1. Науқас Д., 48 жаста, фосфорорганикалық заттармен уланғаннан кейін
сілекейдің ұзақ уақыт ағуы байқалған. Гиперсаливацияның салдарынан дамуы
мүмкін:
A. асқазанда асқорытудың күшеюі
B. гипоосмолярлық гипергидратация
C. асқазан сөлінің бейтараптануы
D. асқазан сөлінің бактерицидті қасиетінің күшеюі
E. тағамның асқазаннан ішекке түсуінің баяюлауы
2. Төменгі өңештік (кардиальды) сфинктердің жеткіліксіздігі кезінде дамиды:
A. асқазандағы құрамның өңешке түсуі
B. өңештен астың өтуінің қиындауы
C. өңеште астың тұрып қалуы мен шіруі
D. өңеш перистальтикасының төмендеуі
E. асты жұтудың қиындауы
3. Патологиялық гастроэзофагеальды рефлюкстің дамуында маңызды:
A. рефлюктатта шырыштың болуы
B. өңештік клиренстің төмендеуі
C. төменгі өңештік сфинктердің жоғарғы базальдық тонусы
D. өңештік-асқазандық қосылған жерінде транзиторлы босаңсу
E. кардиальды бөліміне қатысты диафрагмальды тармақтардың жабатын әсері
4. Асқорыту
трактының жоғары бөліктерінің қимылдық функциясының
біріншілікті бұзылыстарынан дамитын қышқылдыққа тәуелді ауруды атаңыз:
A. кардиялардың ахалазиясы
B. өңештің дисфагиясы
C. гастроэзофагеальді рефлюксті ауру
D. функциялық асқазандық диспепсия
E. асқазанның ойық жарасы
5. Гастроэзофагеальді
рефлюкс ауруының патогенезінің негізінде өңеш
перистальтикасының әлсіреуі жатыр, бұл келесі жағдайдың дамуына ықпал етеді:
A. өңештік клиренстің күшеюіне
B. өңештің төменгі сфинктеріндегі базальді қысымның жоғарылауына
C. кардияның жапқыш механизмінің қалыптасуына (Губарев қақпақшасы)
D. өңеш қабырғаларының жиырылу қабілетінің төмендеуіне
E. асқазан-өңештік рефлюкстің жойылуына
6. Гастроэзофагеальді рефлюкспен ауыратын науқастарда өңештің гипермоторлы
дискинезиясы салдарынан дамиды:
A. дисфагия
B. тұрақты жөтел
C. пароксизмалық түнгі апноэ
D. төс тұсының ауырсынуы
E. дауыстың қарлығуы
7. Асқазанның тегіс салалы бұлшықеттерінің тонусының бұзылуы гипер- және
гипокинездер, атониялар түрінде көрінеді. Бұл асқазанның қай функциясының
бұзылуын дәлелдейді:
A. моторлық
B. секреторлық
C. сіңірулік
D. эвакуаторлық
E. экскреторлық
8. Жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің белсенділігі (тонусы) шамадан
тыс артқанда, асқазанның секреторлық функциясы бұзылады. Оның көрінісін
табыңыз:
A. сілемей өндірілуінің жоғарылауы
B. асқазан сөлінің секрециясының жоғарылауы
C. гистамин өндірілуінің төмендеуі
D. пепсин белсенділігінің тежелуі
E. тұз қышқылының гипосекрециясы
9. Науқас Д., 47 жаста, нақтыланған диагнозы: «Асқазанның ойық жарасы».
Тексеру барысында асқазанда гиперсекреция және гиперхлоргидрия, G-
жасушалар санының жоғарылауы анықталған. Анықталған өзгерістер келесі
заттектің өндірілуінің жоғарылауын дәлелдейді:
A. пепсиннің
B. глюкагонның
C. соматостатиннің
D. гистаминнің
E. гастриннің
10. Балаларда ойық жара ақаулығы көбінесе осы жерде орналасады:
A. асқазанның кіші иінінде
B. асқазанның үлкен иінінде
C. асқазанның антральды бөлімінде
D. 12-елі ішектің буылтығында
E. постбульбарлықта
11. Ойық жара ауруының патогенезіндегі қышқылдық-пептикалық агрессия
ықпалдары ретінде осы өзгерістің күшеюі жатыр:
A. сілемей өндірілуінің
B. бикарбонаттар өндірілуінің
C. Е
1
, Е
2
, F
2
простагландиндері өндірілуінің
D. тұз қышқылының және пепсиннің өндірілуінің
E. сілемейлі қабаттың репарациялық процесі
12. Ойық жара ауруының дамуында негізгі патогенездік тізбек болып саналады:
A. тамақтану режимінің бұзылуы
B. сілемейлі қабаттың қабынуы
C. психоэмоциональдық күйзеліс
D. асқазанның сілемейлі қабатының резистенттілігінің төмендеуі
E. симпатикалық жүйке жүйесі белсенділігінің шамадан тыс жоғарылауы
13. Асқазанның ятрогенді стероидты жарасы осыны ұзақ уақыт енгізгенде жиі
дамиды:
A. инсулинді
B. вазопрессинді
C. катехоламинді
D. глюкокортикоидтарды
E. жыныс гормондарын
14. Helycobacter pylori-дің ульцерогендік қасиеттері оның осы қабілетімен
байланысты:
A. гастрин серециясын тежеу
B. мотилин өндірлуінің тежеу
C. соматостатин өндірлуін арттыру
D. вакуолиздейтін цитотоксинді өндіру
E. тромбоциттер агрегациясы факторын түзуді тежеу
15. Helycobacter pylori-мен бөлінетін хемотаксис факторлары осыған қолайлы
жағдай жасайды:
A. иммундық жүйенің тежелуіне
B. тамырлар өткізгіштігі төмендеуіне
C. сілемейлі қабаттың эпителиінде лизосомалық мембрананың тұрақтануы
D. сілемейлі қабаттағы эпителий регенерациясы күшеюіне
E. сілемейлі қабатта қабынулық үрдіс дамуына
16. Helycobacter pylori-дің онкогендік әсері осындай қабілеттілікпен байланысты:
A. асқазан сілемейлі қабатының пролиферациясын өзгертуге
B. сілемейлі қабатта метаплазия және атрофия дамуына кедергі жасауға
C. аскорбин қышқылының мөлшерін көбейтуге
D. р-53 протеині өндірілуін тежеуге
E. антиоксиданттарды күшейтуге
17. 12-елі ішектің жара ауруы кезінде гастродуоденальды моториканың
бұзылыстарының ең ықтимал көрінісі болып табылады:
A. дуоденостаз
B. антральды стаз
C. асқазан моторикасының төмендеуі
D. дуодено-гастральды рефлюкс
E. 12-елі ішектің қозғалтқыш қызметінің артуы
18. Гастро-дуоденалық рефлюксте шырышты қабаттың бүлінуі осының әсерінен
болады:
A. өт қышқылы және лизолецитиннің
B. липопероксидация өнімдерінен
C. бикарбонатты иондарынан
D. сутегі иондарынан
E. пепсиннен
19. Гастро-дуоденалық аумақтағы сілемейлі қабаттың қорғаныстық ықпалдарының
әлсіреуіне әкеледі:
A. пепсин өндірілуінің азаюы
B. сілемей өндірілуінің азаюы
C. простагландиндер Е
1
, Е
2
өндірілуінің күшеюі
D. С
4,
D
4
лейкотриендер өндірілуінің күшеюі
E. сілемейлі қабаттағы қанағыстың күшеюі
20. 12-елі ішектің ойық жарасының патогенезінде маңызды:
A. асқазанның метаплазиялық ошақтарында Helicobacter pylori жиналуы
B. Н+-иондарының сілемейлі қабаттарында ретродиффузиясының төмендеуі
C. панкреатикалық бикарбонаттар өндірілуінің артуы
D. жасуша мембраналарының гидрофобты әсерінің күшеюі
E. дуоденалық сілемейде гликопротеиндердің түзілуі
21. Жіті панкреатиттің жиі даму себептері болып саналады:
A. вирустар
B. алкоголь
C. дәрілік заттар
D. улану
E. зат алмасудың бұзылуы
22. Созылмалы панкреатиттің дамуында бастапқы патогенездік факторы болып
саналады:
A. панкреатикалық сөлдің ағып шығуының артуы
B. ұйқы безінің экзокринді бөлімінің гипофункциясы
C. ұйқы безінің түтігінде қысымның жоғарлауы
D. панкреатикалық ферменттердің белсенділігі артуы
E. ұйқы безінің бета-жасушаларын зақымдануы
23. Созылмалы панкреатит кезінде ұйқы безінің жұлдызша тәріздес жасушалардың
белсендіруі осымен қатар жүреді:
A. фиброздың дамуымен
B. фиброгенезді тежелуімен
C. коллаген синтезінің тежелуімен
D. өсу факторы синтезінің тежелуімен
E. панкреонекроз ошақтарының регрессиялануымен
24. Созылмалы панкреатит кезінде, аурудың ағымы ұзарған сайын қызметтік
экзокриндік паренхиманың массасының кішіреюі байқалады. Бұл барлық
ферменттер секрециясының үдемелі азаюына алып келеді. Бірақ басқа
ферменттерге қарағанда осы ферменттің тапшылығы ерте және айқын көрінеді:
A. липаза
B. амилаза
C. эластаза
D. нуклеотидаза
E. фосфолипаза
25. Абсолютті панкреатикалық жеткіліксіздік дамиды:
A. билиарлы обструкцияларда
B. дуодено- және гастростазда
C. ұйқы безінің обырларында
D. тітіркенген ішек синдромында
E. жіңішке ішекте бактериялар көп болғанда
26. Науқас майлы тамақ жегеннен кейін, жүрегінің айнуын, әлсіздікті сезінген,
біраз уақыттан соң стеаторея белгілері пайда болған. Қан құрамында холестерин
деңгейі жоғарылаған 9,7 ммоль/л. Қайсы заттектің тапшылығы осы жағдайдың
себебі болуы мүмкін:
A. хиломикрондардың
B. триглицеридтердің
C. өт қышқылының
D. май қышқылының
E. фосфолипидтердің
27. Гипохолия және ахолияда осылардың қорытылуы мен сіңірілуі бұзылады:
A. ақуыздардың
B. майлардың
C. көмірсулардың
D. нуклеин қышқылдарының
E. суда еритін дәрумендердің
28. Асқорытудың
мембраналық зақымдануына алып келетін себептерге
жатқызамыз:
A. жіті панкреатит
B. 25% аш ішектің резекциясы
C. тоқ ішектің жиырылу қызметінің бұзылысы
D. тоқ ішек талшықтарының ультрақұрылымдық зақымдалуы
E. асқорытудың қуыстық зақымдануына әкелетін бауыр аурулары
29. Перистальтиканың жылдамдауы байқалады:
A. қорғасынмен уланғанда
B. талшықтары аз тағамды қолданғанда
C. талшықтары көп тағамды қолданғанда
D. сынаппен уланғанда
E. В
1
авитаминозында
30. Диареяның
гиперкинетикалық және гипокинетикалық түрі осының
нәтижесінде дамиды:
A. химустың осмостық қысымының жоғарылауынан
B. ішек саңылауында натрий мен су секрециясының күшеюінен
C. ішек саңылауына сарысулық нәруыз және қан плазмасының сіңірілуінен
D. ішектік құрамның тасымалдау жылдамдығының бұзылуынан
E. электролиттер мен судың абсорбциясы төмендеуінен
31. Тоқ ішектің қозғалыс белсенділігінің бәсеңдеуі осының дамуына алып келеді:
A. мальабсорбция синдромына
B. мальдигестия синдромына
C. стеатореяға
D. іш өтуіне
E. іш қатуына
32. Ішек перистальтикасының баяулауы осы жағдайда дамиды:
A. асқазанның қышқылдығы төмендегенде
B. өсімдік тағамды қолданғанда
C. кезбе нерв қозымдылығы артқанда
D. тағамды жөндеп шайнамағанда
E. қорғасынмен уланғанда
33. Іш қатудың механикалық түрі осы жағдайда дамиды:
A. тоқ ішектің обыры
B. эндокринді бұзылыстар
C. ішектен тыс суды көп жоғалту
D. ішектің тітіркену синдромы
E. тағамды аз мөлшерде қабылдау
34. Бауыр жеткіліксіздігінде көмірсулар алмасуының бұзылыстары осымен
көрінеді:
A. глюконеогенез тежелуімен
B. моносахаридтерден гликоген түзілуінің күшеюімен
C. галактоза мен фруктозаның глюкозаға алмасуының күшеюімен
D. гликогеннің қорда жиналуымен
E. гипергликемиямен
35. Науқаста
медициналық
тексерулер
кезінде
гипопротеинемия,
гипоальбуминемия, қалдық азотта несепнәр үлесінің азаюы анықталған. Бұл
деректер қайсы ағзаның функциясының бұзылуын дәлелдейді:
A. бүйректің
B. бауырдың
C. ұйқы безінің
D. ішектердің
E. асқазанның
36. Гепатоциттердің майлы инфильтрациясы дамуына ықпал етеді:
A. липокаиннің артық болуы
B. метиониннің артық болуы
C. бауырда липолиздің күшеюі
D. деподағы майдың баяу мобилизациясы
E. май қышқылдары β-тотығу ферменттерінің тапшылығы
37. Бауыр жеткіліксіздігінде нәруыздар алмасуы бұзылыстарының көріністері:
A. гипопротеинемия
B. гипоаминоацидемия
C. гипогаммаглобулинемия
D. гиперальбуминемия
E. гиперпротромбинемия
38. Бауырлық кома қанда осы зат жиналғанда дамиды:
A. майлардың
B. аммиактың
C. көмірсулардың
D. тығыздығы төмен липопротеидтердің
E. тармақталған аминқышқылдарының
39. Шунттық (экзогендік, жалған) бауырлық кома осы жағдайда дамиды:
A. гепатозда
B. бауырдың некрозында
C. спленомегалияда
D. жіті гепатитте
E. портальді гипертензияда
40. Бауырдың экскреторлық қызметінің бұзылуы осы синдроммен көрінеді:
A. асцит
B. сарғаю
C. цитолиз
D. портальдық гипертензи
E. бауырлық-жасушалық жеткіліксіздік
41. Гемолиздік сарғаюда қанда осының мөлшері көбейеді:
A. өт қышқылдарының
B. тура билирубиннің
C. жанама билирубиннің
D. уробилиногеннің
E. стеркобилиннің
42. Криглер-Найяр синдромы кезіндегі гипербилирубинемия байланысты:
A. гепатоциттердің тасымалдау жүйесінің генетикалық ақауымен
B. глюкоуронилтрансферазаның генетикалық тапшылығымен
C. глутатион-S-трансфераза тура емес билирубинді тасымалдауының бұзылуы
D. гепатоциттердің тура емес билирубинді активті қармап алуының бұзылысы
E. гепатоциттерден тура билирубиннің экскрециясының бұзылуы
43. Созылмалы гепатит дамуының жиі себебіне жатады:
A. саңырауқұлақтар
B. спирохеталар
C. қарапайымдылар
D. бактериялар
E. вирустар
44. Аутоиммунды гепатитке тән белгілерге жатады:
A. пациенттердің егде жаста болуы
B. жүйелік көріністердің болуы
C. вирусты инфекция маркерлерінің болуы
D. ревматоидты фактор титрлерінің төмендеуі
E. гипогаммаглобулинемия
45. Бауырдың циррозына тән белгілер болып саналады:
A. бауыр паренхимасында қанайналымның күшеюі
B. бауырдың қалыпты құрылымының өзгеруі
C. бауырдың бөлшектік құрылымының сақталуы
D. портальді жолдарда фиброздың болмауы
E. коллагенді түзуге қабілеттің болмауы
46. Портальды гипертензияның бауырішілік түрінің себептеріне жатады:
A. бауыр циррозы
B. бауырлық венаның флебиті
C. қақпа венасының тромбозы
D. оң қарыншаның жеткіліксіздігі
E. төменгі қақпа венасының даму ақауы
47. Науқас Р., 57 жаста, алкоголді асыра ішеді, науқастың құрсақ қуысында бос
сұйықтықтың жиналғаны анықталды. Денесінің басқа бөліктерінде ісінулер жоқ.
Асцит және ішінде теріасты веналардың кеңеюі және ирелеңдеуі байқалады. Бұл
белгілер науқаста келесі жағдай дамығанын білдіреді:
A. портальді гипертензия
B. эссенциалық гипертензия
C. симптоматикалық гипертензия
D. кіші қанайналым шеңберінің гипертензиясы
E. қанайналымның созылмалы жеткіліксіздігі
48. Алкоголдің төмен концентрациясы немесе ең аз мөлшері осының салдарынан
асқазан секрециясын ынталандырады:
A. гастрин өндірілуінің азаюының
B. ацетилхолин өндірілуінің азаюының
C. жергілікті тітіркенуінің
D. гистаминаза белсенуінің артуының
E. симпатикалық нерв жүйесі активациялануының
49. Дуодено-гастральді рефлюкс салдарынан ұлтабар ішіндегі құрамның кері
лоқсуын туындатады:
A. асқазанішілік қысымның жоғарылауы
B. төменгі өңештік сфинктертің тонусының жоғарылауы
C. ішекте осмоактивті заттардың мөлшерінің жоғарылауы
D. пилорикалық сфинктердің шамасыздығы
E. асқазанның кардиальді бөлімінің жеткіліксіздігі
50. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрі-дәрмектерді ұзақ уақыт қабылдау
асқазанның сілемейлі қабатында «аспириндік ойық жараны» туындатады. Осы
жағдайда ульцерогенездік қасиеттері осының дамуына әкеледі:
A. D4, Е4 лейкотриендер түзілуінің азаюына
B. Е тобындағы простагландиндер түзілуінің азаюына
C. асқазанның сілемейлі қабатында Н
+
иондарының кері диффизиясының азаюына
D. майда еритін антиоксиданттар түзілуінің жоғарылауына
E. асқазан шырышы өндірілуінің артуына
51. Золлингер-Эллисон синдромы дамуының және ұлтабарда пептикалық ойық жара
пайда болуының негізінде жатыр:
A. асқазанның басты жасушаларының гиперплазиясы
B. асқазанның қосымша жасушаларының гиперплазиясы
C. асқазанның париетальді жасушаларының гиперплазиясы
D. ұйқыбездің гастрин өндіруші өспесі
E. ұйқы бездің глюкагон өндіруші өспесі
52. Науқас А., 48 жаста, созылмалы панкреатиттің кальцификацияланған түрімен
ауырады, ұйқыбезіне резекция жасаған. Науқастың ас мәзірінде осыны шектеуге
қатаң тиым салу тағайындалды:
A. жармалар
B. көкөністік пюре
C. нәруыздық азық-түліктер
D. газдалған сусындар
E. қышқылды сүт өнімдері
53. Шіріткіш ішектік диспепсия осының бұзылуынан дамиды:
A. шырыш секрециясының
B. липидтер сіңірілуінің
C. нәруыздар қорытылуының
D. көмірсулар ыдырауының
E. микроэлементтер сіңірілуінің
54. Жіңішке ішекте шамадан тыс бактериялар өсу синдромының себебі саналады:
A. ахлоргидрия
B. жіті панкреатит
C. бауырүстілік сарғаю
D. гиперацидтік жағдай
E. секреторлық IgА өндірілуінің артуы
55. Ішектік диспепсия синдромының көрінісі саналады:
A. қыжылдау
B. кекіру
C. дисфагия
D. метеоризм
E. гипосаливация
56. Ішекте газдардың артығымен жиналуы осы кезде дамиды:
A. май қышқылдарының тапшылығында
B. ас мәзірінде тағамдық талшықтардың тапшылығында
C. жіңішке ішекте бактериялардың аз болуында
D. саңылауішілік газды шамадан тыс қолданғанда
E. ас мәзірінде қарапайым көмірсулардың артығымен жиналғанда
57. Мальабсорбция синдромы кезінде суда еритін В12 витамині сіңірілуінің
бұзылуынан дамиды:
A. пеллагра
B. деменция
C. іштің кебуі
D. атопиялық дерматит
E. фуникулярлы миелоз
58. Нервтік реттелістің бұзылуы және тежегіш висцеро-висцеральді рефлекстердің
іске қосылуы салдарынан іш қатудың келесі түрі дамуы мүмкін:
A. кологенді іш қату
B. атониялық іш қату
C. спазмдық (рефлекстік) іш қату
D. механикалық іш қату
E. проктогендік іш қату
59. Ішектік аутоинтоксикация дамуының себебі саналады:
A. ішектің эвакуациялық функциясының күшеюі
B. асқазанның пептидтік ферменттері белсенділігінің артуы
C. жіңішкеішек микробүрлерінің жаппай бүлінуі
D. қышқылдығы төмен асқазан сөлінің гипосекрециясы
E. 12-елі ішекке өттің келіп түсуінің азаюы
60. Ішектік аутоинтоксикация патогенезінде келесі уытты заттардың ағзалар мен
жүйелерге әсері маңызды:
A. кетондық денелердің
B. антиоксиданттардың
C. өт қышқылдарының
D. тура емес билирубиннің
E. нәруыздардың шіріткіш өнімдерінің
61. Науқас С., 30 жаста, тексеру барысында HBV ДНҚ анықталды. Осы вирустың
ерекшелігі саналады:
A. жанасулықтың төмен болуы
B. жұғудың энтеральді жолы
C. тікелей гепатоцитолиздік әсері
D. HBV антиденелердің титрі анықталғанда қайталап жұғу мүмкіндігінің болуы
E. вирусты ДНҚ-ның РНҚ молекуласымен транскрипциялану мүмкіндігінің болуы
62. Порталдық гипертензия синдромы кезінде асцит дамуының басты патогенездік
факторы саналады:
A. қанда онкотикалық қысымның жоғарылауы
B. бауыр веналарында өткізгіштіктің артуы
C. қақпалық веналар жүйесінде гидростатикалық қысымның жоғарылауы
D. ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйелердің тежелуі
E. бауырда лимфа түзілуінің азаюы
63. Тамақтану режимі мен сапасының бұзылуы, асығып тамақтанғанда тағамды
дұрыс шайнамау және шайнау аппаратының дефектінің салдары әкеледі:
A. асқазан сөлінің түзілуінің артуына
B. панкреатикалық сөлдің түзілуінің жоғарлауына
C. панкреатикалық сөлдің рефлекстік бөлімнің артуына
D. асқазан сөлінің рефлекстік бөлімнің төмендеуіне
E. асқазанда асқорытудың баяулауына
64. Гиперсекреция және гиперхлоргидрия жағдайында ас қорытудың бұзылысына
тән:
A. іштің қатуы
B. қатпаршаның ұзақ уақыт аралығында жабылмауы
C. ішектің күшейтілген перистальтикасы
D. дуоденальді ас қорытудың бұзылысы
E. функциялық демпинг-синдромының дамуы
65. Функциялық диспепсия кезінде диспепсия әйгілінімдерінің пайда болуы
осымен байланысты:
A. гастроэзофагеальды рефлюкстің
B. асқазанды өспелік зақымдану
C. висцеральды гиперсенситивтілігі
D. ішектің төменгі бөлігінің перистальтикасы бұзылуы
E. асқазанда созылмалы қабынулық процесстің болуы
66. Функциялық диспепсия кезінде постпрондиальды дистресс-синдромның пайда
болуында бастапқы патогенездік факторы болып саналады:
A. зат алмасудың өзгеруі
B. тұз қышқылының гиперсекрециясы
C. гастродуоденальды моториканың бұзылуы
D. 12-елі ішекте Нelicobacter pylori инфекциясы
E. созылуға асқазан қабырғасының сезімталдық межесінің өсуі
67. Стресс кезінде асқазанда ойықжаралық дефект пайда болуының негізгі
механизмі:
A. сілемейлі қабаттың ишемиясы
B. сілемейлі қабаттың гиперемиясы
C. эпителийдің регенерациялық қабілетінің күшеюі
D. асқазан сілемейінің артық өндірілуі
E. эндорфиндердің артық өндірілуі
68. Асқазан сөлінің бактерицидті әсеріне Helicobacter pilori-дің төзімділігі осыған
байланысты:
A. бактерияның төменгі каталазды белсенділігіне
B. сілемейлі қабатында тіршілік етуге бейімділігіне
C. асқазанның сілемей асты қабатының бейімділігіне
D. бактерияның зәрнәсілді байланыстыру қабілетіне
E. сілемейлі қабатты бұзу қабілетіне
69. Ахлоргидрия, пернициозды анемия, ваготомия және Золлингер-Эллисон
синдромында АПУД-жүйесіндегі осы гормонның деңгейі жоғарлайды:
A. гастрин
B. мотилин
C. секретин
D. нейротензин
E. соматостатин
70. Демпинг-синдромының патогенезінде маңызды:
A. айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы
B. гипергликемияға ауысатын гипогликемия
C. асқазан тұқылынан астың аш ішекке эвакуациясының жылдамдауы
D. аш ішек қабырғасындағы рецепторлардың сезімталдығының төмендеуі
E. мезентериальды тамырлардың өткізгіштігінің төмендеуі
71. Тамақтан соң ацинарлық жасушалармен ферменттердің 70-80% бөлінуін
қамтамасыз ететін панкреатикалық секрецияның стимуляторон атаңыз:
A. глюкагон
B. пептид YY
C. соматостатин
D. холецистокинин
E. панкреатикалық полипептид
72. Науқас асқазан тұсының ауыратынына шағымданады. Ауыру сезімі сол аяғына
беріледі және науқасты салмағының азаюы, ішінің өтуі, жүрек айнуы мазалайды.
Ұлтабардағы панкреатикалық ферменттердің концентрациясы өте төмен. Нәжісті
микроскопиялық зерттегенде көлденең жолақты, ядросы сақталған бұлшықеттік
талшықтар анықталды. Бұл осыны айғақтайды:
A. амилорея
B. креаторея
C. лиентерея
D. стеаторея
E. китаринорея
73. Майлы және етті тағамдарды жеген соң нәжісте стеаторея мен бұлшықет
талшықтарының пайда болуы осыны растайды:
A. гиперхолияны
B. ахлоргидрияны
C. гиперацидті
D. панкреатикалық ахилияны
E. ұйқы безі сөлінің гиперсекрециясы
74. 52 жасар науқас С., белін баурап тарайтын іштің жоғарғы аймағында пайда
болған ауырсынуға, жүрек айнуына, лоқсуына, ауыздың құрғауына, әлсіздікке
шағымданады. Ауыру ұстамалары кешке қарай майлы және көп тамақ ішкен соң
пайда болды. Анамнезінде – өттас ауруы. Қанда - жалпы панкреатикалық
липазаның және амилазаның жоғарлауы. Берілген біртектес дерттік жағдайдың
патогенезінде бастапқы түйіні саналады:
A. бездің инфекциялық зақымдануы
B. трипсиногеннің трипсинге трансформациясының бұзылыстары
C. ацинарлы жасушалардан липазаның шығарлуының қиындауы
D. панкреатикалық ферменттердің мезгілінен бұрын белсендіруі
E. өзінің ферменттеріне бездердің толеранттылығының жоғарлауы
75. Науқас тұзды іш айдатын заттарды ұзақ пайдаланудан іш өтуі байқалды. Нәжіс
талдамасы: нәжісі сұйық, көп мөлшерде, түсі қара, құрамында көп мөлшерде
қорытылмаған тағам қалдығы бар. Науқаста диарея дамыды:
A. гиперосмолярлы типті
B. гиперсекреторлы типті
C. гипокинетикалық типті
D. гиперкинетикалық типті
E. гиперэкссудативті типті
76. Ашішектің сіңірілу қабілетін айқындайтын ең тиімді жүктемелік сынама жасау
үшін қолданылады:
A. лактаза
B. глюкоза
C. глицин
D. галактоза
E. D-ксилоза
77. Жаңа туылған нәрестені бірінші рет емшек сүтімен қоректендірген соң нәжісі
сұйық, көбіктенген, қышқылды иісі болды. Әкесінде лактозаны көтере
алмаушылығы бар, сондықтан сүтті ішкенде іш өтумен, метеоризмнің болуы және
іш аймағында ауырсынумен байқалады. Дисахаридті жеткіліксіздік кезінде
диареяның дамуында негізгі механизмі болып саналады:
A. ішекте бактериялардың өсуінің тежелуі
B. өт қышқылын сіңірлуінің төмендеуі
C. ішек саңылауына плазма ақуыздарының көп шығуы
D. ішекте осмостық белсенді заттардың жиналуы
E. панкреатикалық ферменттердің инактивациясы
78. Көмірсулар қорытылуының бұзылуын дамығанын растайды:
A. құсу
B. қыжылдау
C. метеоризм
D. мелена
E. іш қату
79. Науқас бес күн бойы үлкен дәретке бара алмағына, іш аумағы ауырсынуының
күшеюіне шағымданады. Іші ұлғайған, ішектің перистальтикасы байқалмайды.
Анамнезінде: үш жыл бұрын флегмонозды аппендицит бойынша операция
жасаған.Осы патологияда тұз-су алмасуы бұзылыстарының өзгерістері саналады:
A. анасарка
B. гиперволемия
C. дегидратация
D. бикарбонаттардың артығымен жиналуы
E. натрийдің организмде кідіруі
80. В1 гиповитаминозы, тағамда калий мен кальций тұздарының тапшылығы,
талшықтардың жеткіліксіздігі, асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы кезінде
іш қатудың осы түрі дамиды:
A. әдетдегідей
B. атониялық
C. спастикалық
D. проктогенді
E. интоксикациялық
81. Өт түтіктерінің таспен механикалық бітелуі, өт шығару жолдарының
қабырғасындағы бұлшықеттік құрылымның зақымдалуы, сыртқы өтқалта
жыланкөздің дамуы кезінде өттің жоғалуының салдары болып табылады:
A. ішек моторикасының жылдамдауы
B. панкреатикалық сөлдің секрециясының кушеюі
C. А, Д, Е, К витаминдерінің сіңірілуінің күшеюі
D. су мен электролиттердің сіңірілуінің нашарлауы
E. ішек микрофлорасының белсенділігінің бұзылуы
82. Холестаз синдромын нақтылау үшін қанда анықтаудың маңызы зор:
A. АЛТ
B. темірді
C. альбуминдерді
D. сілтілі фосфатазаны
E. тура емес билирубинді
83. Бауыр циррозы тіркелген пациентте егу орнында, теріні қасыған жерлерінде
қанталау, мұрыннан, қызыл иектен қан кетулер, гематурия байқалды.
Геморрагиялық синдром дамуын немен байланыстырса болады:
A. плазмин түзілуі азаюымен
B. протромбин түзілуі азаюымен
C. антитромбин–III түзілуі жоғарылауымен
D. С протеині түзілуі жоғарылауымен
E. мочевина түзілуі жоғарылауымен
84. Науқас дене температурасының көтерілуіне, оң жақ қабырға астының
ауырсынуына, жүрек айнуына, аузының құрғауы мен күйдіру сезімінің
туындауына, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданды. Терісі мен сілемейлі
қабаттары сағыштанған. Бауыр биопсиясынан белсенді гепатиттің белгілері
анықталған. Науқаста сарғаюдың келесі түрі дамыған:
A. тұқымқуалайтын энзимопатиялар
B. паренхиматозды сарғаю
C. обтурациялық сарғаю
D. бауырүстілік сарғаю
E. бауырастылық сарғаю
85. Вирусты бауыр циррозының асқынуы салдарынан науқаста спленомегалия,
асцит, өңеші мен асқазанында көктамырлардың варикоздық кеңеюі, «Медузаның
басы», геморрой (айлан) пайда болды. Науқаста пайда болған синдромның дамуы
осы бұзылыспен байланысты:
A. бауырдың веналық арнасының бүлінуімен
B. бауырлық көктамырлардан қан келудің күшеюімен
C. порталды жүйелерде қан сарысуы мөлшерінің азаюымен
D. порталды жүйелерде веналық қарсыласудың азаюымен
E. артериялық-веналық анастомоздар арқылы қанағыстың азаюымен
86. 60 жасар ер адам, 30 жыл бойы созылмалы алкоголизммен ауырады. Кеуделік
және ішперде қабырғасының тері асты тамырының кеңеюі байқалады. Зерттеу
кезінде бауыры тығыз, беткейі бұдырлы, спленомегалия. Науқастың қанында
осының деңгейі төмендейді:
A. аммиактың
B. альбуминнің
C. билирубиннің
D. аминқышқылдардың
E. кетонды денешіктердің
87. Өт қапшығының қабынулық процестерінде өттің коллоидты қасиеті бұзылады.
Бұл өтте тас байлануына әкелуі мүмкін. Негізінен қай заттектің кристалдануы тас
пайда болуына ықпал етеді:
A. урат
B. оксалат
C. холестерин
D. фосфат
E. хлорид
88. Қаны I топты науқасқа III топтың қанын құйды. Кенет әлсіздік, бас айналуы,
ентікпе, жүрек соғуының жиілеуі байқалды. Ақ қабығы және шырышты қабаттар
сары түсті. Қанда анемия анықталды. Науқаста дамыған сарғаюдың түрін
анықтаңыз:
A. бауырастылық
B. бауырүстілік
C. энзимопатиялық
D. механикалық
E. бауырлық
89. Науқаста өттас ауруының салдарынан билиарлы гепатит дамыған. Қанда өт
қышқылдары мен тура билирубиннің мөлшері жоғарылаған. Клиникалық көрінісі
келесі өзгерістермен бақалады:
A. іш қатумен
B. стеатореямен
C. тахикардиямен
D. терінің қышуымен
E. артериялық гипертензиямен
90. Бауырдың алгогольді циррозымен ауыратын науқаста сарғаю, ұйқышылдық
байқалған, қан құсқан. Қан анализінен анемия, лейкопения, тромбоцитопенияны
анықтаған. Бауыр циррозында панцитопенияның дамуы байланысты:
A. гепатомегалиямен
B. гиперспленизммен
C. сүйек кемігінің миелофиброзымен
D. сүйек кемігінің ісіктік өсуімен
E. бауырда прокоагулянттар түзілуінің азаюымен
91. Қан
құрамында
тура
фракциялардың
басым
болуы
есебінен
гипербилирубинемия байқалады, уробилиноген, тимолдық сынама оң, АЛТ және
АСТ жоғарылаған. Зәр анализінде тура билирубин, өт қышқылдары,
уробилиноген. Нәжісте стеркобилинге реакция теріс. Көрсетілген деректер
бойынша сарғаюдың қай типі дамыған:
A. обтурациялық типі
B. гемолитикалық типі
C. энзимопатиялық типі
D. паренхималық типі
E. Іркілулік типі
92. Жаңа туған нәрестеде асқазан құрамының өнешке және ауыз қуысына қарай
өздігінен кері лықсуы байқалады. Осы жастағы лоқсудың дамуы байланысты:
A. асқазанның пилорустық бөлімінің жеткіліксіздігімен
B. асқазан сөлінің қышқылдығы төмен болуымен
C. төменгі өңештік сфинктердің тонусының төмен болуымен
D. асқазан сөлінің бактерицидтік әсерінің жоғары болуымен
E. асқазаннан ұлтабарға тағам құрамының жылдам эвакуациялануымен
93. Науқас О., 56 жаста, Н.pylori қосарланған асқазан ойық-жара ауруымен ауырады.
Асқазанның секрециялық функциясына зерттеу жүргізілді: базалдық фракция - 180
мл/сағ (қалыпты жағдайда 50-100 мл/сағ), базалдық өнімнің жалпы қышқылдығы - 90
бірлік (қалыпты жағдайда 40-60 бірлік). Көрсетілген асқазанның секрециялық
функциясының бұзылуын осының артығымен түзілуі туындатады:
A. дофаминнің
B. гистаминнің
C. серотониннің
D. соматостатиннің
E. холецистокининнің
94. Созылмалы панкреатитпен сырқаттанған науқаста ішектік диспепсия синдромы
дамыды. Бұл, ең алдымен осымен түсіндіріледі:
A. гастродуоденальді моториканың бұзылуымен
B. жақтаулы жасушалардан HCL бөлінуінің бұзылуымен
C. ацинарлы жасушалардан панкреатикалық сөл бөлінуінің артуымен
D. жуанішектің микрофлорасында анаэробты бактериялардың басым болуымен
E. панкреатикалық сөлдің ферменттік белсенділігінің төмендеуімен
95. Науқас Л., 56 жаста, эпигастральді аумағының қатты ауырсынуымен қатар
«кофе тәрізді» құсуына шағымданады. Тексеріп қарағанда асқазанның антральді
бөлімінде ойық жараның пайда болғаны анықталды. Анамнезінде: 2 типті қантты
диабет. Осы жағдайда асқынудың мысалы болып табылады://
A. ауырсыну
B. құсу
C. қантты диабет
D. асқазанның антральді бөлімінің ойық жарасы
E. асқазаннан қан кету
96. Науқас В., 45 жаста, гастрин өндіруші өспемен бірге тағам қабылдауға тәуелді
емес және ашығумен басылмайтын диярея пайда болды. Нәжісі көлемді, сулы,
құрамында натрийдің мөлшері өте көп. Осы өзгерістер келесі диарея түрінің
дамығанын нақтылайды://
A. моторлық түрінің
B. осмолярлық түрінің
C. секрециялық түрінің
D. экссудативті түрінің
E. дискинездік түрінің
97. Бауырдың созылмалы диффузиялық ауруларында прокоагулянттар түзілуінің
бұзылуымен байланысты жүре пайда болған гемостазиопатилар жиі дамиды. Қан
ұюдың қандай факторының төмендеуі, әдетте бауыр патологиясымен
қосарланбайды:
A. фибриногеннің (I фактор)
B. протромбиннің (II фактор)
C. проакцелериннің (V фактор)
D. проконвертиннің (VII фактор)
E. антигемофильді глобулиннің (VIII фактор)
98. Тері жамылғыларының сарғаюы, терінің қышынуы, ксантелазмдер, тура
билирубин мен сілтілік фосфатазаза мөлшерінің жоғарылауы осыған тән:
A. бауырлық сарғаюға
B. бауырүстілік сарғаюға
C. бауырдан тыс холестазға
D. Криглер-Найяр синдромына
E. Жильбер синдромына
99. Науқас К., 38 жаста, персистенцияланған HBV инфекциясынан туындаған
созылмалы бауыр ауруымен ауырады. Осы вирустың қарқынды репликациялануы
жайлы куәлендіреді:
A. HBsAg жойылуы
B. HBV ДНҚ концентрациясының азаюы
C. сілтілі фосфатаза белсенуінің өршуі
D. АлАТ, АсАТ белсенділігінің артуы
E. тура емес билирубиннің жоғарылауы
100. Созылмалы гепатитпен (HBV) ауыратын науқаста вирустың белсенді
репликациясы анықталды. Науқасқа этиотропты емдеу жүргізу үшін осыны
тағайындау қажет:
A. антибиотиктерді
B. гепатопротекторларды
C. иммунодепрессанттарды
D. өт айдайтын дәрі-дәрмектерді
E. қабынуға қарсы дәрі-дәрмектерді
101. Науқас Ф., 30 жаста, ұзақ уақыт бойы парентеральді есірткілерді қабылдаған,
5 жыл бұрын науқаста anti-HCV сынаманың оң болғаны анықталған және HCV РНҚ
табылған. Осы бауыр ауруына тән болып саналады:
A. гепатоциттер некрозының дамуы
B. бауырдың бөлікшелік құрылымының сақталуы
C. өңештің кеңейген веналарынан қан кетулер
D. бауырдың қалыпты архитектоникасының қайта құрылуы
E. аномальді регенераторлық түйіндердің түзілуі
102. Науқаста гиперацидтік жағдай, ол тамақ жегеннен 10-15 минөт өткенде
эпигастрий аумағында қыжылдау және ауырсыну сезімі пайда болуына
шағымданады. Ас қорыту жүйесіндегі дерттің біртектес түрінің қайсысында осы
белгілер байқалады?:
A. кардиальді сфинктердің жеткіліксіздігінде
B. асқазандағы қысым төмен болғанда
C. гастродуоденальді рефлюксте
D. кардия ахалазиясында
E. ахилияда
103. Науқас тәбетінің болмауына, іштің кебуіне, жүдеуіне, жалпы әлсіздікке, бас
айналуына шағымданады. Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы -0 ммоль/л, бос тұз
қышқылы - 0 ммоль/л. Осы жағдайда асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылуы
келесі өзгерістерді:
A. іш қатуды
B. пилорустың спазмы
C. кардиалды сфинктердің тарылуын
D. ішек перистальтикасының жылдамдауын
E. антралды стазды туындатады
104. Тамақтанғаннан соң 30 минут өткеннен кейін науқас асқазан аумағының
ауырсынуына, кекіруге, жүрек айнуына шағымданды. 5 жыл бойы асқазан аумағы
ауырсынған. Осы ауруы жылына екі рет, яғни күзгі және қысқы кезеңдерде
асқынады. Тексеріп қарағанда пилорус аумағында ойық жара анықталды. Осы
аурудың патогенезінде маңызды рөл атқарады:
A. регионарлы қанағымның бұзылуы
B. гастро-дуоденалды қимыл-қозғалыстың бұзылуы
C. қышқылдық-пептидтік агрессиялық факторлардың күшеюі
D. сілемейлі қабықтың қорғаныстық қызметінің нашарлауы
E. антиоксиданттық қорғаныстың әлсіреуі
105. Науқас, 65 жаста, суық тиюге қарсы ацетилсалицил қышқылын үлкен
мөлшерде қабылдауынан, тамақ ішкен соң әсіресе түнгі уақытта жүрек айну мен
қан аралас құсуға, сонымен қатар эпигастрий аумағындағы болатын ауру сезіміне
шағымданды. Бұл симптомдардың дамуы аспиринді қабылдағанмен байланысты,
өйткені:
A. сілемейдің дамуын күшейтеді
B. Е тобының простагландиндерінің түзілуін арттырады
C. асқазан сілемейіне Н
+
кері диффузиясын жоғарлатады
D. серотониннің, гистаминнің бөлінуін тежейді
E. G-жасушалар санын төмендетеді
106. 15 жыл бойы асқазанның ойық жарасымен сырқаттанатын науқас соңғы 2
айда тамақ ішкеннен кейін эпигастия аймағының ісіп кететінін, кекіру және жеген
тамағын құсып тастайтынын айтады. Салмағы азайған. Тексергенде асқазан
тұсында солдан оңға қарай бағытталған перистальтика байқалады. Бұл белгілер
ойық жара ауруының асқынуларының қайсысына тән:
A. ойықжараның пенетрациясы
B. ойықжараның тесілуі
C. ойықжараның малигнизациясы
D. асқазаннан қанкету
E. органикалық пилородуоденалық стеноз
107. Асқазанның субтотальді резекциясы жасалған науқас, тамақ ішкеннен кейін
әлсіздік, бас айналуы, тахикардия, артериялық гипотензия дамитынына
шағымданады. Осымен қатар, гипергликемия, гипернатриемия, гипокалиемия
байқалады. Осы клиникалық-лабораториялық белгілер науқаста дамығанын
айғақтайды:
A. демпинг-синдром
B. алып келуші имек синдромы
C. асқазан-ішек жыланкөзі
D. гастроэнтероанастомоздың тыртықпен тарылуы
E. операция жасалған асқазанның пептидті ауруын
108. Өттас ауруымен сырқаттанған науқаста іштің кебуі, жүдеуі, жиі іш өтуі,
құсуы сияқты шағымдар пайда болған. Нәжісте көп мөлшерде бұлшықет
талшықтары мен май тамшылары анықталды, дуоденальді сөлде кенеттен
ферменттер құрамы азайған. Жоғарыда көрсетілген симптомдардың пайда болу
механизмі осының дамуымен байланысты:
A. портальды гипертензияның
B. холемиялық синдромның
C. гиперацидті жағдаймен
D. органикалық асқазандық ахилиямен
E. панкреатикалық жеткіліксіздікпен
109. Науқас сол жақ қабырға астының батып сыздап ауырсынуына, метеоризмнің
дамуына шағымданды. Көп мөлшерде майлы үлкен дәретке тәулігіне 3-4 рет
барады. Соңғы жылдары науқас 15 кг салмақ тастаған. Тәулігіне нәжіспен бірге 15г
май жоғалтады. Трипсиннің максимальді белсенділік көрсеткіші қалыпты
жағдайдан 5 есеге азайған. Осы аурудың орыналмастырушы терапиясы үшін
анықтаушы фермент болып табылады:
A. пепсин
B. липаза
C. амилаза
D. протеаза
E. нуклеаза
110.
Науқаста вирусты В гепатиттің ағымы ауыр түрі. Есі шатасқан, аузынан бауыр
иісі шығады, геморрагиялық диатез анықталды. Науқастың қанын
тексергенде - гипоальбуминемия, гипофибриногенемия, гипербилирубинемия,
гипераммониемия байқалды. Осы өзгерістер тән:
A. шунтты комаға
B. ахолиясиндромына
C. холемиялық синдромына
D. бауыр-жасушалық комаға
E. порталды гипертензия синдромына
111. Науқас көп жылдар бойы оңжақ қабырға асты аумағындығы ұстамалы
ауырсынуына шағымданады. Терісі мен сілемейлі қабаттары сарғайған, зәрінің түсі
қара, нәжісі түссіз. УДЗ-де өт қапшығында тас табылған,олардың біреуі шығатын
түтіктің саңылауын бітеген. Науқаста қандай синдром дамуы мүмкін?
A. асцит
B. холемиялық
C. гиперхолиялық
D. бауырүстілік сарғаю
E. порталды гипертензия
112. Сарғаю, гепатомегалия, ахолиялық нәжіс, «сыра» тәрізді қоңыр түсті зәр,
терінің қышуы, ауызда ащы дәмнің болуы, қанда сілтілі фосфатаза, 5-нуклеотидаза,
гамма-глутамил-транспептидазаның жоғарлағаны анықталған. Осы өзгерістердің
клиникалық-лабораторлық көрінісі болып табылады:
A. цитолиздік синдром
B. гепатопульмональды синдром
C. бауырлық-жасушалық жеткіліксіздік синдром
D. мезенхималық-қабынулық синдром
E. холестаздық синдром
113. 42 жастағы науқас, хирургиялық бөлімшеге түсті, оңжақ қабырға асты
аумағындығы ұстамалы ауырсынуға, терінің сарғаюына, кышуына, жалпы
әлсіздікке және қозғыштыққа шағымданды. Зәр түсі жасыл-сары, көпіршіктенген,
зәрде стеркобилин жоқ. Нәжіс сұр түсті. Науқастың сары суында қандай өзгерістер
анықталуы мүмкін?
A. уробилиннің жоғарылауы
B. стеркобилиннің жоғарылауы
C. тікелей емес билирубиннің жоғарылауы
D. тікелей билирубиннің жоғарылауы
E. аралас гипербилирубинемия
114. 38 жастағы науқас, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, жүрек айнуына, ақ қабық
пен шырышты қабаттардың, терінің сарғаюына шағымданды. Осы әйгіленімдер
катаральді өзгерістер жағдайында байқалды. Зерттеу кезінде зәр түсі қоңыр,
көпіршікті, көп мөлшерде билирубин және уробилин анықталды. Нәжіс әлсіз
боялған. Науқастың сары суында қандай өзгерістерді анықтауға болады?
A. биливердинемия
B. стеркобилинемия
C. аралас гипербилирубинемия
D. тікелей билирубин есебінен гипербилирубинемия
E. тікелей емес билирубин есебінен гипербилирубинемия
115.
Науқастың анамнезінде бауыр циррозы. Пневмонияны емдеу үшін
тетрациклин қатарындағы антибиотиктерді ұзақ уақыт қолданғаннан кейін
науқастың жағдайы кенеттен нашарлады. Науқас есінен танып қалды. Кан
талдамасында АЛТ және АСТ мөлшері жоғарылаған, холестерин азайған.Осы
жағдайға тән бұзылыстармен қатар, қанда келесі өзгерістер:
A. альбуминдердің көбеюі
B. ароматты аминқышқылдардың көбеюі
C. тармақталған аминқышқылдардың көбеюі
D. билирубин мен меркаптанның азаюы
E. аммоний мен аммиактың азаюы
116. Науқас А., 42 жаста, алкогольмен әуестенеді, диагнозы гепатит С. 7 жылдан
кейін науқаста бауыр циррозы дамыған, асцит және аяқтарының ісінуі байқалады.
Ісінулер дамуының негізінде қан құрамының келесі өзгерістері жатыр:
A. гипогликемия
B. гипоглобулинемия
C. гипоальбуминемия
D. гипобилирубинемия
E. гипохолестеринемия
117. Қақпалық венада жүйесінің қанайналымның бұзылыстарынан дамитын
аурулардан туындаған гепатолиенальды синдром кезінде алғашқы симптомдары
болып табылады:
A. сарғаю
B. портальды гипертензия
C. бауырлық-жасушалық жеткіліксіздік
D. геморрагиялық синдром
E. холемиялық синдром
118. Бауыр циррозымен ауыратын науқас дене тұрысының горизонтальді
жағдайдан вертикальді жағдайға ауысқанда күшейетін ентікпеге, цианозға
шағымданды. Саусақтары дистальды фалангылары «барабан таяқшасы» тәрізді
өзгерген. Зерттеу кезінде портальды гипертензия, гипердинамиялық түрдегі
қанайналым, гипоксемия анықталған. Бұл көрсеткіштер осыған тән:
A. гепаторенальды синдромға
B. гепатолиенальды синдромға
C. ілкі холестаздық синдромға
D. гепатопульмональды синдромға
E. гепатоцеллюлярлы синдромға
119. Науқас П., 50 жаста, соңғы жылдары оң жақ қабырға астының ауырсынуына,
жалпы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, дене температурасының 37,5-37,8°С
тұрақты
көтерілуіне
шағымданады.
Тексеріп
қарағанда
гепатомегалия,
спленомегалия
анықталған.
Қанда
ЭТЖ
жылдамдаған,
γ-фракциясының
жоғарылауымен диспротеинемия, С-реактивті нәруыздың және IgG мөлшерінің
жоғарылағаны байқалған, билирубиннің мөлшері қалыпты. Анықталған көрсеткіштер
осының дамуы жайлы куәлендіреді:
A. сарғаю синдромының
B. цитолиздік синдромның
C. бауырдан тыс холестаз синдромының
D. бауырішілік холестаз синдромының
E. мезенхимальді-қабынулық синдромның
120. Науқас Р., 48 жаста, гепатология орталығында тексеріп қарағанда аралас
гипербилирубинемия,
аланинаминотрансфераза,
аспартатаминотрансфе-раза,
глутамат-дегидрогеназа,
сорбитдегидрогеназа,
орнитинкарбамоил-трансфераза
фетменттерінің белсенділігі жоғарылағаны анықталған. Бауырлық синдромдардың
біріне тән анықталған биохимиялық өзгерістер осы жайлы куәлендіреді:
A. холестаздың айқындылығын
B. бауырдың иммундық қабынуын
C. бауырдың нәруыз-түзуші функциясы
D. бауырлық-жасушалық жеткіліксіздік
E. патологиялық процесстің белсенуі
121. Науқас Г., 55 жаста, соңғы 3 жыл бойы тез шаршағыштыққа, тірісінің
қышынуына, терісінің сарғаюына шағымданады. Тексеріп қарағанда тура
билирубин фракциясының жоғарылауынан гипербилирубинемия, сілтілі фосфатаза
және гамма-глютамилтранспептидаза мөлшері көбейген, гепатоциттердің
минтохондриясының ішкі мембранасындағы ферменттерге антиденелер (IgG)
табылған. Осы клиникалық-зертханалық көрсеткіштер тән:
A. бауырүстілік сарғаюға
B. энзимопатиялық сарғаюға
C. бауырдың порталдық циррозына
D. бірінші реттік билиарлық бауыр циррозына
E. екінші реттік билиарлық бауыр циррозына
122. Науқас А., 45 жаста, айқын белсенділігі бар созылмалы алкогольдік
гепатитпен ауырады. Науқаста бауыр циррозының даму қаупі жоғары. Аурудың
даму сатылары мен ауырлық дәрежесін анықтау үшін, ең алдымен осыны бағалау
қажет:
A. HBsAg және anti-HBs сынамасын
B. АлАТ және АсАТ мөлшерінің жоғарылауын
C. билирубиннің тура фракциясының жоғарылауын
D. бауырдың өлшемі мен тығыздығының өзгеруін
E. бауырда фиброздың даму деңгейін
123. Науқас С., 17 жаста, эмоциялық және физикалық жүктемеден кейін терісі мен
сілемейлі қабаттарының сарғаюына және тез шаршағыштыққа, оңжақ қабырға
астының ауырсынуына шағымданады. Қанның жалпы анализі қалыпты жағдайда.
Қанның биохимиялық анализінде билирубин мөлшері – 78,5 мкмоль/л (тура
фракциясы 3,5 мкмоль/л), амино-трансфераза мен сілтілі фосфатаза мөлшері
қалыпты, глюкуронилтрансфераза ферментінің белсенділігі төмендеген, Кумбс
сынамасы теріс. Осы бауыр патологиясы дамуының негізінде жатыр:
A. өтшығару жолдарының бұзылуы және қандағы тура билирубиннің рефлюксі
B. қаннан тура емес билирубинді қармап алудың және оның тасымалдауының,
конъюгациялануының бұзылуы
C. гепатоциттердің
өттік
полюсі
арқылы
тура
емес
билирубиннің
экскрециялануының бұзылуы
D. сүйек кемігінде эритроциттердің жетілмеген ізашарларының гемолизінің
күшеюі
E. өтшығару жолдары бұзылуымен бауыр бөлікшелеріндегі эпителийдің
зақымдануы
Достарыңызбен бөлісу: |