1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Педагогикалық қарым- қатынас және басқару этикасының талаптары



бет36/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54
Байланысты:
Менедж. сессия 1-90 (копия)

49. Педагогикалық қарым- қатынас және басқару этикасының талаптары
Педагогикада қарым - қатынас адамдар арасында байланыс түзетін және мәміле орнататын, өзара мәлімет алмасуына, өзара ықпалдастығына, субъектілердің бірін-бірі қабылдауын жүзеге асыратын іс-әрекет түрі....Педагогикалық қарым – қатынастың ақпараттандыру моделі көбінесе ақпарат беру және алу үшін қолданылады. Демек оқу үрдісіндегі оқушы мен оқытушының қарым - қатынасы осы модельге негізделеді. Бұнда жаңа мәлімет беру, ахуалды түсіндіру, оның жаңа тұстарын түсіндіру іске асырылып, дәлелдер, айғақтар, статистикалық мағлұматтар келтіріліп жаңа білім қалыптастыру не болмаса кездейсоқ жағдайдың ұтымды шешімін табуға шарт түзеді. Адамдар тобына немесе ұжымға мағлұматтар беруде (дәріс, семинар, сыныптағы сабақ) жалпы ұстанатын ережесі бар. Педагогикалық қарым – қатынас (стилі) педагогтың басты міндеті соларға өз білгенін жеткізу, көз көрнеу үлгі болу, басты құралы сөз. Ұстаз сөзі шәкіртіне білім беру, не болмаса тәрбиелелу әйтеуір бір «жақсыны» жеткізу, сол арқылы ықпал ету. Мектепте мұғалімнің, жоғары оқу орындарында ұстаздың іс-әрекеті, жүріс - тұрысы ғана емес, сөйлеген сөзі де әрқашан тәрбиелік мағынаға ие. Оқу іс-әрекеті кезінде білім беру мен қатар ұстаздар қарым - қатынас үлгісін көрсетеді және соған үйретеді. Педагогикалық қарым – қатынас нәтижелі болуы үшін, оған арнайы оқып үйренуі, жаттығуымен қоса, болашақ ұстаздар өзін -өзі тәрбиелеуі, күнделікті әлеуметтік олртадағы қарым – қатынасы арқылы тәжірибе жинақтауы тиіс.
2-нші жауап Педагог мамандығына байланысты кәсіби-педагогикалъқ қарым-қатынас ұғымы қолданылады. Жәй қарапайым күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас пен кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың айырмашылығы өте көп. Мысалы, адам өзінің жақын танысымен кездесіп қалып бір мәселе жайлы сөйлесіп тұрса ол жәй тұрмыстьтқ қарым-қатынас болады. Егер мұғалім балалар алдында сабақ беріп тұрса — бұ_л мүлде басқа қарым-қатынас.

50. Мектеп жұмысын жоспарлау түрлерін атаңыз
Мектеп жұмысының практикасында жоспардың үш түрі кездеседі: перспективалық, жылдық, ағымдық.
Перспективалық жоспар бес жылға арналады. Оның құрылымы мынадай сипатта болуы мүмкін:
1. Жоспарланған мерзімдегі мектептің міндеттері.
2. Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің перспективасы.
3. Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің перспективасы.
4. Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.
5. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру.
6. Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту.
7. Мұғалімдер мен оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.
Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жылдық жұмыс жоспарын жасау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде (бірінші тоқсан) мектеп директоры мен оның орынбасарлары нормативтік, әдістемелік құжаттармен танысады. Екінші кезеңде (екінші тоқсан) директордың басшылығымен жобалаушы топ құрылады, олар қажетті мәліметтер жинақтайды. Үшінші кезеңде (үшінші тоқсан) жинақталған мәліметтерге талдау жасалады, комиссия мүшелерінің есептері тыңдалады, туындаған қиындықтар мен оларды жою жолдары анықталады. Төртінші кезеңде (төртінші тоқсан) жоспардың жобасы дайындалып, талқылауға ұсынылады. Жоба оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесінде мектептің жұмыс жоспары ретінде бекітіледі.
Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанына арналып жасалады.
2-нші жауап Жоспар іс-әрекеттің әлеуметтік және экономикалық шарттарын, педагогикалық процестің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын, жалпы білім беру жүйесі мен жекелеп алғандағы мектептің дамуының тенденциялары мен болашағын ескере отырып құрастырылуы қажет.Жоспардың мақсаттылығы бұл принципті жүзеге асыру үшін. Жоспар педагогикалық жағынан мақсатты болуы қажет,
ә) үйлесімді де қолайлы жоспардың құрамында алға қойылған мақсаттарға жету үшін іс-әрекеттің, нақты шаралардың қажетті және жеткілікті мөлшері болуы қажет. Бұл принцип жоспардың шынайы болуына, мектеп ұжымының іс-әрекетінің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдауға, жоспардың құрамды бөліктерінің мақсатты түрде өзара қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған, б) жоспардың нақтылығы. Жоспарда қандай шараларды жүргізу қажет, орындаушыларға берілетін тапсырмалар, шараларды өткізуге кім жауап беру керек, оның мерзімі, орны мен уақыты нақты көрсетілуі қажет. Белгілі бір міндеттерді табысты шешуге жағдай жасайтын нақтылы шарттардың есепке алынуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет