өткізу. (Г.К.Селевко)
Білім беру мекемесін басқаруды оңтайландыру технологиясы. (Ю.К.Бабанский)
Жалпы білім беру мектебін басқарудың базалық технологиясы, соның ішінде, дамыту режимінде мектепті басқару (П.И.Третьяков)
Педагогикалық сараптама технологиясы
Мектепішілік мониторинг технологиясы
Жобалау технологиясы
Авторлық мектептердің педагогикалық технологиялары:
Мектептің дамуын басқару мектеп іс-әрекетінің нәтижелерін жоғарылататын жаңашылдықтарды меңгеруге және ендіруге байланысты қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үрдісі. Ғылыми – техникалық үрдіс кезінде еңбек сипаты адамның психологиялық ерекшеліктеріне аса мән беруді ұсынады. Техника мен технологияның күрделенуі адамға физикалық күштен ақыл күшін көп жұмсауға мүмкіндік береді. Бір жағынан, адам өмірінің көп бөлігін еңбек ұжымында өткізеді, оған әріптестері психологиялық қолдау көрсетіп отырады. Ал басшының осы жағдайдағы міндеті тұлғаның жеке қасиеттерін қолдану және оның ұжыммен қатынасын реттеу.

Әлеуметтік – психологиялық климат ұжымдағы қызметкерлердің (тәрбиеші, педагог, психолог) әртүрлі әрекеттер формасындағы тұрақты психологиялық күйін сипаттайды. Топтың эмоциялық және еңбек қатынастарын құра отырып, әлеуметтік – психологиялық климат топ мүшелерінің қатынасын анықтайды.
Әлеуметтік – психологиялық климаттың негізгі ерекшелігі ұжым өміріне жалпы, интегралды психологиялық күйіне сипаттама беріп, әлеуметтік, топтық және жеке еңбек жағдайын қарастырады.
Әлеуметтік – психологиялық климаттың негізгі ерекшелігі ұжым өміріне жалпы, интегралды психологиялық күйіне сипаттама беріп, әлеуметтік, топтық және жеке еңбек жағдайын қарастырады.
Б.Д. Парыгинның пайымдауынша әлеуметтік – психологиялық күй адамның қоршаған ортаға қатынасы мен онда өзін сезінуімен түсіндіріледі. Бұл күй ұжымның әр мүшесінің өзіне деген қатынас үлгісінде сипатталады. Адамдардың әлеуметтік – психологиялық құрылымы олардың бір-біріне деген қатынастарынан, ортақ істерінен көрінеді.
Әлеуметтік-психолоғиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекеті пен өзара қарым-катынасының силатын танытатын ұжымның сезімдік - психологиялык жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіндіре отырып, оның мынандай негізгі қызметтерін атауға болады: топтастырушылық, ынталандырушылық, тұрақтандырушылық, реттеушілік.
Педагогикалық ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатының топтастырушылык қызметі ұжым мүшелерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, біріктіруін іске асырады. Ынталандырушылык кызметі педагогикалық әрекеттің қолдануына қажетті ұжымның «эмоциялық күш-қуатын» қалыптастыруға байланысты. Тұрақтандырушылық қызметі ұжымішілік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды. Реттеушілік қызмет өзара қарым-қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруден байқалады.

Ұжымдық әрекет тиімділігінің сипаттамасы:
- ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек үрдісі мен нәтижесіне қанағаттануы;
- ресми жөне бейресми жетекшілердің беделін мойындауы;
- ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй;
- ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі;
- ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы;
-сапалы тәртіп;
-еңбектің өнімділігі;
-кадрлардың тұрақтылығы.
Педагогтар, әсіресе беделді адамдар тарапынан, соның ішінде басшылар мен ата-аналар тарапынан берілғен бағаны түсінуте бейім. Жағымды баға педагоггы ынталандырса, жағымсыз бағалау өзінің қызметін, кәсіптік позициясын, өзгелермен қарым-қатынасын қайта қарауына алып келеді. Сондықтан педагогикалық ұжымдағы қатынас өзара сыйластық, талапшылдық және ниеттестік сипатта болуды талап етеді.

Әлеуметтік-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының басты механизмі – еліктеу, өзге адамдардың сезімін, ойларын тікелей қолдану, пайдалану. Өзара әрекеттестіктің екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа ықпалын сипаттайды. Обал, сауапты білетін, принципті, іске жауапкершілікпен қарайтын, төртіпті, кепшіл, қайырымды, әдепті педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал керісінше, тоғышар, әдепсіз, тәртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды.
Педагогикалық кеңес оқу мекемесінің оқу - тəрбиелік және әдістемелік жұмыстарының негізгі мəселелері қарастырылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Педагогикалық кеңестің құрамына мектеп директоры, оның орынбасарлары, мұғалімдер, тəрбиешілер, кітапханашылар, дəрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы, мектеп кеңесінің төрағасы енеді. Кеңес төрағасы сол мекеменің директоры болады және жыл сайын бір мұғалім хатшылыққа сайланып отырылады.

Педагогикалық кеңесте әртүрлі мəселелер қаралады:
• өндірістік, жұмыс бабына байланысты: мектептің жылдық жоспарын бекіту, мектептің бір тоқсанда істелген жұмыстарының қорытындысын шығару, емтиханға дайындық жəне өткізу жоспарын бекіту, оқушылардың бір сыныпты бітіріп, екіншіге көшуі, оқу жылының қорытындысы, оқушылармен істелетін жазғыжұмыстың жоспары;
• ғылыми-педагогикалық: басшы органдардың нұсқауларын жəне ғылыми зерттеулерді, озық тəжірибені талдау, мектептегі педагогикалық процестің нəтижелерін шығару жəне оған баға беру.
Педагогикалық кеңеске дайындалу жəне оны өткізу 4 кезеңді қамтиды:
-педагогикалық кеңестің жылдық жоспарын жасау
-педагогикалық кеңестің жылдық жоспарын жасау
-нақты педагогикалық кеңеске алдын ала дайындалу
-нақты педагогикалық кеңеске алдын ала дайындалу
-педагогикалық кеңесті өткізу
-педагогикалық кеңесті өткізу
-педагогикалық кеңес шешімдерін орындау үшін жұмыс істеу
-педагогикалық кеңес шешімдерін орындау үшін жұмыс істеу.
Педагогикалық кеңестің жоспары жалпы жұмыс жоспары негізінде жасалып, сол оқу орнының басты, көкейтесті мәселелерін қамтиды. Кеңесте әкімшіліктің есебі тыңдалады, мұғалімдердің баяндамалары, ұжымның педагогикалық мәселелер бойынша жүргізген жұмыс қорытындылары талқыланады.

Педагогикалық кеңес әр оқу тоқсанында кем дегенде бір рет өткізіледі. Сонымен бірге оқу жылының аяғында өткізілетін педагогикалық кеңес мына мәселелерді қараастырады: емтиханға жіберу; емтихан қорытындысы; мектеп бітірушілер тапсырған емтихандардың қорытындысы.
Педагогикалық кеңесті өткізуге алдын ала дайындалады, қарастырылатын мәселелер бойынша баяндамашылар белгіленіп, оларға шешім жобасын жасау тапсырылады. Педагогикалық кеңесті өткізу барысында педагогикалық кеңестің күн тәртібіне қатысты әртүрлі пікірлер тыңдалып, мұғалімдерді толғандырып жүрген мəселелердің бəрі талқыланып, оларды шешу жолдарын белгілеу ұсынылады.

Жалпы мектеп ұжымы әрбір мəжілістерді, соның ішінде педагогикалық кеңесті өткізуде оның негізгі ережелерін келісіп алуы керек. Ол ережелер: нақты регламент (уақытында бастау), педагогикалық кеңес уақытын 3 сағаттан асырмау, баяндамашылар мен сөз сөйлеушілерге белгілі бір уақыт бөлу, мəселелердің бəрін сабырлықпен, іскерлік жағдайда талқылау. Барлық сөйлеушілер көтеретін мəселені талқылап, оны шешудің нақты жолдары туралы ұсыныстар айтуы керек.
Педагогикалық кеңестің әр мүшесі кеңестің барлық отырыстарында болуы, оның жұмысына белсене қатысуы, берген тапсырмаларды уақтылы және нақты орындауы қажет. Педагогикалық кеңестің отырыстарында хаттама жазылып, директор және хатшысы қолдарын қояды. Әр хаттамада оның номері, отырыстың күні, қатысушылар саны, отырыстың күн тәртібі, сөз сөйлегендердің қысқа және түсінікті жазбасы және талқаланған сұрақтар бойынша қабылданған шешім жазылуы тиіс. Педагогикалық кеңестің хаттамалары тұрақты сақтау құжаты болып табылады, ол мектепте белгіленген мерзімге дейін сақталып оқу мекемесінің істері тапсырылған және қабылданған кезде акт бойынша тапсырылады.

Педагогикалық кеңестің төрайымы қабылданған шешімдердің орындалуын жүйелі тексеріп ұйымдастыруы тиіс және тексерістің қорытындысын педагогикалық кеңестің талқылауына қою тиіс. Біліктілікті көтеру жұмыстарын педагогикалық кеңестің жұмысын ұйымдастырудан басталады.Педагогикалық кеңес сонымен қатар оқушылардың дене тәрбиесін және басқа да оқу орнының қызметін ұжымдық талқылауды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет