1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар



бет23/34
Дата19.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69208
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
1 модуль бойынша ба ылау ткізуге арнал ан с ра тар

ТФОП-тың иерархиялық деңгейлері. Кез-келген үлкен желі иерархиялық деңгейлерге бөлінеді. ТФОП үшін негізгі иерархиялық деңгейлерін қарастырайық(12.1 – кесте):
Коммутациялық және транспорттық желі шешілетін функционалдық есептер көзқарасынан ТФОП барлық деңгейлеріне жатады.
Пайдаланушылар бөлмесіндегі желі – бұл телефондық аппарат, абоненттік сыммен терминал, УАТС, ЛВС болуы мүмкін.
Қол жетерлік желі – пайдаланушылар қондырғысы мен 4 айтылған деңгей кіретін базалық желі арасында байланысты орнатады. Төменгі жергілікті желіге сәйкес келеді (ГТС және СТС), олар да иерархия бойынша станцияаралық және торабаралық байланыс желілеріне бөлінуі мүмкін.

12.1 – кесте



Халықаралық телефондық желі

Коммутацияланатын желі

Транспорттық желі

Халықаралық телефондық желі

Аймақтық телефондық желі

Жергілікті телефондық желі

Станцияаралық

Торабаралық

Қол жетерлік желі

Пайдаланушының бөлмесіндегі желі

Аймақтық желі ірі административті аудан шегінде жасайды. Оған қалааралық байланыс үшін ерекшк код беріледі. Әдеттегі аймақтық желі бір-бірімен ішкі амақтық байланыс каналдарымен байланысқан бірнеше ГТС және СТС тұрады. Бұл каналдар АМТС-те немесе аймақтық телефондық торапта (АТТ – ЗТУ – зоновый телефонный узел) коммутирленеді.


Қалааралық телефондық желі – аймақтық телефондық желілер арасында байланысты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар халықааралық коммутация орталықтарына (ХКО – МЦК) қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл орталықтар халықаралық телефондық желінің ТФОП иерархиясының жоғары деңгейлерінің элементтерін құрайды.
Соңғы жылдарда жалпы пайдаланылатын желінің аналогтыдан цифрлыққа өтуін байқаймыз. Бұл жалпы әлемдік тенденция амалдарының дамуымен және электробайланыс түрлерінің интеграциясымен, цифрлау бағытындағы телекоммуникациондық желімен және ұсынылатын қызметпен байланысты. Жалпы пайдаланатын байланыстың цифрлық желісі – цифрлық коммутацияның бірдей құрылғылары және цифрлық тракттер бір мезетте әртүрлі электробайланыс түрлеріне (телефон, мәліметтерді тарату және т.б.) үшін қолданылатын жалпы пайдаланатын телефондық байланыстың бөлігі.
Цифрлық желі дегеніміз – ақпараттар абоненттік пунктер(АП) арасында тек цифрлық т.рде таратылатын желі. Цифрлық желі құрылымы 2-ші ретті аналогты телефондық желіден келесідей себептер бойынша қарапайым:

  1. аналогты ақырғы станциялар және тораптар үшін бар сыйымдылықты максималды қатаң шектеуінің болмауы (көпірлер саны – аналогты және қосушы жолдар). Сондықтан да берілген сыйымдылықты цифрлық желіні құру үшін, аналогты желіні құруға өарағанда станциялардың аз мөлшері қажет;

  2. станциялар және тораптар арасындағы ара қашықтықтың ИКМ тарату жүйесін қолдану көмегімен шектеуінің болмауы;

Бұл ерекшеліктер екінші ретті цифрлық желіні бірдеңгейлі яғни торапсыз құруға мүмкіндік береді. Осындай желінің станциялары «әрқайсы әрқайсымен» принцип бойынша жалғануы мүмкін және олар ақырғы немесе бірлескен (ақырғы және транзитті) түрде қолданылады.
Телематикалық қызметтер. Қазіргі уақытта байланыс желілерімен ұсынылатын әртүрлі қызметтер саны айтарлықтай көбейді. Тағы да тұтынушыға сервистік және желілік қызметтерді жақындату тенденциясы белгіленеді. Осы мақсаттар үшін ПЭВМ, телефон, телевизор сияқты амалдар кең қолданылуда. МСЭ-Т жаңа термин енгізді – телематикалық қызметтер, яғни тұтынушыға арнайы байланыстырушы ақырғы құрылғыны қолданбай қызмет көрсету.
Жалпы телематикалық қызметтердің сансыз көп құрылуы болжаланды. Мысалы, «телетекс», «бюрофакс», «автофакс», «бейнетекст», «телеавтограф», «электронды пошта», «телетекс» және т.б.
Алайда, тәжірибеде барлығы жүзеге аспады. Кең таралған телематикалық қызметтерді қарастырайық:

  1. Телетекс –іскерлік корреспонденцияны таратудың әріптік-сандық (буквенно-цифровая) жүйесі. Мекемелер мен кәсіпорындарға қызмет көрсету үшін арналған. Телетекстің негізгі идеясы – жазатын машинканың барлық мүмкіндіктерін электробайланыс желісінің барлық мүмкіндіктерімен біріктіру, хабарламаны тарату кезінде мәтңн формасын ғана емес мазмұнын да сақтау. Бұл жүйе телекс (абоненский телеграф – АТ) жүйесіне кішкене ұқсайды,бірақ одан мәтін формасын сақтаумен, белгілер жиынтығының айтарлықтай үлкендігімен тарату жылдамдығының жоғарлығымен, жоғары нақтылықпен, таратуға арналған ақпаратты түзету мүмкіндігімен ерекшеленеді. Телетекстің телекстен принципиалды айырмашылығы – хатты дайындау және тарату кезінде клавиатурада 2 рет жұмыс істеу қажеттілігінің болмауы. Бұл дайындалған мәтін абоненттік терминалдың оперативті есте сақтау құрылғысының (ОЗУ-оперативное запоменающее устройство) көмегімен сақталу және сол жерден хабарламаның автоматты түрде байланыс желісі бойынша таралуының көмегімен қол жетеді.

  2. Телетекст – іскерлік, әріптік-сандық корреспонденцияның документалды тарату жүйесі. Абоненттік принцип бойынша құрылған яғни диалог мұмкіндігімен. Бұл қызмет «телекс» желісінің кеңейтілген мүмкіндіктері бар қазіргі телетайптардың бірігу нәтижесінде пайда болды. «Телетекст» жүйесінің «телекс» жүйесінен келесідей ерекшеліктері бар:

- бірінші ретті алфавиттің кеңейтілген белгілер жиынтығы – 256:
- тарату жылдамдығы – 2400 бит/с;
- жоғары сенімділік – Pош <10-6 белгілі;
- хабарлама мәтінін түзету мүмкіндігі;
- мәтінді жадыда сақтау мүмкіндігі.
«Телетекс» жүйесінің мәліметтерді тарату (МТ – ПД – передача данных) желісімен ұқсастығы:

  • таратудың цифрлық әдістері ;

  • тарату жылдамдығының жоғарлылығы;

  • сенімділікті жоғарлатудың аналогты әдістері;

  • байланыстыруды басқарудың аналогты әдістері.

ПД желісінен «Телетекс» жүйесінің негізгі ерекшелігі ол, «Телетекс» негізіненмәтіндік ақпаратты, ал ПД желісі мәліметтерді таратады.
«Телетекс» жүйесі арнайы ақпараттық-есептеуіш орталықтан (АЕО – ИВЦ – информационна-вычислительный центр) әріптік-сандық мәліметтерді тұрмыстық телевизорлар экрандарына тарату үшін ТВ хабар беру немесе кабельді теледидарлама желісін қолданады. Программа немесе қызмет тарату үш»н телефондық аппаратқа қосылатын тестатурасы немесе арнайы клавиатурасы бар қарапайым телефондық аппарат қолданылады.
3) Бейнетекс – ақпараттық-анықтамалық қызмет. Пайдаланушыға ақырғы терминал және стандартты қол жеткізу көмегімен электробайланыс желісі бойымен мәліметтер банкімен ақпаратты алу мүмкіндігін береді. Келесі қызметтер:
- ақпараттық іздеу – абоненттердің мәліметтер банкімен диалог құру жолымен ақпаратты алу;
- транзакциялар – абоненттермен мәліметтер банкінде сақталған ақпаратты енгізу немесе модификациялау;
- хабарламаларды басқару – жалпыға қол жетерлік мәліметтер банкінде хабарламаны жинау жолымен абоненттердің бір-бірімен байланысы. Хабарламаның жиналуы абоненттің тапсырысымен алынуы немесе автоматты түрде ұсынылуы мүмкін;
- ақырғы қондырғылар арасында хабарлама алмасу – абоненттер арасында диалогты режимде ;
- мәліметтерді өңдеу сәйкес келетін бейнетекс қызметінің ақырғы қондырғысында ақпаратты өңдеу үшін мәліметтер банкінің жадысын қолдану;
- басқа телематикалық қызметтермен өзара әрекеттесу.
Берілген жүйеде тұрмыстық теледидар дисплейі ретінде қолданылады, мәліметтер жалпы телефондық желі бойынша таратылады және тұрмыстық телевизорға шығарылады яғни әрбір пайдаланушы ЭВМ анықтамасымен жеке араласа алады. Пайдаланушы ГТС арқылы ИВЦ-ға тапсырыс береді және ИВС-ден жауап ГТС және пайдаланушының телефондық аппараты арқылы телевизор экранына түседі. Қызмет көрсету – индивидуалды.
4) Телефакс – жалпы пайдаланудың факсимальды қызметі. Факсимальды таратудың негізі бұл таратуға арналған бейне бір-бірінен шағылысатын сәуле жарықтылығымен ерекшеленетін көп элементарлы бөлімдерге бөлінеді. Әрбір бөлімнен жарықтылығына пропорционалды электрлік сигнал шығады. Сигналдар байланыс каналы тізбектей қабылдағышқа таратылады. Мұнда электрлік сигналды элементарлық бөлімнің жарықтылығына қайта түрлендіреді және олардан қабылданған бейне – репродукция жиналады.
5) Бюрофакс – клиенттер таратуға арналған түпнұсқаларды беретін бацланыс бөлімдерінде орналасқан факсимальды аппараттар арасында документті тарату үшін арналған.
6) Анықтамалық қызмет (АҚ – СС) – электробайланыс қызметтерінің барлығына ортақ. Негізгі функциясы – пайдаланушы аты бойынша адресті(номерді) табу, тағы да қызметтерді пайдалану тізбегі, олардың сипаттамалары, тарифтері және т.б. туралы мағлұматтар беру.
7) Телеконференция қызметі – пайдаланушылар арасында реалды уақыт маштабында конференция өткізуге рұқсат береді.
Сонымен, телематикалық қызметтер әртүрлі және тарататын ақпарат түрімен, тарататын ақпарат сипаттамасымен (үзіліссіз, үзілісті), тарату жылдамдығымен (бір секундта бірнеше жүз және мың биттен 40 Мбит/с-ке дейін) ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет