1 - мәтін Ұрпақ заманынан озбаса... Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен жауап беретін. Бірде ол әкесінен:
– Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен артқы аяқтарының басқан ізі асып түседі? – деп сұрады. Әкесі:
– Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек, сенен де бір ақылды адам шығар. Ол тағы: Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі, – деді.
Бала:
– Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге? – деп сұрады әкеінен. Әкесі:
– Иә, балам. Мәселен, құлақ туа бітеді. Ал мүйіз болса малдың төлі туғанда болмайды. Кейін; үлкейе келе, біртіндеп өсе келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала тайыншаның туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқ болатын. Ал құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бір айдан кейін мүйіз шыға бастады. Келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда үзын болып өседі. Сен ақылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің туғанда бар құлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең, сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын, – деді әкесі.
1. Әкесі неге риза болды?
A) Баласының аттың сырын білетіндігіне
B) Баласының білімпаздығына
C) Айтқан сөзін баласы жерге тастамағанына
D) Жақсы мысал табылғанына
E) Баласына орынды ақыл айтқанына
2. Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал
A) Талайлымен таласпа.
B) Жақсы бала – әкеге құт.
C) Күш атасын танымас.
D) Тілі тәтті – көңілі қатты.
E) Шешінген судан тайынбас.
3.Баланың әкесіне атысты сипаттама
A) Сабырлы
B) Сымбатты
C) Көңілді
D) Адал
E) Еңбекқор
4. Әкесінің «Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын» деген сөзінің мағынасы
A) Ақылы жасына сай болсын дегені.
B) Өнер, білім таңдауда абай бол дегені.
C) Қатарынан қалмай өссін дегені
D) Дене бітімі әкесінен ірі болсын дегені.
E) Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені. Ұрпақ заманынан озбаса...
2 - мәтін Бақытсыз бай Ертеде бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да – жинаған мал-мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп, оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді: “Мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр,”– деген жаман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе, жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.
– Ақымық, бүгін қиралаңдап дұрыс істемедің! Түнімен балаларыңды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! – деп ақырды.
– Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп қалам,– деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді жалшысы.
–Нағыз ақымақ екен! – деп, үйден атып шыққан бай енді: “Мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы,”– деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.
Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс істейді. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлыған ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес. Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрінді. Бай ақыры:
– Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сен алдың. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр,– деді. Сонда жалшысы:
– Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күндк кешке үйімді торуылдайсың. Менің байлығым – екі балам мен жан жарым жане денсаулығым мен қара күшім. Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін,– деп жауап берді.
Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. “Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен сияқты қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым ауырып кетті”.
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан екі баласына қызыға қарап қалды...
5. Байдың бақытсыздығының себебі
A) Кедейдің еңбегі
B) Байлығының молдығы
C) Отбасының жоқтығы
D) Жинаған мүлкі
E) Кедейдің тілегі
6. Байдың бойындағы қасиет
A) Мақтаншақтық
B) Қызғаншақтық
C) Адалдық
D) Тәкаппарлық
E) Еңбекқорлық
7. Әңгіменің түйіні
A) Байға құл болғанша, байғұсқа ұл бол
B) Қайырсыз байдан қайнатқан су артық
C) Бай байға құяды, сай сайға құяды
D) Балалы үй – базар
E) Жаңа бай мақтаншақ келер
8.Кедейдің тілегі
A) Бар байлығымнан айырма
B) Мол байлыққа жолықтыр
C) Өміріме жеңілдік бер
D) Байдың құлдығынан құтқар
E) Жақсы жұмыс бер
9. Жалшының бақыты
A) Жұмысы
B) Балалары
C) Байлығы
D) Қазынасы
E) Ақшасы
10.Байға күдік тудырған нәрсе
A) Шықырлаған ақша
B) Сылдыраған күміс
C) Кедейдің сөзі
D) Кедей балалары
E) Көңілді күлкі