Дәріс №7-8 Тақырыбы: Топырақтың химиялық қасиеттері Мақсаты



бет1/9
Дата06.01.2022
өлшемі53,08 Kb.
#14568
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәріс№7-8docx


Дәріс №7-8

Тақырыбы:Топырақтың химиялық қасиеттері

Мақсаты: Топырақтың химиялық қасиеттері, негізінен топырақтың қатты фазасы мен сұйық фазасының арасында жүретін процестердің әсерін қарасырамыз

Жоспар:

  1. Топырақтың химиялық қасиеттері

  2. Буферлілік топырақтың қатты фазасына

  3. Топырақтағы химиялық элементтер

Дәріс мазмұны.

1.Топырақтың химиялық қасиеттері.

Топырақтың химиялық қасиеттері, негізінен топырақтың қатты фазасы мен сұйық фазасының арасында жүретін процестердің әсерінен пайда болады.

Топырақтың қатты және сұйық фазасының арасында жүретін бұл процестердің әсерінен топырақ ерітіндісін әртүрлі заттар түсіп, ондағы заттардың концентрациясының тепе-теңдігі сақталып тұруы шарт. Өсімдіктердің өсуіне, дамуына әсер ететін топырақтың басты және активті бөлігі – топырақ ерітіндісі немесе топырақтың сұйық фазасы.

Топырақ ерітіндісі деп, топырақта әрдайым қозғалыста болатын және әртүрлі еріген заттары бар тамшы – сұйық ылғалды атайды. Оның құрамы топырақ ылғалында еріген тұздардан, қышқылдардан тұрады.

Топырақ ерітіндісінің құрамын анықтау топырақ түзілу процесінің сипатын, бағытын, тұздардың концентрациясын білу және жерді тиімді пайдалану шараларын белгілеу үшін керек.

Топырақ ерітіндісінің құрамына минералдық, органикалық, органика-минералдық заттар кіреді. Топырақ ерітіндісіндегі органикалық қосындылар қарашіріктік қышқылдар және олардың тұздары, сол сияқты өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар бөлетін аминқышқылдары, спирттер, эфирлер, антибиотиктік заттар және токсиндер түрінде болады. Топырақ ерітіндісінің сандық және сапалық құрамы әртүрлі топырақтарда, әртүрлі.

Шымды-күлгін топырақтардың топырақ ерітіндісінде органикалық қосындылар басым, қара топырақтарда органикалық және минералдық қосындылар тең, қызыл қоңыр, қоңыр, сұр топырақтарда минералдық қосындылар көп болады.

Топырақ суспензиясының (ерітіндідегі қатты бөлшектердің) топыраққа қышқыл, не сілті түскенде (көбнесе тыңайтқыштар негізгенде) оның активті реакциясының (қышқылдығының) өзгеруіне қарсы тұру әрекетін топырақтың буферлілігі дейді.

2.Буферлілік топырақтың қатты фазасына тән, ол ұсақ дисперсті, коллоидты және қарашірікті болған сайын буферлілік те жоғары болады. Осы себепті топырақ ерітіндісінің реакциясы (қышқылдығы) шартты түрде тұрақты болады да, өскен өсімдіктердің, микроағзалардың түрлер құрамының өзгеріп кетуінен сақтайды.

Топырақта әртүрлі биоклиматтық және геохимиялық процестер ұдайы жүріп жатады. Осының әсерінен топырақтың химиялық құрамын құрайтын аналық жыныстардың да химиялық құрамы өзгерістерге түседі. Топырақта Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің барлығы кездеседі. Солардың ішінде мәдени өсімдіктер тіршілігі үшін аса қажеттілері: көміртегі, оттегі, азот, фосфор, кальций, калий, күкірт, магний, темір, бор, марганец, мыс, мырыш, молибден және кобальт. Осы аталған негізгі қоректік заттар





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет