Тахауи Ахтанов (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды.
«Қаһарлы күндер» — Ұлы Отан соғысы тақырыбын арқау еткен Тахауи Ахтановтың романы. Романда Мәскеу түбіндегі шайқас, генерал Панферов бастаған дивизияның жан қиярлық ерлігі суреттелген.
Боран — Тахауи Ахтановтың 1963 жылы жазған романы. Алғашқыда «Дала сыры» повесі болып шығып, кейін өңделіп, толықтырылды. Роман үшін авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.[1] Романның бас кейіпкері Қоспан қойшы өз өмірінде талай қиындықты бастан кешірген, соғыста болған, жау қолында тұтқын лагерінде болып қашып шыққан, әйтсе де қиын тағдырына ашынып езілмеген, адамдық ізгілігін жоймаған күрделі тұлға. Романға қарапайым еңбек адамының тағдыры, 1950-1960 жылдардағы кеңестік қоғамның өмір шындығы тақырып етіп алынған.
«Осы кісіні бай етпесем, атым құрысын» деген аңыз кейіпкері – Шықбермес Шығайбайды мырза бай етпесем Алдар атым құрысын, - деп, Алдар аттанады.
Әл-Фарабидің өмірдегі адамдардың мақсатын айта отырып, үлгі, насихат айтатын шығармасы – қағаздың түсіп бетіне
С.Торайғыровтың азаматтық үнін білдіретін өлеңі - Шығамын тірі болсам адам болып
18 ғасырдағы қазақ жыраулары Тәтіғара, Үмбетей, Бұқар жырларында Абылай тұлғасы, оның батырлары жайында тарихи шындық іздері көрініс береді
Бұқар жырау Қалқаманұлы — XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі.
С. Мұқанов шығармашылығына тән нұсқа. Есіл бойында, Саятшы Ораз болуы мүмкін - Өмір мектебінен Өйткені сол сұрақтар қайталанып жатыр ғой.
Сәкен Сейфуллин. Аққудың айрылуы. Арқада бір жер бар еді, Жібек самал саясы: Саяда бір көл бар еді, Сырлы кесе аясы. Маржан құмы, күміс суы Көл еді кең айнадай:
Бейімбет Майлиннің кҮЛПӘШ ӘҢГІМЕСІНДЕГІ БАСТЫ КЕЙІПКЕР - күлпәштің өзі. Қали, Мақтым, Раушан дегендер бар
Қобыланды батыр жыры -тоқсандағы әкесі Тоқтарбай, алпыстағы шешесі Аналық, қарындасы Қарлығаш. Тоқтарбайдың жылқыда тоқсан құлы бар еді
Жамбыл Жабаевтың 1941 жылы ұлы отан соғысы жылдары жазылған өлеңі - Ленинградтық өренім.
Күреңбай сыншы "...пырақ" деп бағалаған тұлпар: Құлагер
Қорлықты мына кiм көрген:
Алматы толы - үйсiздер.
Үйсiз де күйсiз жүргенмен
Ұрпақтың қамын үнсiз жер.
Махамбеттің Ордадан кетерде ханға айтқаны
Он екі төбет, шұнақ хан,
Шабатының ел екен,
Күндейтінің мен екем.
Хан ұлына қас болу,
Қара ұлына бас болу —
Мендей ерге жөн екен!
Махамбеттің «Бағаналы терек жарылса» өлеңі көбіне Исатай батырдың ізбасар мұрагерлеріне арналған.
Көксерек шығармасына тән мақал - Қасқырды қанша бақсаңда,тауға қарап ұлиды.
Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.
Қасқыр қасқырлығын істемей қоймайды.
Қасқырды қасқыр қылатын да адам.
Қасқырды қанша өсірсеңде ит болмайды.