1-Модуль №1 Лабораториялық жұмыс Тақырыбы


Шөл, шөл дала, орманды-дала, дала зоналарында кездесетін зонааралық (интразоналық) топырақтарды талдау



бет10/11
Дата22.02.2023
өлшемі110,5 Kb.
#69933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4.2. Шөл, шөл дала, орманды-дала, дала зоналарында кездесетін зонааралық (интразоналық) топырақтарды талдау


Зонааралық топырақтар ішінде негізінен төмендегідей топырақтар типтері кездеседі:
1. Сорланған топырақтар.
2. Сортаң топырақтар.
3. Солодтар.

4.3.Зонасыз топырақтар


«Топырақ географиясы және топырақтану негіздерің пәнінен лабораториялық жұмыс




3- Модуль

12-13 Лабораториялық жұмыс




Тақырыбы: Қазақстанның топырақтарын талдау және таралу аймағы айқындау


Мақсаты: Қазақстанның табиғат зоналары бойынша топырақтарын талдау
Тапсырмалар: № 1тапсырма: Қазақстанның контурлық картасына табиғат зоналарына сәйкес топырақтарды түсіріп, оларды сиппатау
2тапсырма: Жазық аумақтың топырақтарына сипаттама
3тапсырма: Таулы алқаптың топырақтары
«Топырақ географиясы және топырақтану негіздерің пәнінен лабораториялық жұмыс


14 Лабораториялық жұмыс:
Тақырыбы. Далада топырақтармен танысу әдісі. Топырақ үлгілерін алу.
Мақсаты: Далада топырақпен танысу үшін, топырақ үлгісін алуды үйрену
Әдісемелік нұсқау: Далада топырақпен танысу үшін зерттейтін территорияны зер салып қарап шығып, оның беткі құрылысының қандай екендігін байқау керек. Себебі әртүрлі жер бедерінде қалыптасқан топырақтар әртүрлі болады. Топырақтың қасиетін білу керек жерде топырақ шұңқырын қазу керек. Шұңқыр мөлшері мынандай: көлденеңі 80 см, ұзындығы 150-200 см. Ең терең алдыңғы жері.
Шұңқыр адам түсе алатындай етіліп, басқышталып қазылады. Шұңқырдың терең бөлімін оңтүстікке қарай орналастыру керек. Сонда топырақтың сипаттама жасалатын алдыңғы қабырғасы көлеңке жаққа қарайды. Көлеңкеленген топырақ баяу құрғайды және бүкіл күн бойынша сәуле біркелкі түседі.
Шұңқырдан шығарылған топырақты оның ұзынына қарай екі жағына тастау керек. Ал, терең бөлімінің қабырғалары шығарылатын топырақтан таза болуы тиіс. Қара гумусы бар топырақты бір жаққа, терең қабаттарынан шыққан топырақты екінші жаққа тастау керек.
Шұңқыр дайындалғаннан кейін оның сипаттамасын жазуға кіріседі. Ең алдымен шуңқыр қазылған жерге қандай дақыл егілгенін жазады.
Шұңқырдың қабырғаларын дұрыстап қарап, жырту қабатының, оның астындағы гумусы бар қабаттың және басқа төменірек жатқан, бірінен бірі жақсы ажыратылып тұрған қабаттардың қалыңдығын өлшеп жазып қою керек. Қабаттарды жақсы байқау үшін пышақпен одан шамалы кесіп алып, оны саусақпен уқалап көру керек. Әрбір горизонттың ылғалдығын, түсін, механикалық құрамын, тығыздығын, құрылымын көрсету керек.
Егер горизонтта тамыр, жертесер, құрт және шіріген тамыр жолдары, тас не тұз қоспалары болса, мұны да көрсету керек. Одан кейін барлық қабаттардың НС1 дан қайнайтынын немесе қайнамайтынын тексереді. Ол карбонаттың барын немесе жоғын сипаттайды. Ьұл үшін әрбір қабаттан алынған топыраққа оте сұйық ертілген тұщ қышқылды тамызып көреді Егер бұл қышқыл болмаса кәдімгі сірке суын пайдалануға да болады. Қышқыл тамызған топырақтан көпіршіктер бөлініп, шыжылдайтын болса, топырақ қышқылдан қайнайды деп жазады. Бұл онда әктің көп екендігін көрсетеді. Қайнау топыраққа қышқыл тамызған кезде әктің бұзылып, бөлінген көмір қышқыл газының көпіршіктеніп шығуынан болады.
Топырақ сипаттамасында жыл, ай, күн, облыс, аудан, пункт және шұңқыр қазылған даланы, сондай-ақ жер бедерінің жазық, ойпаң екенін міндетті түрде көрсету керек.
Топырақ сипаттамасын жазып болғаннан кейін оны осы кітапта сипатталған топырақтардың біреімен салыстыру керек, сондай-ақ шұңқыр қазылған жердің картасындағы орнын табу керек.
Егер топырақпен толығырақ танысу керек болса, анализ жасау үшін шұңқырдан үлгілер алады. Үлгілер жырту қабатынан және басқа бірінен бірі жақсы ажыратылатын қабаттардан алынады. Пышақпен салмағы жарты кг не одан көбірек топырақты текшелеп кесіп алады. Оны құрғақ қағазға мұқият орап, жіппен байлап қояды. Орама қағаздың ішінде үлгіні қай жерде, қашан, қандай тереңдіктен, кім алғандығы жазылған қағаз салады. Осындай жазуды үлгінің орама қағазының сыртына да қайталап жазады.
Сипаттамасын жазып біткеннен кейін топырақ шұңқырын дереу көміп тастау керек, топырақтың табиғи құрылысын бұзбау үшін гумусы бар қара топырақты қайтадан шұңқырдың бетіне тастау қажет.
Алынған үлгілерді құрғақ жерде сақтау керек, егер олар ылғал кезінде алынса, үй ішінде оларды ашып, құрғату керек, сонан кейін оны қайтадан орап, немесе жеке-жеке кішкене қорапқа салып, оның сыртына тиісті жазуларды жазып, ішінде де сондай жазуы бар қағақ салып қою керек.
Қазіргі кезде топырақ үлгілері топырақтардың ластану деңгейін зерттеу үшін алынады. Ол кезде мұндай үлкен шұңқыр қазу қажет емес. Бірақта барлық жоғарыда айтылған дайындау жұмыстарын істеу керек. Топырақ үлгісін зерттеуге таңдалған орыннан әрбәр 10 см тереңдікте (жарты метрге дейін) алу қажет. Генетикалық қабаттарға сәйкес алу қажет емес. Мысалы 0-10, 10-20, 20-30, 30-40, 40-50 см. Осындай түрмен бірнеше жерден алынып, осы топырақтардан орта үлгі алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет