1. Микробиологиялық зерттеуге жататын дәрілік препараттар және микробиологиялық тазалықты анықту көрсеткіштері



бет2/4
Дата14.05.2023
өлшемі21,48 Kb.
#93041
1   2   3   4
Дәрілік заттарды өлшеп алғаннан кейін штангластардың қақпағын, жабылатын шетін және қол өлшегіштерін мәрлі салфеткасымен сүртеді. Мәрлі салфеткасы бір-ақ рет қолданылады. 
Жұмыс соңында құйғыштар, сүзгілер, капсулалар, ступкалар жуылып дезинфекцияланады.
3. Стерильді дәрілік заттарды дайындау кезеңінде қойылатын талаптар және микробиологиялық бақылау әдістері.
Стерильді дәрілік заттарды дайындау кезеңінде қойылатын талаптар және микробиологиялық бақылау әдістері.
санитарлық талаптар ҚР ДСМ арнайы бұйрығымен анықталып бекітіледі. Асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік формаларды жасауда қолданылатын дәрілік заттар штангласдарда, шаң кірмейтін тығыз жабылатын шкафтарда сақталады. Штангластар толтырылу алдында жуылып стерилизацияланады.
Стерильденген қосымша материалдар жабық күйінде 3 тәулік сақталады. Ашылған материалдар 24 сағ. ішінде қолданылады. Биксті ашып материал, ыдыстарды стерильденген пинцетпен алғаннан кейін қайтадан тығыз жабылады.
Асептикалық жағдайда дайындалатын, бөлшектенетін дәрілік заттарды құятын стерильденген ыдыстардың сақталу мерзімі 24 сағ. аспауы керек.
Ірі сыйымдылықты баллондарды жуып болғаннан кейін ыстық бумен 30 мин. буландырып зарарсыздандырады. Кейін стерильді тығынмен немесе стерильді пергаментпен жауып, ыластанбайтын жағдайда 24 сағ. сақталады.
Асептикалықк блок қызметкерлерінің санитарлық киімдері бикске салынып булау стерилизаторында 120°С температурада 45 мин. немесе 132°С 20 мин. стерилизацияланады. Кейін бикстерде 3 тәуліктен көп емес мезгілге сақталады.
Қызметкерлердің аяқ киімдері жұмыс басталар алдында және жұмыстан кейін дезинфекцияланады, кейін жабық шкафтарда немесе жәшіктерде шлюзде сақталынады. Аяқ киімдер сыртынан 15 % хлорамин немесе 0,75 % хлорамин ерітіндісіне 0,5 жуу ұнтағы, болмаса 3% сутегі перекисі ерітіндісіне 0,5% жуу ұнтағы қосылған ерітінділермен 2 рет сүрту арқылы дезинфекцияланады. Сонымен қатар, аяқ киімдерді дезинфекциялау формалин ерітіндісіне немесе 40 % сірке қышқылына малынған мақтаны нашатыр спиртімен немесе негізбен нейтрализацияландырып салынған пакетте жүргізіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет