Тақырыбы: Топырақтың қасиеттері Мақсаты: Топырақтың морфологиялық, физикалық, сіңіріу, т.б. қасиеттерін талдау.
Тапсырмалар: № 1 тапсырма: Топырақтың морфологиялық қасиетін талдау:
1.1. Тез ерігіш тұздар NaCІ, Na2SO410.H2O, MgCІ2, CaCІ2.
1.2. FeCO3, Fe3(PO4)28H2O - көк, жасыл түсті қосылыстар. Батпақты топырақтарда кездеседі.
1.3. SіO2 - ақ түсті, күл сияқты болып күлгінді, орманды-сұр, сортаң топырақтарда кездеседі.
1.4. Гумус заттары - жолақ-жолақ қара түсті өтпелі қабатқа дейін жетеді.
1.5. Биологиялық қосындылар. 1. Капролиттер - жаңбыр құрттарының іштерінен шығады.
2. Көр тышқандардың жүрген жолдары.
3. Үлкен ағаштардың тамырлары.
4. Құрттардың топырақтағы іздері.
№ 2 тапсырма: Топырақтың физикалық қасиеттері
2.1.Топырақ бөлшектерінің құрылымы. Топырақ құрылымы - оның су - ауа алмасуына т.б. көптеген физикалық қасиеттеріне әсер етіп, оның құнарлылығына өте үлкен септігін тигізеді. Топырақ құрылымы төмендегідей түрлерін талдау:
1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды, борпылдақ.
2. Құрылымы майда түйіртпекті, оқ дәрісіндей, мөлшері 0,5-1 мм.
3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5 мм.
4. Жаңғақты құрылым, бөлшектері 5- 10 мм.
5. Майда кесекті құрылым, 10 мм-ден ірі
6. Ірі кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.
2.2.Топырақтың кеуектілігі;.
2.3. Топырақтағы ылғал режимін талдау;
2.3. 1. Түсетін ылғалдар: а) ауа ылғалдары (жаңбыр, қар); б) еріген қар суы; в) будан түсетін ылғал; г) жерасты ыза суынан көтерілетін ылғалдар.
2.3. 2. Шығын болатын ылғалдар: а) булану; б) топыраққа сіңбей ағатын ылғалдар; в) өсімдіктер арқылы буланып транспирацияланатын ылғалдар; г) өсімдіктердің жапырақтары мен бұтақтарында қалатын ылғалдар.
2.4. Топырақтың жылулық режимі.
2.5. Топырақтың сіңіру қасиеті деген не ?
2.5.1. Академик К.К.Гедройцтың топырақтың сіңіру қасиеті тұжырымдамасын талдау;
2.6. Топырақтың механикалық сіңіру қасиеті
2.7. Топырақтың физика-химиялық сіңіруі
2.8. Топырақтың химиялық сіңіріуі
2.9.Топырақтың биологиялық сіңіруі топырақтың физико-химиялық немесе алмасу сіңіруі.