8. Мәтіндегі «һәмме» сөзінің мағынасы:
А) жалғыз
В) жартылай
С) асыл
D) барлық
9. Мәтін мағынасына сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз:
А) Үрмеген ит кісі қаппас.
В) Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.
С) Өлімнен ұят күшті.
D) дұрыс жауап жоқ
10. Мәтіндегі асты сызылған сөзді қандай сөзбен ауыстыруға болады?
А) үй
В) дүкен
С) есік
D) базар
11. Түлкілердің бәрінің бір уақытта өлу себебі?
А) арыстан, қабылан, жолбарыс және де басқа аңдардың шабуылынан
В) бояушының кек алуынан
С) қу түлкі басқа аңдарды алдап, патша болғандықтан
D) мәтінде берілмеген
6-мәтін
Кешкі ымырт тез тұтасып, төңірек тұнжырай бастады. Еламан ертең болмаса, ауды бүгін басқа жерге аударып салуға үлгере алмасын білді. Шынында да, бұл кезде батып бара жатқан күн алыстағы жалдың біріне иегін сүйеп, еңкейіп қалған еді. Құбыла бет тұтас қызарып, жел жыртып дода-додасы шыққан бұлт батар күннің шапағына бауырын бояп алаулап апты. «Апыр-ай...» - деп Еламан құбыла беттен көзін алмай, ұзақ қарады. «Апыр-ай, ә?!. Не қылса да, кең әлемді құшағына алып тұтасып келе жатқан мына түн қараңғылығына жол бермей, жанталасып шарпысып жатқан жер бетіндегі жалғыз тірлік осы-ау! Ендеше, өмір мен өлім сияқты қараңғы мен жарық та бірін-бірі кезек жеңіп, тірлік үшін бұлар да тартысып жата ма, қалай? Сонда, бәтір-ау, әр тірлікке төнер бір-бір зауал болғаны ма? Әне қарашы, кезегі келгенде күн басына да зауал төніп, қара кебінге оранып, бар әлем тіл тартпай, түн құшағына кіріп бара жатқандай...»
Ә. Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романынан үзінді
12. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз: Еламан – ...
А) сатушы
В) етікші
С) мұғалім
D) ақпарат жеткіліксіз
Достарыңызбен бөлісу: |