26.Комиссияларды құру тәртібін және жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібін көрсетіңіз Жазатайым оқиғаны тергеу үшін жұмыс беруші бірден кемінде үш адамнан тұратын комиссия құрады, оны жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген өкіл басқарады. Комиссияның құрамы жұмыс берушінің бұйрығымен (өкімімен) бекітіледі, комиссияға:
еңбекті қорғау жөніндегі маман немесе жұмыс берушінің бұйрығымен (өкімімен) еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға жауапты адам
жұмыс берушінің өкілдері;
кәсіподақ органының немесе жұмыскерлер уәкілеттік берген өзге де өкілді органның, еңбекті қорғау жөніндегі уәкілдің өкілдері.
Жазатайым оқиға болған учаскеде (объектіде) еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауапты басшы комиссия құрамына енгізілмейтінін ескеру қажет.
27. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алу тәртібін көрсетіңіз. Өндірістік жарақаттар мен қызметкердің денсаулығына жұмыстағы міндеттерін атқаруға байланысты келтірілген өзге де зақымданулар не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша еңбекке қабілетсіздігіне не өлімге әкеп соққан басқа да әрекеттер тексеріліп, есепке алынады.
Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың:
1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс және тынығу мен тамақтануға арналған кезеңде, сондай-ақ, мас болу, уытты және есірткі заттарды (олардың аналогын) пайдалану күйіне байланысты себеппен орындаған кезде;
2) өз денсаулығына қасақана (әдейі) зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде;
3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндірістік жарақаттар және қызметкерлер денсаулығының өндірістегі өзге де зақымданулары ретінде ресімделмейді.