1. Мұнай және газ кен орындары туралы жүйелік түсінігіңізді атаңыз


Мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуінің жою салдарын болжауды және іс-қимылдарды жоспарлауды түсіндіріңіз



бет13/20
Дата26.12.2023
өлшемі86,01 Kb.
#143315
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
31.Мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуінің жою салдарын болжауды және іс-қимылдарды жоспарлауды түсіндіріңіз
Іс-шараларды өткізуге арналған күштер мен арнайы техникалық құралдардың қажетті құрамын айқындау мақсатында ұйымдар мұнай және мұнай өнімдерінің төгілу салдарын және олармен байланысты қайталама төтенше жағдайларды болжауды жүзеге асырады.
Болжау қолайсыз гидрометеорологиялық жағдайларды, жыл, тәулік уақытын, жергілікті жер бедерін, экологиялық ерекшеліктер мен аумақтарды (акваторияларды) пайдалану сипатын ескере отырып, қатерді бағалау негізінде мұнай мен мұнай өнімдерінің барынша ықтимал төгілуінің салдарларына қатысты жүзеге асырылады.
Болжаудың мақсаты-анықтау:
* Мұнай және мұнай өнімдері төгілуінің ықтимал ауқымы, олардың халыққа және оның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне, өндірістік және әлеуметтік сала объектілеріне, сондай-ақ қоршаған табиғи орта объектілеріне теріс әсер ету дәрежесі;
* Мұнай және мұнай өнімдерінің төгілу қаупі жоғары аудандардың шекаралары;
* Мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуін жою бойынша жұмыстарды орындаудың жүйелілігі, мерзімдері және неғұрлым тиімді тәсілдері.
Мұнайдың және мұнай өнімдерінің төгілуі туралы хабарлама келіп түскен кезде төгілуді шектеу уақыты акваторияда төгілу кезінде 4 сағаттан, мұнайдың және мұнай өнімдерінің төгілуі анықталған кезден бастап немесе төгілу туралы ақпарат келіп түскен кезден бастап топырақта төгілу кезінде 6 сағаттан аспауға тиіс.
32.Мұнай мен газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау объектілерін пайдалануға қойылатын талаптар жөніндегі жалпы ережелерді түсіндіріңіз
Мұнай мен газды өндірудің, жинаудың, дайындаудың технологиялық процестері, оларды техникалық жарақтандыру, басқару және реттеу жүйелерін таңдау, бақылау, басқару және аварияға қарсы қорғау құралдарын орналастыру орындары кен орындарын жайластыру жобаларында ескерілуге және қызмет көрсетуші персонал мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Мұнайды, газды және конденсатты жинау, дайындау және тасымалдау объектілерінің жабық үй-жайларында дыбыстық және жарықтық авариялық сигнал беру жүйесімен блокталған Ауа ортасының жай-күйін бақылау жүйесі болуы тиіс. Авариялық сигналдар туындаған кездегі персоналдың іс-қимылы аварияларды жою жоспарларында ұсынылуы тиіс.
Мұнай дайындау қондырғысының технологиялық регламенті (ТР) негізгі технологиялық құжат болып табылады және процесті жүргізу технологиясын немесе оның жекелеген сатыларын, өнім өндірудің режимдері мен рецептурасын, өнім сапасының көрсеткіштерін, Жұмыстың қауіпсіз жағдайларын және қолданыстағы нормативтік құжаттарды айқындайды. ТР қауіпсіз жұмыс жағдайларын, жабдықты қалыпты пайдалануды, процесті үнемді жүргізуді, өнімнің белгілі бір сапасын қамтамасыз етуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет