1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар


Электробайланыстар жүйесінің жіктелуі



бет8/34
Дата19.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69208
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
1 модуль бойынша ба ылау ткізуге арнал ан с ра тар

Электробайланыстар жүйесінің жіктелуі негізінен берілетін хабарлар түрлерімен, электрлік сигналдарды үлестіру ортасымен (3.3 сурет) анықталады.
Жиіліктің белгілі бір сызығында бастапқы сигналды беруді қамтамасыз ететін немесе желілік станциялар немесе желілік тораптар арасында белгілі бір жылдамдықпен сигналды беруді қамтамасыз ететін техникалық жабдықтар кешені және тарату ортасы тарату арналары деп аталады.

3.3 – сурет. Электробайланыс жүйесінің жіктелуі


Сызықтық тракттар таралу ортасы бойынша өткен кезде әлсіреуі (өшуі) мүмкін, түрлі кедергілер мен бұзылуларға ұшырауы мүмкін. Сигналдарды беру сапасына әсер ететін осы факторларды жою үшін беріліс жүйесінің түріне байланысты белгілі аралық сайын күшейткіштер, регенераторлар, немесе ретрансляторлар орнатылады, олар тарату ортасымен бірге беріліс жүйесінің сызықтық трактын түзеді. Хабарды түрлендіргіш шығысында алынатын электрлік сигнал электробайланыстың бастапқы сигналы деп аталады.


Берілістің қарастырылып отырған каналы екі нүктелік және біржақты болып табылады, яғни хабарды беру бір жаққа жүзеге асырылады.
Телекоммуникациялық байланыс жүйесінде келесідей байланыс арнасының типтері бар (немесе таратқыш режимдері):
-симплексті- бұл бір бағыт бойынша хабарды жіберетін таратқыш пен қабылдағыш байланыстың бір арнасымен байланыстырылады (теледидарлық байланыс жүйесін қарастыруға болады).
-жартылай дуплексті - бұл бір бағыт бойынша хабарды үзіліспен жіберетін таратқыш пен қабылдағыш байланыстың бір арнасымен байланыстырылады (ақпаратты – анықтама, сұрақ-жауап жүйесі).
-дуплексті – бұл тарату көзі мен қабылдаушы кезекпе-кезек орындарын ауыстыратын болса, сигналдар алмасу үшін екі жақты байланыс арнасын қолданылатын болса, онда ол екі жақты берілісті жүзеге асыру. Берудің тиімдірек тәсілі – бір мезгілде жұмыс істейтін, екі беттеспелі арналарды ұйымдастыру.
Телекоммуникациялық жүйе функциясының негізгі эффективті факторы – ақпаратты жеткізу уақыты. Ол мынадай фактордың қатарынан тұрады: байланыс жүйесінің құрылымы,пакеттерді маршруттау әдісі т.с.с.

Әдебиеттер: 3 нег. 5-8, 5 қос.9-37


Бақылау сұрақтары:

  1. Электробайланыс жүйесі дегеніміз не?

  2. Хабар деген не?

  3. Электробайланыс жүйесі қалай жіктеледі?

  4. Телекоммуникациялық жүйе мен желі өзара қалай әрекеттеседі?

  5. Беріліс жүйесі дегеніміз не?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет