1. М.Әуезов атындағы ОҚУ оқу жүйесінің құрылымын сипаттау негізгі бөлім



бет3/11
Дата21.06.2022
өлшемі0,6 Mb.
#37160
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Отчет практика Ергали

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Кафедраның оқу жүйесінің құрылымын сипаттау

«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасында 6В07150 «Электрэнергетикасы» және 6В07151 «Электрмен жабдықтау» бағытында бакалаврларды келесі мамандандыру бойынша дайындайды:


-электр жетек және технологиялық кешендерді автоматтандыру;
-электрмен жабдықтау
-электрмен қамтамасыздандыру және ауыл шаруашылық өндірісін автоматтандыру;
-дәстүрлі емес жаңғыртылған энергия көздері;
6В07140 «Жылуэнергетикасы» бағытында келесі мамандандырулар бойынша бакалаврларды дайындайды:
-жылу электр станциялары
Кафедра Электроэнергетика кәсіби мамандандыру бағыты бойынша оқу мерзімі 1 жыл және ғылыми педагогикалық мамандандыруы бойынща оқу мерзімі 2 жыл магистранттарды дайындайды. Кәсіби магистратураны бітірген магистранттар «Электроэнергетика» бағыты бойынша техника және технология магистрі академиялық дәрежесін алады және ғылыми педагогикалық магистратураны бітірсе « Электроэнергетика» бағыты бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесін алады.
ОҚУ мен Гамбург Қоданбалы Ғылым Жоғарғы Мектебі арасында «Renewable energy systems» бағдарламасы бойынша бірлесіп магистранттарды дайындау жобасы бар. Кафедраның бітірушілері кез келген кәсіпорындарда жұмыс істей алады және технологиялық кешендерді және электр жетектерді автоматтандыру, тасымалдау көлік құралдардың электржабдықтарын ,электр жүйелермен желілерді және электр станциялар мен қосалқы станциялар жұмысының сапасын бақылау мен техникалық қызметті көрсете алады[6].
Кафедрада барлық пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін казіргі заман талаптарына сай қондырғылармен жабдықталған 5 оқу зертханалары бар.
Кафедраның негізгі ғылыми зерттеу бағыттары төмендегідей:
-электрлік технология мен электр жетектері үшін электр энергиясының түрлендіргіштерін зерттеу және өндеу;
-ультрадыбыс және электр акустикалық технологияларын зерттеу және өндеу;
-дәстүрлі емес және қайта жаңғыртылған энергия көздері үшін түрлендіргіштерді зерттеу және өндеу;
Бұл бағыттар бойынша қашықтықтан оқыту үшін әдістемелік қамтамасыздандыру және дербес компьютерлер базасындағы зертханалық жабдықтар үшін, ақпараттық-өлшеуіш жүйесін өндеу, біркелкі емес жүктемедегі қозғалтқыштар жұмысының ПӘК-нің орташа мәнін арттыру мақсатында асинхронды қозғалтқыштарды параметрлік реттеуді зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Кафедрада қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату, кадрларды дайындау, электр энергиясын түрлендіру және тасымалдау аймағында бірге зерттеулер жүргізу үшін ЖШС «Онтустик жарык» кәсіпорынмен оқу-ғылыми-өндірістік кешен құру жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында: дәстүрлі емес энергетика, баламалық энергетикадағы жоғары технологиялар, энергия үнемдеу, компьютерлік модельдек және робототехника мәселелері қарастырылады.
5В071800 - «Электроэнергетика» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бакалаврлар төмендегі тәжірибелерді өтеді:
● оқу (оқу-танысу);
● өндірістік;
● кәсіптік (диплом алды).
Оқу тәжірибесі студенттерді өнеркәсіп өндірісіндегі жұмыстарды ұйымдастыру, технология жайлы бастапқы мәліметтерді алу мақсатында өткізіледі.
Өндірістік тәжірибе өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру, экономика мәселелері, лауазымдық міндеттермен танысу, жалпы кәсіби және арнайы пәндерді оқу барысында тсуденттердің алған теориялық және практикалық білімдерің бекіту мақсатында жүргізіледі.
Кәсіптік тәжірибе бакалаврдың бітіруші кәсіптік жұмыстарының тақырыптарына байланысты материалдарды жинақтау мүмкін болатын ғылыми зерттеу мекемелерінде, өндірістік кәсіпорындарында жүргізіледі. Студенттердің тәжірибесі оқу процессі міндетті және негізгі формасы болып табылады, студенттерге алған білім деңгейлерін бағалауға мүмкіндік береді, өзіндік жұмыстар дағдыларын қалыптастыруға, теориялық білімдерін тереңдету және бекіту мақсатында жүргізіледі.
Студенттер өндірістік және диплом алды тәжірибелерін төмендегі облыс пен қалалық кәспорындарда өтеді:
1. ЖШС «Оңтүстік Жарық транзит»
2. АҚ «Южполиметалл»
3. АҚ «Энергоорталық-3»
4. ЖШС «Оңтүстікқұс»
5. АҚ «Карданвал»
6. ЖШС «Электроаппарат зауыты»
7. АҚ «Шымкентмай»
8. АҚ «Шымкентцемент»
9. ЖШС «Шымкентсыра»
10. ЖШС «Петро Казахстан»
11. АҚ «Кентау трансформатор зауыты» Кентау қ. және т.б.
Білім бағдарламасын іске асыру үшін кафедра заңдық күші бар санитарлық нормалар мен ережелерге сай келетін арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалармен жабдықталған.
11 арнайы оқу зертханалары мен кабинеттерінің жалпы ауданы 413,4 м2 құрайды.
Кафедраның аудиториялық фонды: 501Г, 502Г, 503Г, 504Г, 505Г, 506Г, 507Г, 101Г, 119Гл, 123Гл, 106А бөлмелерінен тұрады. Кафедра штаты 506Г, 501Г, 507Г кабинеттерінде орналасқан.
5В071800 «Электрэнергетикасы» бойынша оқу процессін жүргізуге арналған оқу алаңы санитарлық және өртке қарсы нормаларға, норма көрсеткіштеріне толығымен сай келеді. Пайдалы оқу алаңы сабақтың екі ауысымдығын ескере отырып есептегенде, келтірілген контингенттің бір білім алушысына шаққанда 9,6 кв.м. құрайды.
Мамандықтың пәндеріне арналған зертханалық база «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының 8 зертханасында қамтамасыз етіледі және ұйымдастырылады: 503Г, 504Г, 504Г, 505Г, 101Г, 119Гл, 123Гл, 106А.
6В07140- «Электрэнергетикасы» білім бағдарламасы бойынша зертханалық құрылғылармен жабдықталғандығы
1.503Г «Электр тізбектері теориясы » зертханасы
а)Компьютерлік зертханалық кешен «Электр тізбектері теориясы» -2 дана
2.504Г «Электрлік жүйелер, релелік қорғаныс, ақпараттық датчиктер мен түрлендіргіштер» зертханасы
а)Компьютерлік зертханалық кешен «Релелік қорғанысы және автоматикасы бар электрлік жүйе моделі» -2 дана
б)Компьютерлік зертханалық кешен «Электр тізбектері теориясы» -2 дана.
в)Компьютерлік зертханалық кешен «Электротехникалық материалдар» -2 дана
г) Компьютерлік зертханалық кешен «Датчиктер және берілгендерді өңдеу жүйесі» -2 дана
3.505Г Электр тізбектері теориясы, электр жетегі және электр машинасы бойынша зертхана
а) Компьютерлік зертханалық кешен «Электр машиналары және электр жетек» -2 дана
б) Компьютерлік зертханалық кешен «Электроника» -2 дана
в) Зертханалық кешен «Электротехника» - 4 дана
4.119 Бас ғимарат «Электротехникалық материалдар» зертханасы Зертханалық комплекс «Электротехникалық материалдар»
101Г «Дәстүрлі емес энергетика» зертханасы Жел генераторының электромеханикалық моделі, күн электрстанциясы, жылулық сорап
123Гл. «Түрлендіргіш техника» зертханасы Желгенераторымен жұмыс істейтін инвертор, желгенераторымен жұмыс істейтін түзеткіш
106А «Техникалық термодинамика және суды дайындаудың физико-химиялық әдістері» термометр, дифференциальдық манометр, диафрагма, желдеткіш, ағындық калориметр, амперметр, вольтметр, реостаттар, герметикалық сосуд, манометр, компрессор, барометр, термометр, электрлік жылытқыштар, зертханалық тоңазытқыш, бу қазандығы, барометр, аспирациялық психрометр, гигрометр, ылғал ауаның hd-диаграммасы, дифференциальдық манометр, диафрагма, вентилятор, ағындық калориметр, персональдық компьютер, компьютерлік бағдарламалар
Кафедра зертханаларының рәсімделген формада паспорттары бар. Зертханаларда қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жалпы ережелеріне сай рәсімделген формадағы техника қауіпсіздігі журналы, сондай-ақ техника қауіпсіздігі және өртке қарсы техника бойынша инструкциялар бар. Зертханалар оқу-техникалық құрылығылары мен макеттеріне техникалық инструкциялармен жабдықталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет