1. М.Әуезов атындағы ОҚУ оқу жүйесінің құрылымын сипаттау негізгі бөлім


Зертханалық жұмыстарды орындауға техникалық қауіпсіздік ережелері



бет5/11
Дата21.06.2022
өлшемі0,6 Mb.
#37160
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Отчет практика Ергали

2.3 Зертханалық жұмыстарды орындауға техникалық қауіпсіздік ережелері

Электр тоғынан қорғау жүйелерін есептеу және талдау мынадай болып жүргізіледі. Электр тогы организмнен өте отырып, оған термиялық электролиттік, биологиялық әсер береді нәтижесінде көптеген бұзылулар және демалу органдарының іскерлігі толық тоқтатылуы мүмкін. Адам денесінен өтетін тоқ шамасы залалданудың негізгі факторы болып табылады. Ток көп болған сайын, оның әсері қауіпті. Сезім тоғы –0,6-1,5мА (50Гц). 10-10мА (50Гц) тоқ көкірек клеткаларының қатты жиырылуын тудырады. 100 мА ток кезінде жүрекке кері әсерін тигізеді, соңында ол өлімге алып келеді. Ең қауіпті болып жиілігі 20 – 100 Гц болатын ауыспалы ток табылады. Токтың негізгі әрекеттері факторлар қатарына, адамның жеке қасиеттері мен токтың жиілігі мен типіне тәуелді болады. Адам денесінің электрлік кедергісі және оған қойылған кернеу бұзылуға әрекет етеді, бірақ ток мәнін қаншалықты анықтағанға байланысты. Токтың және кернеу деңгейлері ГОСТ 12.1.038 беріледі.


Қондырғы 1000 В кернеуге дейінгі қондырғыға жатады. Жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі техникалық құралдары болып мыналар табылады:
Жерлендіру
Нолдендіру
Сөндіру
Жерлендіру дегеніміз құрылғының ток жүрмейтін бөлігінің жермен қосылысы.
Электрлiк жерлендіру күйiн бақылау үшiн оқшаулаудың кезекті түрдегі сынақтарын өткiзiп отырады. Жерлендіруді өлшеу және сынақтау үшiн кернеуi 1000 В-қа дейiнгi электр қондырғыларында М1 101 типтi мегметрлер қолданылады. Ұзындығы 2,5-3 м стерженьдер, арнайы дайындалған траншеяда топырақ қабатына тiгiнен түсiрiледi, тiк жерлендіру болат шендеуiшпен жалғастырылады. Қысқа тұйықталу тогынан сақтандыру iске қосылу тогы 60 А-дi ажыратудың толық уақыты 0,3 с-тi құрайтын қондырғыға ие болатын электромагниттiк ажыратқышы бар автоматпен жүзеге асырылады.
1000 В кернеуге дейінге электрқондырғылары үшін жерлендіру құрылғысының кедергісі 4 Ом-нан кем болмауы қажет.
Нөлдендіру дегеніміз ток жүрмейтін бөліктің қосылысы.
Нөлдендіру сақтау эффектісі аз болмауынан қорытындалады.
Сөндіру - электр тогымен зақымдану қауіптілігі туған жағдайда электр қондырғысын автоматты түрде сөндіретін сақтау жүйесі.
Өрт қауіпсіздігі
Электр қондырғылардағы өрттер аса қауіпті, өйткені үлкен материалдық шығындарға әкеп соғады. Өрттің келесі себептерден туындауы мүмкін:
Отты абайсыз пайдаланудан;
Өндірістік жабдықтардан ақауларынан;
Электр жабдығын пайдалану ережелерін бұзудан;
Электр, газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі шараларының бұзылуынан.
Өрт қауіпсіздігі, бірінші кезекте, электрмен қоректендіру жүйелерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын орындаумен және оны профилактикалық жұмыстарды орындау кезінде сақтаумен қамтамасыз етеді.
Өрт профилактикасының мақсаттарына дәлізде өрт сөндіру құралдары: ОХП-10,ОУ-5 өрт сөндіргіштері қарастырылған. Мұнан басқа жұмыс істеушілер арасында өрт қауіпсіздігінің шаралары жөніндегі инструктаждар өткізіліп тұрады.
Жөндеу-профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері сақталады.
Санитария және гигиена жөніндегі іс шаралар.
Жұмыс орнын жоспарлау маңызды мәнге ие болады. Жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде адамның физикалық мәндеріне көңіл бөлу қажет. Адамның, оның жұмыс аймағында орналасқан барлық құжаттарға, заттар мен қондырғыларға оңай қол жеткізе алуы қажет.
Микроклимат
Ғимаратқа қойылатын талаптар, компьютердің орнатылуына қойылатын талаптардан және микроклиматтың қажетті көрсеткіштеріне қойылатын талаптардан тұрады:
Ғимаратқа орташа температураның және жоғарғы емес салыстырмалы ылғалдықты болуы, шаң-тозаңның болмауы қажет. Температураның салыстырмалы ылғалдылық пен ауаның қозғалыс жылдамдығының нормалары 9.3 кестеде берілген. Жоғарғы температура мен ылғалдылық кезінде дененің қызуы орын алады. Төменгі температура кезінде, ауруларға әкеп соғатын организмнің салқындауы жүреді. Ғимараттағы белгілі бір микроклиматтың көрсеткіштерді ұстап отыру үшін ауа желдету және ауаны салқындату жүйелері орнатылады.
Ғимарат өлшемдерінің, негізгі жабдыққа қойылатын негізгі санитарлық техникалық қанағаттандыруы қажет, сондай-ақ сымдар, өткелдер, техникалық жабдықтар үшін кеңістіктің қарастырылуы қажет. Бір жұмыс орнына өндірістік ғимарат көлемінің кем дегенде 15 м және ауданның кем дегенде 4,5 м2 сай келуі қажет.
СНИП-245-91 және 12.1. 1003-91 МЕСТ (ГОСТ) сәйкес ғимараттағы шу деңгейі 65 дБ-ден аспауы қажет. Шудың негізгі көздері принтерлер, мониторлар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет