1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы



бет6/8
Дата30.10.2022
өлшемі54,13 Kb.
#46274
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 Лекция Тұлға психология

Консервативтілік
Ерекше қасиеттері:
реалист, күнделікті өмірге жақсы бейімделген. Ол өмірге парасатты әрі шынайы қарайды, дерексіз ойға қарағанда, материалдық құндылықтарға көбірек сенеді. Ол көбіне өзінің материалдық проблемаларына бас ауыртады, қайратты еңбектеніп, жоспарларын жүзеге асыру жолында табандылық танытады.
Ол икемсіз, әртістік қабілеті жоқ, күнделікті өмірде юморға орын бермейтін, қызығушылықтары мен әдеттерін өзгертпейтін адам. Бұл адам өмірдегі жылдам өзгерістерді ұнатпайды, айналасындағы барлық затта тұрақтылық пен сенімділікті бағалайды. Ол сентименталды емес болғандықтан, оны өз-өзінен шығару және жасаған таңдауына әсер ету өте қиын. Бұл адам өмірдегі барлық жағдайларға логикалық өлшеммен қарап, рационалды түсінік пен практикалық пайда іздейді.
«Үлкен бестік» теориялық моделінің танымалдылығы, адамды интегралды жүйе ретінде сипаттайды және «Адам» жүйесінің ішкі құрылымдарына сәйкес келеді


Глоссарий
Әлеуметтену - қарым-қатынаста, іс-әрекетте жүзеге асатын индивидтің әлеуметтік тәжірибені белсенді қайта жаңғыртудың және меңгерудің нәтижесі.
Әлеуметтік рөл - тұлғаның әлеуметтік қызметі, оның әлеуметтік мекемелердің қоятын талаптарына, әлеуметтік күтуіне сәйкес келуі, мінез-құлық моделі.
Индивид - (лат, бөлінбейтін) – адам, тіршілік иесі, человек, homo sapiens өкілі, филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі.
Іс-әрекет - мақсатқа жету құралдарын пайдаланудағы мотивтелінген процесс.
Конформдылық - адамның өз төңірегіндегі топтың ықпал-әсеріне берілгіштігі, көпшіліктің бастапқыда өзі қостамайтын ұстанымдарына сәйкес өзінің мінез-құлық ұстанымдарын өзгертуінен көрінеді.
Құндылық - жоғары адамгершіліктік, әлеуметтік және мәдени мәнге ие, қоғамдық санада бекітілген шынайылықтағы белгілі бір құбылыс.
Мінез - (грек. сызық, мөр) – адамның тұрақты қасиеттерінің жиынтығы.
Тұлға белсенділігі - өзгелерге және қоршаған ортаға ынталы әсер ету, оның мінез-құлқының мотиверінен, дүнеиеге деген көзқарасынан, құндылық бағдарынан, мінезі және темпераментіне тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет