Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз: 1-қорытынды: Мотив – адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның ішінде болады, «арнайы» мінез-құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді болады, сонымен қатар оған паралель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді.
2-қорытынды:Маслоудың теориясына сәйкес, адам ең алдымен өмір сүруінің шарты болып табылатын физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады, содан соң қауіпсіздік, ертеңгі күніне сенімділікті ойлайды. Егер тұрып жатқан үй, ортасы, мемлекеті қауіпсіз болмаса, адам өзін толыққанды бақытты сезіне алмайды және сол қажеттілікті қанағаттандырмай, жаны жай таппайды. Ары қарай адам өзіне түсінетін дос, сүйікті жар, құрмет іздеп, өзін-өзі танытуға тырысады.
3-қорытынды:Мотивация – бұл жеке тұлғаны немесе топтың ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынанөз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұыймның мақсатына жету процесі.
Сәттілік! 3-МОДУЛЬ. ЭМОЦИЯ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар! Біздің дәрістің тақырыбы: Тұлға дамуындағы эмоциялар және эмоционалдық интеллектінің маңыздылығы
Дәрістің жоспары: Эмоция туралы түсінік: оның түрлері мен қасиеттері;
Дәрістің мақсаты:Эмоциялық интеллект түсінігін анықтау арқылы, өзін-өзі және өзгелерді түсіну мен қадағалау қабілеттерін қалыптастыру.
Дәріс бойынша оқыту нәтижелері: 1-ОН 1:Эмоция дегеніміз не және оның негізгі түрлері қандай екендігін анықтап, адамның өз эмоцияларын талдауға жол ашу арқылы негізгі ұғымдарды қалыптастыру;