1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар


Дестелерді коммутациялаудың режимдері



бет12/34
Дата19.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69208
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Дестелерді коммутациялаудың режимдері.
ДК желілерінде беру мен коммутациялаудың екі режимі бар: виртуальды (ДК-В) және датаграммылық (ДК-Д) режимдер.
Дестелерді коммутациялаудың виртуальды режимі. ДК-В режимінде хабарды жіберместен бұрын жіберуші мен қабылдаушы арасында виртуальды канал ұйымдастырылады, ос канал арқылы берілген хабардың барлық пакеттері жіберілетін болады. «Виртуалды канал» терминін Халықаралық электробайланыс одағы ұсынған, физикалық жағынан мүлдем жоқ сияқты каналды білдіреді, ол хабарды жіберуші мен қабылдаушы арасында логикалық екі нүктелік байланысты анықтау үшін керек. Виртуальды каналдың КК кезінде орнатылатын физикалық каналдан принципиалды айырмашылығы мынада, ол жеке учаскелерде бір мезгілде көп қолданушыларға ұсыныла алады. Бір физикалық каналда бірнеше мыңдағанға дейін виртуальды арналар ұйымдастырылуы мүмкін. Абоненттердің әрбір жұбы үшін виртуальды канал КК кезіндегі физикалық канал сияқты, берілетін пакеттердің тізбегін сақтайды. Сонымен қатар, беріліс жылдамдығының өзгерісіне қатысты артықшылықтар және абоненттердің түрлі жұптарынан пакеттердің кезектесуі және т.б. ПК-ң артықшылықтары сақталып қалған.
ДК-В режимі ДК және КК тәсілдерінің артықшылықтарын қамтиды. ДК-В режимінде уақытша виртуальды байланыс (ВБ) және тұрақты виртуальды арна болып жіктеледі. ДК желілерінде кеңінен таралған ВБ режимінде виртуальды арна КК желілерінде байланысты орнату процедурасына ұқсас, тек хабарды беру уақытына ғана ұйымдастырылады.
Екі абонент арасындағы тұрақты виртуальды арналар байланыс сеансының ұзақтығына байланыссыз, уақытқа ұйымдастырылады. Бұл арна да белгіленген арна сияқты, желі администрациясымен келісілген түрде ұйымдастырылады, бұл осы арнаға үнемі байланыс құрылып тұрған жағдайда немесе деректердің үлкен массивін берген жағдайда ұйымдастырылады. Алдын ала ұйымдастырылған ТВК желі жұмысының процедураларын ықшамдайды.
Датаграммалық беріліс режимі. Бұл режимде виртуальды байланыс алдын ала орнатылмайды, және датаграмма деп аталатын әрбір десте желіге жеке хабар ретінде беріледі және онда өңделеді. Әрбір датаграмма мекенжайды қамтиды, бұл қызметтік ақпараттардың көлемін ұлғайтып, арналарды пайдалану коэффициентін төмендетеді. Сонымен қатар, дестелерді тәуелсіз жіберу оларды қолданушыға беру тәртібінің бұзылуына әкеп соқтырады. дестелер кезектесуінің дұрыс тәртібін қалыпқа келтіру - жіберудің сәйкес процедураларын күрделілендірумен байланысты.
Бұл кемшіліктер ДК-Д режимін пайдалануды шектейді. Екінші жағынан, ДК-Д артықшылығы – бір хабардың дестелерін бір мезгілде бірнеше түрлі бағытқа беруі мүмкіндігінің қамтылуы. Бұл жағдайда хабарды жеткізу уақыты қысқарады және желінің жекелеген элементтері істен шыққанның өзінде жеткізудің жоғары сенімділігі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, ДК-Д дестелерді бағыттаудың ыңғайлы тәсілін қамтамасыз етеді, сондай-ақ желілік ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта желілік хаттамалар ДК-В-ның кейбір мүмкіндіктерін қамти отырып, екі режимді де пайдалануды көздейді.
Коммутацияның әр тәсілінің өзіндік қолдану саласы бар. Сондықтан коммутацияның әртүрлі тәсілі түрлі абоненттер желілерінде қолданылады.
Мысалы, шағын орташа жүктемелерде және мекен-жайлардың шағын санында үлкен массивтерді беру кезінде байланысты орнатуға кететін уақыт көп емес. Бұл жағдайда КК-ны қамтитын жүйені пайдаланған дұрыс. ХК-н көп мекен-жайлы хабарларды беру кезінде, абоненттерді орнатудың үлкен жүктемесі кезіндегі жоғары категориялы жылдамдықты хабарлар приоритеттілігін қамтамасыз ету кезінде қолданған тиімді. Интерактивтік (сұхбаттық) режимде қысқа хабарларды беру кезінде ДК-н пайдаланған дұрыс.

Әдебиеттер: 3нег. 408-415, 5 нег. 11-45


Бақылау сұрақтары:



  1. Коммутацияның қандай түрлерін білесің?

  2. Арналарды коммутациялау дегеніміз не?

  3. Дестелерді коммутациялау дегеніміз не?

  4. Хабарды коммутациялау дегеніміз не?

  5. Дестелерді коммутациялаудың қандай режимдері бар?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет