1. Модельдеуші мұғалім: Тікелей оқу қағидаттары мен оқытудың сындарлы тәсілін үйлестіріп қолданады 2. Метатану дегеніміз не: Өзінің ойлау қабілеттерін түйсінудің айрықша түрі 3. ХХІ ғасырда табысты болу үшін әлемдік білім беру жүйелерінің қайта қарастыратын негізгі сауалдарының бірі: Балаларға нені оқыту керек? 4. Уәжге жағымды әсер ететін факторды атаңыз: Оқушыларға ойлануға уақыт бере отырып, сабақ қарқынын өзгерту 5. Сабақ барысында мұғалім оқушыларды ынталандыру үшін қандай мадақ сөздер айтқаны тиімді болады?: Мәселені шешуде тиімді жол таңдағансың 6. «Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды» деген сөзді кім айтқан?: Ж. Аймауытұлы 7. Оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі аяқталғанда жүргізетін бағалау түрі: Бөлім бойынша жиынтық бағалау 8. Тақырып немесе мәнмәтін арқылы байланыстырылған тізбектелген сабақтар топтамасы аясында қалыптастырып, дамытуы тиісті білім мен түсінік дағдыларын толық қамтуға мүмкіндік беретін: орта мерзімді жоспар. 9. Сындарлы оқыту тәсілдері төменде ұсынылған қандай тұжырымға негізделген: барлық жауаптар дұрыс. 10. Мұғалімге сабақтан кейінгі сыни рефлексия жасауға мүмкіндік беретін сұрақтар: Сабақтағы оқыту әдістерім сәтті болды ма? Неліктен және нені жақсартуым керек? 11. Қалыптастырушы бағалауда мұғалімнің рөлі: бағалау үдерісіне түзету енгізеді 12. Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп бағдарламасында жетекші орынды не алады?: Білім, білік, дағдылары
13. Білім беру бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдерінің үйлесімдігі қандай мақсатқа жұмылдырылады?: Оқушылардың оқудағы табысын арттырады
14. Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін қандай жұмыс ұсынылады?: Жеке, жұптық, топтық, ауысып отыратын топтық жұмыс