5. Жас ұшқыштың өлімі Глебке қалай әсер етті?
А) Парашют жасап шығару идеясын арнайы мамандарға айтты
В) Депрессияға ұшырады
С) Ғимаратты жалға алып, шеберхана ашты
D) Қауіпсіз құрал ойлап табуға деген құлшыныс пайда болды
4-мәтін
Ертеде бір қойшы үйіне мызғып алуға келіпті де, қойды қарай тұруға баласын жұмсапты. Күн суық болса керек, баласы:
– Тоңамын! - деп, сылтауратыпты.
Анасы ұлының аяғына жылы байпақ, үстіне тон тері шалбар, жылы қолғап, басына үлкен тымақ қигізіпті де:
– Ал, балам, енді тоңбайсың, бара ғой, - депті.
Сонда баласы ұялмастан:
– Енді көзім тоңады, - деп жылапты.
6. Мәтіндегі асты сызылған сөзді қандай сөзбен ауыстыруға болады?
А) тамақтануға
В) жылынуға
С) әңгімелесуге
D) ұйықтауға
7. Қойшының баласының мінезін сипаттаңыз:
А) ұқыпты
В) сараң
С) жалқау
D) алғыр
5-мәтін
Бұрынғы заманда бір түлкі жакын маңайдағы қалаларға түнде барып көшелерін, базарларын аралап, күндіз түсіп қалған ет, май, ондай-мұндайларын теріп жеп жүреді екен. Бір күні түнде баяғы қалпынша қыдырып жүрсе, бір бояушының лапкесі ашық қалған екен, соған кіріп, һәмме денесін бояп алыпты. Тіміскілеп жүріп тамағын тойдырып алып өзінің сахарадағы мекеніне барыпты. Басқа сахарадағы арыстан, қабылан, жолбарыс я басқа көп аңдар таң қалыпты:
– Бұл бізге көктен түскен патшамыз шығар, - деп, арыстан астындағы тағын түсіп беріпті. Қу түлкі бұлардың қорыққанын біліп:
– Мен көктен түскен патшаларыңмын, - деп, өзін-өзі мақтап, көп заман сахарадағы аңдарға хүкім дауа жүргізіп, таққа мініп, патша болып тұрды, һәм неше түрлі аңдар қызметінде болып, қолдарын қусырып тұрды. Бір күні түнде басқа атыраптағы түлкілер уланып өліпті. Түлкілердің өлгенін естуімен мұның асылы һәм түлкі болған соң, бұл һәм өліпті. Арыстан бұның өлгенін біліп бас салып пәре-пәре қылып тастапты: «Неше заманнан бері бізді алдап жүрген екен: «мен сіздерге көктен түскен патшамын», – деп. «Әлін білмеген әлек» деген сөз сықылды өзін-өзі жоғарыға санаймын деп, өзі-өзіне ажал тапқызды.
Достарыңызбен бөлісу: |