1.Микробиологиялық зерттеуге жататын дәрілік препараттар және микробиологиялық тазалықты анықту көрсеткіштері
Дәрілік шикізат дайындау кезеңдерінде және сақтау барысында микробтармен ластануы мүмкін .Өсімдік және өсімдіктен алынған шикізаттың ылғалдануы микроорганизмдердің көбеюін белсендіреді. Көбейген микроорганизмдер өсімдіктен алынған дәрілік препараттардың фармакологиялық қасиеттерін өзгертеді. Дәрілік препараттарды дайындау кезінде, микроорганизмдер қоршаған ортадан түсуі де мүмкін. Дәрілік препараттар дайындау кезінде санитарлық тәртіптің сақталуын , дәрілік форманың әрбір сериясын, сол мекеменің қоршаған орта обьектілерін санитарлық микробиологиялық бақылау жүргізу арқылы анықтайды. Парентералды енгізуге арналған дәрілік заттар, көз тамшылары, майлар, үлбірлер және т.б., нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес стерилді болуы керек . Дәрілік заттардың стерильдігін бақылау тиогликоль ортасына сеуіп әртүрлі бактерияларды , соның ішінде анаэробтарды; Сабуро ортасына сеуіп Candida т.б. саңырауқұлақтарды анықтайды. Антимикробты әсері бар дәрілік заттардың стерильдігін мембранды сүзгіден өткізу жолымен анықтайды: Фильтрациядан соң сүзгішті сұйық қоректік ортаға салып, микроорганизмдердің өсуін бақылайды.Өсу болмаса препарат стерильді деп саналады.
2. Дәріханалық жағдайларда дайындалатын стерильді емес дәрілік заттарды дайындау кезеңінде қойылатын талаптар. Микробиологиялық тазалықты бақылау әдістері. Стерильді емес дәрілік формаларды дайындауда қолданылатын дәрілік заттар штангластарда тығыз жабылған шкафтарда сақталады. Дәрілік заттарды сақтауға арналған штангластарды толтыру алдында жуып стерилизациялайды.
Қосымша материалдар, жабу, орау, тығындау құралдары алдынала дайындалып, стерилизацияланып санитарлық ереже талаптарына сәйкес сақталынады. Дәріханалық ыдыстар қолданар алдында жуылып, кептіріліп, стерилизацияланады. Кіші механикаландыру құралдарыда жұмыс соңында 50-600 жылы сумен жуылып, дезинфекцияланады. Дезинфекциядан кейін бұйымдар ыстық сумен жуылып, тазартылған сумен шайылып, ыластанбайтын жағдайда сақталады.
Әр сменаның басында және аяғында қол өлшегіштері, шпателдер, қайшылар және басқа да ұсак дәріханалық инвентарлар 3 % сутегі перекисі 0,5% жуу заттары қосындысы ерітіндісімен сүртіліп, кейін таза сумен жуылады. Жуғаннан кейін инвентарларда жуу заттарының ізінің қалмауы тексеріледі. Бюреткілік қондырғылардың ағызу крандары жұмыс басталар алдында ерітінді тұздарынан, тұнбалар қалдықтарынан тазартылады және спиртті эфирлі қоспамен (1:1) сүртіледі. Бюреткілік қондырғылар және пипеткалар 10 күнде 1 рет концентраттардан тазартылып, 50-600 жылы суға гарчица ұнтағы қосылған ерітіндімен немесе 3% сутегі перекисі ерітіндісін 0,5% жуу заттары қосындысымен жуылып, кейін тазартылған сумен шайылады. Жуылып, шайлып болғаннан кейін жуу заттарының іздерінің қалмауы тексеріледі.