1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы


сурет – Д. МакКлелланд қажеттіліктер тізімі Билікке деген қажеттілік



бет6/57
Дата09.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
2 сурет – Д. МакКлелланд қажеттіліктер тізімі


Билікке деген қажеттілік басқа адамдарға ықпал жасауға ұмтылу арқылы көрінеді. Билікке деген қажеттілігі күшті адамдар көбінесе ашық және батыл, ешнәрседен қаймықпайтын, өзінің бастапқы позициясында қалатын болып келеді. Бұл қажеттілігі басым адамдарды 2 топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, тек билік үшін ұмтылатын адамдар, яғни олар қоғам мүддесі үшін емес, өзгелерге ықпал ете білу үшін билікке ұмтылады. Екіншісі, қоғамдық мәселелерді шешу үшін билікті қажет ететін адамдар.
Жетістікке жету қажеттілігі басталған іс соңына дейін аяқталғанда қанағаттандырылады. Жетістікке жетуге деген қажеттілігі жоғары адамдар тәуекелге шектеулі түрде барады. Олар жетістікке жету үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына ала алады.
Осы жерде американдық психолог Джон Аткинсонның Мак Клелланд теориясына қосқан үлесін айта кеткен жөн. Оның пайымдауынша, жетістікке жету қажеттілігін сәтсіздіктен қашу қажеттілігімен қоса қарастыру қажет.
Табысқа жету мотивациясы төмен адамдар көп жағдайда сәтсіздіктен қашу стратегиясын қолданады. Олар тәуекелге бармайды, сондықтан жетістікке жете алмайды.
Ал табысқа жету мотивациясы жоғары адамдар жетістікке ұмтылады да, тәуекелшіл болады. Арине, тым биік тәуекелшілік те жауапкершіліктің төмендігін көрсетуі мүмкін. Келесі қатысуға деген қажеттілік Маслоудың теориясына сәйкес келеді.
Ондай адамдар таныстарының ортасында болғанды, достық қарым-қатынасты орнатуға, өзгелерге көмек беруге дайын тұрады. Әлеуметтік қажеттілігі жоғары адамдар әлеуметтік қарым-қатынасқа кең мүмкіндік болатын жұмыстарға ұмтылады.
Сонымен, А. Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы жалпы адамдардың іс-әрекет логикасын түсіндірсе, МакКлелландың мотивациялық теориясы кәсіптік істе, ұжыммен жұмыс жасағанда өз тиімділігін анықтайды.
ІІІ.Мотивация тақырыбындағы келесі маңызды ақпарат мотивация мөлшеріне байланысты. Сіз байқадыңыз ба, кейде студент сабаққа еш дайындалмай барып, бірнеше сөйлем өз пікірін айтып, өте жоғары балл алып жатады.
Ал кейде, күндіз түні дайындалып, қалаған бағасына қол жеткізе алмай жатады. Екі жағдайда да студент мотивация төмендеп, келесі сабағына еш дайындықсыз баруы мүмкін.
Йеркс-Додсон заңы «максималды нәтижеге жету үшін адам қаншалықты мотивациялануы керек?» деген сұраққа жауап береді. Көпшілігіміз мотивация көп болған сайын жұмыс сапасы да артады деп есептейміз.
Йеркс-Додсон заңы бойынша жақсы нәтиже мотивацияның орта деңгейінде ғана мүмкін деп есептелінеді.





3 сурет – Йеркс-Додсон заңы


Йеркс пен Додсон жануарларға лабиринт арқылы тәжірибе жүргізген. Бұл сынаққа адамдар да қатысады. Сонымен өз мақсатына жету үшін адам қаншалықты мотивациялануы керек? Лабиринттен өтуге мотивация – белгілі материалдық сыйлық.
Сыйлық соммасы артқан сайын қатысушылардың қызығушылығы да арта түседі. Лабиринттен де жылдам өтеді. Бірақ белгілі межеге дейін. Сыйақы соммасы үлкен шамаға жеткенде адамдар уайымдай бастайды.
Бұл уайым оларға лабиринттен өтуге бөгет жасайды. Яғни, егер біз бір нәтижеге қол жеткізгіміз келсе, ол істегі процесске көбірек көңіл бөліп, нәтиже туралы аз ойлауымыз қажет. Бұл нәтижеге қатысты үрей мен уайымды азайтып, оңтайлы (оптималды) мотивация деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.
Егер сіз университетті қызық дипломмен бітіргіңіз келсе, әр оқылған пәнді қызықты саяхат ретінде мән беріп оқып, оқу процессінен ляззат алуға тырысыңыз. Сол кезде қызыл диплом қолыңызда болады!
Түпкі түйін:
Сонымен, біз бүгін мотив пен мотивацияның не екенін талқылап, А.Маслоу, Д.МакКлелланд мотивациялық теорияларымен таныстық. Жетістікке жету үшін тиімді мотивация деңгейін анықтадық. Мотивацияның ішкі және сыртқы түрлері бар, оларды жазалау мен қолпаштау әдісінде кеңінен қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет