1. М.Әуезов атындағы ОҚУ оқу жүйесінің құрылымын сипаттау негізгі бөлім


Кафедраның электр техникалық жабдықтарын сипаттау



бет4/11
Дата21.06.2022
өлшемі0,6 Mb.
#37160
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2.2 Кафедраның электр техникалық жабдықтарын сипаттау
Зертханалық кешеннің сипаттамасы
Кіріс/шығыс модулы
Кіріс/шығыс модулы әлсіз токты аналогтық сигналдардың (± 10 В) өтпелі процестерін осциллографқа енгізу мақсатында, кіргізу және шығару үшін қолданылады.Зертханалық кешенді дербес компьютермен байланыстыру үшін қолданылады.
Модулдың сыртқы түрі 7 суретте көрсетілген.

Сурет 1 - Кіріс/шығыс модулы
Күштік модуль
Күштік модуль электр машиналары бар күштік сұлба жиынтығын жеңілдету,атап айтқанда электр машиналарының мнемосхемаларына сәйкес,модулдың бет жақтауларында орналасқан клеммалармен күштік түрлендіргіштерді жалғау үшін қолданылады.Электромашиналақ агрегатқа тікелей қосу сыртқы жағында жүргізілген.
Күштік модулда асинхрондық электр қозғалтқыш статорлық және роторлық тізбектерде шығыстары бар,бірақ зертханалық стендтер фазалық роторлы және роторлары қысқа тұйықталған қозғалтқыштармен жинақталады (жинақталуы стендтің нұсқаларына байланысты).Егер зертханалық кешенде роторлары қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыштар қолданылса,онда ротор тізбегінің шығыстары қолданылмайды[4].
Модулдың бет жақтауында электр қозғағыштарының айналу жиiлiгiн кескіндейтін индикатор бар. Жылдамдықты өлшеу каналы құрамында энкодер МЗ және (ПЧН ) жиiлiк-кернеу түрлендiргiші болады.ПЧН шығысы(XS15 клеммасы) қозғалтқыштың айналу жиiлiгiне пропорционал кернеу болады.
Модуль құрамына LV25-P түрдегі кернеу датчигі (ДН) және НХОЗ-Р типтегі ток датчигі (ДТ) кіреді. Датчиктер шығыс күштік токтар мен кернеулерге пропорционал аз қуатты кернеулерді алуға мүмкіндік береді. Датчиктер күштік тізбектер мен басқару тізбектерінің потенциалдық бөлiнулерiн қамтамасыз етедi.
Модулдың сыртқы түрі 8 суретте көрсетілген.



Сурет 2 - Күштік модуль

Ток датчигі тізбекке тізбектей,кернеу датчигі-параллель қосылады.Ток датчигі дұрыс жалғанбаса,оның істен шығуы мүмкін немесе модул ішіндегі сақтандырғыш іске қосылады.


Датчиктердің жұмыс диапазондары 1 кестеде көрсетілген.
1 кесте - Датчиктердің жұмыс диапазондары



Датчик

Кіріс сигналдарының диапазоны

Шығыс сигналдарының диапазоны, В

Жиіліктерді өткізу аймағы, Гц

ДН

0…500 В

0…10 В

0…50

ДТ

0…5 А

0…10 В

0…50





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет