1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы



бет5/8
Дата30.10.2022
өлшемі54,13 Kb.
#46274
1   2   3   4   5   6   7   8
Нейротизм
Ерекше қасиеттері:
Импульсивті іс-әрекеттері мен эмоцияларын басқара алмау. Іс-қимылда бұл жауапкершіліктің болмауы, шындықтан жалтарту, қыңырлық болып көрінеді. Мұндай адамдар өздерін шарасыз, өмірлік қиындықтарға төтеп бере алмайтындай сезінеді. Олардық іс-әрекеті көбіне жағдайға байланысты болады. Олар үреймен жағымсыз жаңалықтарды күтеді, депрессияға тез түседі. Мұндай адамдар психологиялық қысым бар стресстік жағдайда нашар жұмыс жасайды. Әдетте олар өзін-өзі бағалауы төмен және ренжігіш болып келеді.


Эмоционалды тұрақтылық
Ерекше қасиеттері: өз-өзіне жеткіліктілік, өз күшіне сенімділік, эмоционалды кемелділік. Олар байсалды, өз жоспарлары мен құштарлықтары тұрақты, көңіл-күйдің кездейсоқ өзгерістеріне берілмейді. Мұндай адамдар өмірге шынайы әрі байыппен қарайды, өмір талаптарын жақсы ұғынады, өз-өздерінен кемшіліктерін жасырмайды, болмашы заттарға көңілдері бұзылмайды, өздерін өмірге бейімді сезінеді. Эмоционалды тұрақты адамдар ең жағымсыз жағдайда да байсалдылық пен суыққандылықты сақтай алады. Олар көбінесе көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.


Тәжірибеге ашықтық
Ерекше қасиеттері:
өмірге деген жеңіл көзқарас. Мұндай адам өзінің әр қадамын есептеп, материалдық жағдайын жақсартуға бар күшін жұмсайтын адамдарды түсінбейтін қамсыз және жауапкершіліксіз болып көрінеді. Ол өмірге ойын секілді қарайды, оның кейбір іс-қимылдары өзгелерге жеңілтектік болып көрінеді. Бұл типтегі адам өмірдің тұрлі жақтарына қызығушылық танытып, өз әуестігін қанағаттандырады. Ол оқуда зейінді болғанымен, жүйелі түрде ғылымға ден салмағандықтан, ғылымда үлкен жетістіктерге сирек жетеді. Мұндай адам жалғанды шындықтан жиі айыра алмайды. Ол көбіне парасатты мағына емес, өзінің сезімдері мен интуициясына сенеді, күнделікті тіршілік істері мен міндеттеріне аз көңіл бөледі, ондай жұмыстан қашады. Бұл эмоционалды, экспрессивті, эстетикалық және көркемдік талғамы бар адам. Тәжірибеге aшық aдaмдaр кең қызығушылық, дaмығaн қиял, икемді aқылғa, оригинaлды және эстетикaлық сезімтaлдыққa ие, олaрды жaңaшылдық пен ерекшелік қызықтырaды. Кең мaғынaдa олaрды зерттеушілер деп aтaуғa болaды. Олaр мәселені шешудегі жaңa қaдaмғa aшық, өзіндік тaлдaу мен рефлексияғa бейімдіктерімен ерекшеленеді. Мұндaй aдaмдaр кәсіпкер ретінде, сәулетші, суретші, ғaлым-теоретик ретінде (әлеуметтік және жaрaтылыстaну ғылымындa) жетістікке жете aлaды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет