40. Педагог кадрларының кәсіби қызметінің сапасы мен нәтижесін болжамдау.
Әдістемелік жұмыс – педагогикалық кадрлардың идеялық, ғылыми-теориялық, кәсіптік, әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жүйелі жұмыстарды енгізетін кешенді шығармашылық үрдіс. Ол педагогикалық үрдісті басқарудың, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдениетке тәрбиелеудің, сапаны және өз еңбегінің нәтижесін талап етудің маңызды құралы ретінде қатысады. Оның стратегиялық бағыттарының бірі оқыту практикасында оқушылардың танымдық, ойлау әрекеттерін белсендірудің, терең әрі тұрақты білім, білік және дағдыны қалыптастырудың рациональды және тиімді әдістерін, шығармашылықпен меңгеру болып табылады. Әдістемелік жұмыс педагогикалық тәжірибемен тығыз байланысты. Білім берудің көрнекті қайраткерлері Н.К.Крупская, А.В.Луначарский педагогикалық тәжірибеде өскелең ұрпақты тәрбиелеудің теориясы мен практикасының дамуын байқады. Болашақта айқындалған, табылған қозғалыстың бағытын көрсетуге ғана емес, өзімен алып жүретін бағдар ретінде болады.
А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, С.М.Ривес, В.Н.Сорока-Росинский және басқа да көптеген көрнекті ғалымдардың ізгілік идеясы негізінде құрылған тәжірибесі болған және ол тәрбие теориясы мен практикасының бірлігінің, мектептің қоғам қызығушылығымен өмір сүру қабілетінің бейнесі, осы қызығушылықтарды қанағаттандыру жолдарын табудың үлгісі бола бермек.
Әдістемелік жұмыс мазмұны келесі бағыттарды нақтыланады: мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы, кәсіптік-адамгершілік мәдениеті, тәрбиелік мәдениеті, әдіснамалық мәдениеті, зерттеушілік мәдениеті, диагностикалық мәдениеті, басқарушылық мәдениеті және ұзақ ақыт барысында зерттеу пәні болуы мүмкін. Мұғалімдердің әдістемелік, инновациялық іс-әрекеттерге қатысуы жеке педагогикалық жүйені, педагогикалық іс-әрекеттің жеке стилін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формасы динамикалы үнемі жетілдіріледі. Ол көптеген факторларға байланысты жаңартылып отырылады, негізігісі білім беру саласындағы мемлекеттік саясат, заңнамалық актілер мен құжаттар; мұғалімнің педагогикалық мәдениет деңгейі, тұлғалық және кәсіптік-іс-әрекеттік көрсеткіштерін диагностикалық өлшеу үрдісінде айқындалған оның әдістемелік сауатылығы; мектеп ұжымындағы моральды-психологиялық ахуал, әдістемелік жұмысты орындаудың материалдық-техникалық мүмкіндіктері; әдістемелік жұмыстарды іске асыруға мектеп жетекшілерінің кәсіби дайындық деңгейін, мұғалімнің инновациялық жаңалығы мен белсенділігін, мектепішілік педагогикалық тәжірибесін зерттеу; мектеп ұжымындағы жағдаяттарды бақылау (мұғалімдер, мұғалімдер мен оқушылар, мұғалімдер мен жетекшілер арасындағы қарым-қатынаста). Әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – озат тәжірибені зерттеу-жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге нақты көмек беру Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері: оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жетілдіру; оқу құралдарының мазмұнын дайындау мен оны жаңарту; сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуін жетілдіру; жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау; оқытудың әдіс-формаларын жетілдірудің тиімді жолдарын іздестіру. Аттестацияны рәсімдеу, қазіргі кездегі талаптар. Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеру оларды кезеңдік аттестациялауға – бұл білім беру мекемелері қызметкерлері іс-әрекетінің өнімділігін және мамандар деңгейін, педагогикалық шеберлікті кешенді бағалауға мүмкіндік туғызады.
Аттестацияның мақсаты білім беру қызметкерлерінің еңбек ақысын бағалаудың тиімді дифференциацияланған жүйесін құруды, олардың кәсіби өсуін ынталандыруды, біліктілікті үздіксіз көтеруді және еңбектің нәтижелілігін көрсетеді. Мұғалімдерді аттаестациялау еңбекті эксперттік бағалау негізінде жүргізіледі: оның нәтижелілігі мен оқу-тәрбие үрдісінің сапасы.
Аттестация барысында мұғалімнің кәсіптік құзырлығына ғана диагностика жасалып қоймай, келешекте белгілі бағыттары анықталады.
Мектептің педагог қызметкерлерін аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейінгі кезеңде аттестациялау туралы құжаттар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылды.
Аттестацияның негізгі мақсаты – педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық еңбек сапасы деңгейінің өсуін ынталандыру, педагогтар еңбегін жіктеу арқылы олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. Педагогтарды аттестациялаудың міндеті – педагогтың кәсіби деңгейіне сәйкес біліктілік санатын беру. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы төлеуді жіктеу болмақ. Педагогтарды аттестациялау принциптері – еркіндік, жариялылық, жүйелік, тұтастық еріктілік және оның объективті, әділ өтуін қамтамасыз ету. Бұл принциптер аттестациялық комиссия жасақтауда қатаң сақталады.
Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Ал білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педагогикалық кеңестің құзырында болады.
Мұғалімнің немесе мектеп басшысының қызметі екі кешенді көрсеткіштермен бағаланады. Біріншісі – қызмет қорытындысын жинақтау, екіншісі – практикалық қызметті эксперттік бағалау. Бірінші көрсеткіш бойынша мұғалім шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұсына алады. Екінші көрсеткіш бойынша ол бірнеше нұсқада психологиялық-педагогикалық сараптаудан (экспертизадан) өтуі тиіс. Кейбір мектептерде аудандық, облыстық технология, тестілеу, эксперттік бағалау тәсілдері қолданылады. Дегенмен педагогикалық қызметті болжамдау және жинақтауды аттестациялау комиссия нақтылап, түзету енгізіп отырады.
Мұғалімдерді аттестациялау педагогтың біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе жоғары оқу орындарының факультативтерінде арнайы дайындық курстарынан өтеді. Кейде аттестация мұғалімнің педагогикалық біліктілігін айқындау үшін педагогикалық кеңестің шешімімен, басқару әкімшілігінің бастамасымен де жүргізілуі мүмкін. Біліктілікті көтеру немесе педагогикалық жоғары оқу орны базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерді практикалық тұрғыдан қорытып, мектепте сыннан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Мұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек бола алады.
Аттестация мұғалімнің қалауымен жүргізіледі. Аттестацияны өтуге ықыласы бар педагогикалық қызметкерлер жалпы және дифференцияланған талаптарымен таныс болулары тиіс.
Мұғалім еңбегін бағалаудың жалпы талаптары келесі көрсеткіштер бойынша сипатталады:
1) Нәтиже көрсеткіші. Бұл мұғалім жұмысындағы шешуші көрсеткіштердің бірі, яғни оның педагогикалық әрекетінің нәтижелілігі. Оқушылардың пән бойынша білімдері мен олардың тәртіптілік сапасы:
- пән бойынша шындыққа негізделген білім қоры;
- қабылданған білімді қолдана алу іскерлігі (сауатты жазу, есептерді шешу);
- табиғатта және қоғамда болған құбылыстар мен процестердің мәнін түсіну;
- оқушылардың дербестік деңгейі, білімді кеңінен табу іскерлігі;
- маңызды машиналарды тану деңгейі, оқушылардың практикалық және экономикалық даярлығы (жас ерекшелігі мен бағдарламаны ескеру);
- жұмысына қатынасы, мектептегі тәртібі, қоғамдық пайдалы еңбек әрекетіндегі белсенділігі, эстетикалық және физикалық мәдениеті.
2) Процесс көрсеткіші. Оқу және тәрбие жұмысының барлық маңызды нәтижелерін көрсете отырып, мұғалім еңбегінің көрсеткіштерін шектеуге болмайды. Осы мақсатта мыналар оқылады:
- мұғалімнің өзінің кәсіби біліктілігін жоғарылатуымен жұмыс жасауы (біліктілігін арттыру курстары);
- сабақтың, сабақтан тыс оқу және тәрбие жұмыстарының сапасы;
- оқыту мен тәрбиелеу процесіндемұғалімнің оқушыларға жеке көзқарасты жүзеге асыру әскерлігі;
- балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға көмек беру жұмыстары.
Мұғалім жұмысын бағалау үшін дифференцияланған көрсеткіштер келесі санаттар бойынша жіктеледі:
Екінші санатты мұғалім – 1-2 жылдық жұмыс өтілімі бар, сабақтың жоғары сапасын беретін, пәндік үйірмелер мен факультативтер жүргізетін мұғалімдер. Сынып жетекшісі болып атқаратын сыныпта пәндері және пайдалы істері бойынша жоғары көрсеткіштерінің болуы. Сонымен қатар өзінің біліктілігін жоғарылатуда жүйелі қызмет етіп, ата-аналармен жақсы жұмыс жасайды.
Бірінші санатты мұғалім – екінші білікті категориясы бар, біліктілігін арттыру курсын табысты аяқтаған, 1-2 оқушы түлектерінің болуы (бастауыш, 9 немесе 11 сынып түлектері). Оқушылар жоғары білім деңгейін көрсетеді. Сынып жетекшісі ретінде көптеген жұмыстар атқарады және мектепте сол сынып жоғары орындардың бірін алады, бұл оқушылар жоғары тәртіптілік деңгейімен сипатталады. Сонымен қатар мұнда ата-аналардың пікірі де ескеріледі.
Жоғары санатты мұғалім – бірінші білікті категориясы бар, біліктілігін арттыру курсын табысты аяқтаған. Жас және тәжірибесі аз мұғалімдерге көмек береді. Жұмыс әдіс-тәсілдерін өңдейді және оларды жетілдіреді. Педагогикалық форумдарға қатысып, баяндама жасайды, баспаға мақалалар шығарады.
Педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру және өздігінен білім алуын жетілдіру. Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің бірден-бір шарты болып табылады. Мұғалім әдістемелік жұмыстың қандай түрін таңдаса да, соңғы нәтижеде оның тиімділігі мұғалімнің өз бетінше білімін көтеруге байланысты болады. Сондықтан да үздіксіз білім беру процесін жоңары оқу орны – мұғалімдер білімін жетілдіру институты – семинар, курс, практикум және т.б. оқу түрлерімен шектеуге болмайды, оған осы оқу түрлерінің арасындағы тынымсыз ой еңбегін де жеткізу керек. Ересек адамның өз білімін көтеруі бойынша даралығымен ерекшеленеді, содан да мұғалімнің өз білімін көтеру жұмысына тәжірибелі әріптесі, беделді мектеп басшысы тарапынан тиянақты көмек қажет.
Біліктілікті арттыру – базалы мамандықтар аумағындағы кәсіптік білім мен тәжірибелік білімді жаңарту және тереңдетуге мақсатты түрде бағытталған процесс.
Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеру оның өз бетінше педагогикалық құндылықтар, технология, шығармашылық тәжірибелерді игеруі қарастырылады. Оның мазмұны психологиялық-педагогикалық пен арнайы білімдердің, педагогикалық жұмысты ғылыми ұйымдастырудың негіздерінен тұрады және ол жалпы педагогикалық мәдениетті қамтиды. Мұғалімге өз білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға нақты көмек көрсету үшін оның кәсіптік қызметіндегі сұраныстарын, қажеттілігі мен жеке қызығушылықтарын ескеру қажет. Мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімдердің жеке қажеттілігін ескеріп, жоспарластырылғанда мұғалім ұжымдық оқу түріне тартыла отырып, өзін қызықтырған сұрақтарға жауап таба алады.
Мектеп директоры және оқу ісінің меңгерушісі әдістемелік жұмысты ұйымдастырғанда өз мектебі педагогтарының алдындағы қиындықтарға баса назар аударады. Әркімге қатысты мәселелерді бірлесе талқылау мұғалімнің өз білімін көтеру әрекетіне ықпал жасайды. Сондықтан да директордық, оқу ісі меңгерушісінің өз білімін көтеруді ынталандыруы және оған басшылық жасауы негізінен жанама сипат алады. Өздігінен білім көтеру ауқымды мәселелерді қамтиды. Мәселелер топтамасының арасында оқушылардың ғылыми көзқарасын, оның рухани мәдениетін, азаматтық тәрбиесін қалыптастыруды атауға болады. Әрбір мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі ой еңбегінің техникасын білу, ақыл-ой әрекетінің дербес ерекшеліктерін ескеру негізінде құрылады. Мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі оның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, дербес жұмыс жоспар құрып, оны іске асра алуына тікелей байланысты. Сонымен, мұғалімнің кәсіби даярлығы оқу орны қабырғасымен шектеліп қана қоймайды, ол оның кәсіби қызметі бойында жалғасып отыратыны анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |