1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар


-дәріс.Телекоммуникациялық желілерді құрудың жалпы принциптері. Негізгі түсініктер мен анықтамалар



бет9/34
Дата19.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69208
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
1 модуль бойынша ба ылау ткізуге арнал ан с ра тар

4-дәріс.Телекоммуникациялық желілерді құрудың жалпы принциптері. Негізгі түсініктер мен анықтамалар.


Электробайланыс желісі - беріліс жолдары, желілік түйіндер және желілік станциялардың жиынтығынан тұрады, олар хабарды берілген мекен-жай бойынша талап етілген уақытта, сенімді түрде жеткізуді қамтамасыз етеді.Хабарды беру және оларды үлестіру беріліс жүйесі және хабарды үлестіру (БЖХҮ) болғанда ғана, яғни кең мағынада айтқанда байланыс жүйесі болғанда ғана мүмкін болмақ. Электробайланыс түріне қарай желіге телефондық, телеграфтық, деректер тарату, газет тарату, дыбыстық хабар тарату, телевизиялық хабартарату атаулары беріледі. Желілердің жартысы жеке адамдар үшiн тек қана мүдденi ұсынатын хабарды таратуға арналған ( телефон, телеграф, деректер тарату, факсимильді). Дыбыстық және теледидарлық хабартарату, газет тарату желілері бір мезетте адамдардың үлкен санына хабар таратуды қамтамасыз етеді-жаппай хабар желілері.
Телекоммуникациялық желі ортақ жағдайда келесі компоненттерді қамтиды (4.1-сурет):
- қол жеткізу желісі (access network) – магистральды желінің салыстырмалы аз түйіндер санында, қолданушылар жабдықтарынан көптеген байланыс каналдары арқылы келетін ақпараттық ағындардың концентрациясына арналған.
- магистраль (backbone/core network)- қол жетудің жеке желілерін, олардың арасындағы трафиктің жоғары жылдамдықты арналар арқылы транзитін қамтамасыз ете отырып біріктіреді.
- ақпараттық орталықтар немесе сервистерді басқару орталықтары (data centers/services control point)-бұл желінің меншікті ресурстары, оның негізінде қолданушылырға қызмет көрсету жүзеге асырылады.
Электродайланыс желілер құрамына мыналар кіреді:
- қолданушылар (абоненттер, клиенттер) - хабар ағындарын қалыптастырады және қабылдайды, және әдетте ақпаратты жеткізу мен өңдеуге деген талаптарды, байланыс түрін таңдау және анықталған сапасы бар түрлі қызметтерді алуды анықтайды.
- байланыс пункты:
а) енгізу/шығару (кейде сақтау және өңдеу)аппаратураларын қамтитын абоненттік пункттер АП. АП жеке қолданыстағы (терминал) немесе коллективті қолданыстағы болуы мүмкін;
б) ақпараттық қызмет көрсету пункттері АҚКП- анықтама қызметтерi, ЕО (есептеу орталығы), мәліметтер банктері, т.б.;
- желінің жеке пунктері арасында хабар таратуды қамтамасыз ететін, байланыс жолдарына біріктірілген байланыс каналдары;
- екіншілік желілерге типтік физикалық тізбектердің, типтік тарату каналдарын және желілік трактердің сонымен қатар транзиттің ұсынылуы мен қалыптасуын қамтамасыз ететін каналтүзуші аппаратура орнатылатын желілік станциялар;
- түйіндер:
а) желілік түйіндер ЖТ, онда желілік трактердің, таратудың типтік арналарының және типтік физикалық тізбектердің қайта үлестірілуі және құралуы, сонымен қатар оларды екіншілік желі тұтынушыларына ұсынуды қамтамасыз ететін, арнатүзуші аппаратура орнатылады.
б) коммутация түйіндері КТ, олар арналарды, пакеттерді немесе хабарламаларды мекен-жайға сәйкес үлестіреді, олар транзитті, ақырғы немесе аралас типті болуы мүмкін.
- концентраторлар және мультиплексорлар, олар байланыс каналадарының өткізу қабілеттілігін қолдануды, оларды тығыздау жолымен жақсартуды қамтамасыз етеді.Арналар магистральды (КТ арасында) және абоненттік (КТ мен ШП арасында) болуы мүмкін;
-басқарудың көпдеңгейлі желісі, бұл электрбайланыс желісінің дұрыс дамуы мен жұмыс жасауын және қолданушылармен өзара қатынасын қамтамасыз етеді.
Желі элементтері мен олардың қасиеттерін нақтырақ қарастырайық.
Қол жету желісі де, магистральдық желі де коммутаторлар негізінде құралады. Әрбір коммутатор кейбір санды порттармен жабдықталған, олар басқа коммутаторлар порттарымен байланыс каналдарымен жалғасады.
Қол жету желісі телекоммуникациялық желі иерархиясының төменгі деңгейі болып табылады.Бұл желіге ақырғы (терминалды) түйіндер-желі қолданушыларында (абоненттер, клиенттер) орнатылған жабдық орнатылады. Компьютерлік желі жағдайында, ақырғы құрылғылар - компьютерлер, телефондықта - телефондық аппараттар, ал теледидарлық немесе радиожелілерде - теле және радиоқабылдағыштар болып табылады.



4.1-сурет. Телекоммуникациялық желі құрылымы


Магистральды желі жеке қол жету желілерін, олардың арасында жоғары жылдамдықты арналар арқылы трафик транзиті функциясын атқара отырып біріктіреді. Магистраль коммутаторлары жеке қолданушылар арасындағы тек ақпараттық жалғасулармен ғана емес, сонымен қоса қолданушылық байланыстардың көп көлемді мәліметтерін тасымалдайтын агрегатталған ақпараттық ағындармен операция жасай алады. Нәтижесінде ақпарат магистраль көмегімен алушылардың қол жету желісіне түседі, сонда демультиплексрленеді және жабдық шығысына тек соған адрестелген ақпарат баратындай етіп коммутацияланады.


Ақпараттық орталықтар/сервистерді басқару орталықтары- бұл желінің меншікті ресурстары, оның негізінде қолданушылырға қызмет көрсету жүзеге асырылады. Мұндай орталықтарда ақпараттың 2 типі сақтала алады:

  • қолданбалы мәлімет, демек, желі қолданушыларын тікелей қызықтыратын деректер;

  • көмекші қызметтік ақпарат, ол қолданушыларға кейбір қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Хабарды таратуға деген қажеттілік уақыт бірлігіндегі хабар ағынымен бағалануы мүмкін және хабар көлемін сипаттайтын биттер, таңбалар, телеграммалар, парақтар санымен белгіленуі мүмкін. Практикада хабарды таратудағы қажеттілікті тарату уақытымен, типтік каналды алу уақытымен немесе қажетті канал санымен анықтау ыңғайлы. Қолданушылардың орналасқан жері мен олардың түзетін жүктемелеріне қарай ШП шеткі (ақырғы) пунктердің орналасуы анықталады. ШП ақпаратты енгізу/шығару құрылғысын, коммутациялық құрылғыларды, егер ШП-ке бірнеше канал қосылса, онда каналтүзуші аппаратураны, ақпаратты өңдеу мен сақтау құрылғысын қамтиды. Бір абонентке қызмет көрсететін ШП-ті абоненттік пункт деп атайды.
ШП қолданушылардың желімен өзара әрекетін қамтамасыз етеді, бірақ транзит функцияларын жүзеге асырмайды. Желіге қатысты ШП жүктеме көздері мен тұтынушылары болып табылады.
Шоғырлар, түйіндер мен оларды байланыстыратын каналдар жиынтығы желі құрылымын (конфигурациясын) түзеді, ол жеке пунктер арасындағы байланыстың жүзеге асырылуын және хабарды таратудың мүмкін жолдарын анықтайды. Желі сенімділігін арттыру үшін ол, жеке түйіндер арасында бірнеше тәуелсіз жолдар болатындай етіп құралады.

Әдебиеттер: 3 қос. [407-409], 1 нег.[45-50].


Бақылау сұрақтары:



  1. Электробайланыс желісі дегеніміз не?

  2. Желінің негізгі компоненттері?

  3. Магистральды желінің қол жету желісінен айырмашылығы қандай?

  4. Желілік түйіндер мен коммутациялық түйіндер нені қамтиды?

  5. Сервисті басқару орталықтары қандай типті ақпаратты қамтиды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет